Бүгін Академияда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті. «Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік қызметін кәсібилендіру: саясат, практика және сын-қатерлер» тақырыбындағы конференция жұмысына қатысқан орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласындағы отандық және шетелдік сарапшылар қазіргі кезде өзекті болып отырған қазіргі заманғы мемлекеттік қызметтің кәсіби негіздерін құру мәселелерін кеңінен талқылап берді. Ауқымды шараны Академия ректоры Ерлан Әбіл жүргізді.
Академия қабырғасында өткен шара ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық Жоғары мемлекеттік басқару мектебі түлектерінің қауымдастығымен және Астана мемлекеттік қызмет хабымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Конференцияның мақсаты – мемлекеттік аппаратты кәсібилендірудің ұлттық жүйесін дамыту бағыттарын талқылау; VUCA-әлем жағдайында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби даярлығын дамытудың басты мақсаттары мен міндеттерін айқындау.
Конференцияның ашылуында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова құттықтау сөз сөйлеп, мемлекеттік қызмет саласындағы мемлекеттік саясаттың бағыттарын атап өтті. ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі Әлтайыр Ахметов мемлекеттік басқару Концепуиясы аясындағы мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру тетіктеріне тоқталды. Ал, Астанадағы Мемлекеттік Қызмет Хабы басқарушы комитет төрағасы Әлихан Бәйменов Мемлекеттік қызметті жаңғыртудың өзекті мәселелерін қозғады. Бұған қоса, Әлихан Бәйменов Академиямен тығыз ынтымақтастық байланысын ерекше атап өтті. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов жаңа экономикалық бағытты іске асыру үшін басқарушы кадрларды даярлау міндеттері мен ұлттық жобалардың маңызын айқындап берді. Сонымен қатар, «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығының директоры Бақыт Есекина төмен көміртекті даму қағидаттарын ескере отырып, стратегиялық жоспарлауды жетілдіру жолдарын баяндады. Өз кезегінде сөз алған ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық Жоғары мемлекеттік басқару мектебінің түлектері «Астана» халықаралық ғылыми кешенінің Директорлар кеңесі төрағасының орынбасары Фархад Қуанғанов егемен еліміздің саяси элитасын қалыптастырудағы ҰЖМБМ рөлін атап өтсе, ҚР Ұлттық экономика министрлігі жобалық басқару департаментінің директоры Илона Шварцкопф, Жамбыл облыстық Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Әбілхайыр Тамабек аталған мектептің әрі қарай дамуына бағытталған ұсыныстарын жолдады. ҰЖМБМ 1995-1998 жылдары басқарған Хайыржан Тақуов Мемлекеттік басқаруды трансформациялаудағы Академияның рөлін видео арқылы айтып, түлектеріне сәлемдеме жолдады.
Конференция жұмысына шетелдік сарапшылар онлайн жүйесі арқылы қосылды. Оңтүстік Калифорния университетінің профессоры (АҚШ) Честер Ньюланд, Сиракуз университетінің Максвелл атындағы Азаматтық және қоғамдық істер мектебінің кәсіби білім беру және халықаралық ынтымақтастық директоры Дэниел Нельсон (АҚШ) қатысып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Ал, Академия серіктестерінің бірі РХШжМҚА ректоры Владимир Мау алғы сөзін видео-сәлемдеме арқылы жеткізді.
Шара ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық Жоғары мемлекеттік басқару мектебі түлектерінің қауымдастығының Форумымен аяқталды.
Честер Ньюланд атынан Алғыс хат
«The Academy’s Conference was excellent. Thanks for inviting me to participate in it. In its 30 years as an independent nation, Kazakhstan has become a global example of transformative development of institutions of responsible Constitutional Government in service of Enlightened culture. Importantly, KZ leaders and people understanding that faults continue to abound, as elsewhere. KZ is continuing improvement efforts in search of sustained progress.
Throughout the first decade of KZ independence the 1990’s much of the work of peaceful transformation was very difficult. Early years of development of and in Astana/Nur Sultan were especially challenging. We opened a United Nations Development Program office immediately, but it was alone for a long time in trying to help there. KZ Civil Service Professionals in Astana performed importantly well despite extremely difficult conditions in initial years there.
Throughout these past 30 years, Alikhan Baimenov has been an exemplary leader in Kazakhstan and internationally. KZ has achieved important Global respect because of sustained work by Chairman Baimenov and other devoted leaders.
Advances during the last two decades have extensively transformed KZ with happier conditions. I wish the Nation continued progress in practices of values and disciplines of responsible Constitutional culture».
Cordial Best Wishes,
Chester A. Newland