Жаңалықтар

Академияда БҰҰ Бас Хатшысының саяси кеңесшісі Мирослав Енчтің қонақ лекциясы ұйымдастырылды

6 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында БҰҰ Бас Хатшысының саяси кеңесшісі Мирослав Енчтің және БҰҰ Бас Хатшысының Арнайы Өкілі, Орталық Азиядағы БҰҰ алдын алу дипломатиясы Өңірлік Орталығының басшысы Петко Драгановтың қонақ лекциясы ұйымдастырылды.

БҰҰ-ның өкілдері Академияның студенттері үшін Сириядағы қақтығыстарды реттеу және осы саяси үдерістегі Қазақстанның маңызды орны тақырыбында қонақ лекциясын өткізді.

Қонақтар Қазақстан БҰҰ-на мүше елдердің қолдауына ие болғанын атап айтты. Астана келіссөзі кезінде Қазақстанның бітімгерлік ниеті жоғары бағаланды.

Мирослав Енчтың айтуынша, Сириядағы қақтығысты реттеу мәселелері БҰҰ-ның мінбесінен жиі айтылып тұрады, ал Астанада өткен келіссөздердің арқасында сириялық дау шешімін тапты.


Your browser does not support SVGs