Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясында 2017 жылдың қазан айының 24-27 аралығында «Бюджетті жоспарлау және атқару. Бұзушылықтарға жол бермеу» тақырыбына біліктілікті арттыру семинары өтіп жатыр.
Сабақты ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Басқару институтының доценті Нурия Кенжаханқызы Аширова өткізіп жатыр.
Семинардың мақсаты – бюджетті жоспарлау және атқару кезіндегі стратегиялық ойлау бойынша құзыреттерді дамыту және заңнаманы бұзушылыққа жол бермеу мақсатында алынған практикалық дағдыларды қолдану.
Семинар аясында келесі тақырыптар қарастырылатын болады: нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесі; бюджеттік жүйе; бюджетаралық қатынас; бюджетті атқару; мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау.
Оқытудың нәтижесі бойынша тыңдаушылар бюджетті жоспарлау және атқару кезіндегі жоспарланған нәтижелі көрсеткіштерді әзірлеу бойынша алған дағдыларды практикалық қолдану бойынша жетілдіреді деп күтілуде.
Семинар қорытындысы бойынша тындаушыларға сертификаттар табысталады.