Жаңалықтар

Академияда әлеуметтік шиеленістерді басқару бойынша семинар өтіп жатыр

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 2017 жылдың 5 – 9 маусымы аралығында шетелдік сарапшылар Алан Хадсон (Ұлыбритания) және Татяна Дронзина (Болгария) «Әлеуметтік шиеленістер. Шиеленістерді басқару» тақырыбында біліктілікті арттыру семинарын өткізіп жатыр.

Семинарға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік қызметшілері, ҚР облыстарының аудан және қала әкімдері мен әкім орынбасарлары қатысуда.

Семинардың мақсаты мемлекеттік қызметшілерге шиеленістерді реттеу және басқару бойынша құралдар мен дағдыларды игерту болып табылады.

Алан Хадсон Оксфорд университетінің көшбасшылық және мемлекеттік саясат бағдарламалары жөніндегі директоры болып табылады.

Қытай Халық Республикасының министрліктерді қоса алғанда, муниципиальды, провинциалды, ұлттық деңгейіндегі 5000-нан аса мемлекеттік қызметшілері мен кәсіпкерлері оқудан өткен мемлекеттік саясат және мемлекеттік басқару бойынша оқыту бағдарламаларын әзірлеумен айналысады. А. Хадсон Қазақстанда, Сингапурда, Швецияда, Испанияда, Гонконгта, АҚШ-та, Ресейде, Латын Америкасында, Үндістанда және басқа елдерде көптеген тренингтер өткізген. Сонымен қатар, Шанхай қаласында өткен «ЭКСПО-2010» көрмесінің урбандалуға және қала өміріне ықпалын зерттеу бойынша ғылыми жоба жүргізген.

Татьяна Дронзина – Әулие Климент атындағы София университетінің саяси ғылымдар кафедрасының профессоры. Педагогикалық тәжірибиесі өте мол, Қазақстанда, Доминикан Республикасында, Болгарияда, Венгрияда, Испанияда, Италияда оқыту семинарларын өткізген. Татяна «Медиация», «Қақтығыстарды талдау негіздері», «Терроризмнің әйел келбеті», «Қақтығыстарды болдырмау»: трендтері мен құралдары» сияқты кітпатардың авторы. 2015 жылғы «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалінің алтын иегері.

Семинар барысында келесідей сұрақтар қарастырылатын болады: Әлеуметтік шиеліністердің өзгермелі түрі, әлеуметтік шиеліністер контекстіндегі көшбасшылық мәні мен мәселелері, медиация шиеленістерді зорлықсыз реттеу құралы ретінде, Қазақстандағы шиеленістердің түрлері: мәдениетаралық, еңбек, лаңкестік және радикализация мәселелері және т.б.

Семинар аяқталған соң тыңдаушылар әлеуметтік шиеленістерді реттеу және басқару бойынша негізгі құралдар мен дағдыларды игереді деп күтілуде.

Семинар соңында тыңдаушыларға сертификаттар табысталады.


Your browser does not support SVGs