Жиында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Медеғалиұлы Жазықбаев, 1992-1993 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының төрағасы болып қызмет атқарып, теңгені енгізуге тікелей қатысқан Ғалым Байназарұлы Байназаров, Қазақстанның сот жүйесін және құқықтық қорғау саласын жетілдіруге ат салысқан Серік Байсейітұлы Ақылбай, Ұлттық қауіпсіздік органдарында көп жыл жұмыс жасаған генерал-майор Ержан Бекбауұлы Исақұлов, мемлекеттік қызмет саласын қалыптастыру және жетілдіру ісінде қызмет жасап жүрген Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Мұхамедияұлы Байменов мазмұнды баяндама жасады.
Мәжіліс соңында Республика күні идеологиясының негізінде бірігу принципі бар, бұл күнді мерекелеу бірлік пен тату көршілік құндылықтарын нығайтуға барынша ықпал етуі тиіс секілді маңызды ойлар айтылды. Еліміздің өркендеуі үшін мемлекеттік қызметшілердің жоғары кәсібилілігімен қатар отанды сүйю, халыққа адал қызмет ету, мемлекетшіл болу керек.

