Жаңалықтар

Академияда «Адалдыққа жолы» жобасын таныстыру рәсімі өтті

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Адалдыққа жолы» жобасын таныстыру рәсімі өтті.

Жобасының мақсаты — мемлекеттік қызметшілерді адалдыққа, әділдікке, жалпы жұрт таныған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға шақыру.

Спикерлері ретінде Академияның ректоры Жақыпова Фатима Надырқызы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Муксимов Салауат Силибайұлы сөз сөйледі.

Таныстыру рәсімі барысында мемлекеттік қызмет аясының өзекті мәселелері, мемлекеттік басқарудың шетелдегі органдарын сәтті іске асыру тәжірибесі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әдістері туралы пікір алысу болды.


Your browser does not support SVGs