2017 жылдың 16-17 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілер үшін қайта даярлау курсының аяқталу кезеңі өтті.
Аяқталу кезеңінде тыңдаушылар қашықтықтан оқу кезінде дайындаған жобалық жұмыстарын презентациялады, сонымен қатар интеллект-карталар бойынша тренингтен өтті.
Жоба тақырыптары «А» корпусы тыңдаушыларының кәсіби жұмысымен тығыз байланысты болды, олар мемлекеттік органдар қызметінде жобалық басқару құралдарының тиімді қолданылатынына көз жеткізді.
Тыңдаушылардың оқу барысында онлайн режимде туындаған сұрақтарға жауап алуға және кеңестер алуға мүмкіндіктері болды.
Аталған курс бағдарламасын әзірлген және іске асырған, экономика ғылымдарының докторы, Академияның Басқару институтының профессоры –Жанболат Қазиұлы Даухарин.
Интеллект-карталар бойынша тренингті «НИКА» Коммуникативтік дамыту орталығының тренері, Риторика және шешендік өнер Мәскеу университетінің жетекші тренер-лицензиаты – Жанна Досбекқызы Ибраева өткізді.
Курс аяқталар алдында тыңдаушылар Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік органдарыың өкілдерімен және «Атамекен» ҰКП-ның қызметкерлерімен кездесті. Бірқатар проблемалы сұрақтар талқыланып, маңызды сұрақтарға жауап алынды.
Курс аяқталған соң тыңдаушыларға куәліктер тапсырылды.