Жаңалықтар

Академияда электораттық оқытудың тренерлерін даярлау бойынша оқыту семинары басталды

2017 жылдың 1 қыркүйегі және 5 қазаны аралығында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Республиканың өңірлері үшін электораттық оқытудың 150 тренерін даярлау бойынша оқыту семинары басталды.

Электораттық оқытудың мақсаты сайлау комиссиясының және басқа да сайлау процесіне қатысушылардың кәсіби біліктілігін арттыру, сайлаушылардың құқықтық мәдениет деңгейін және Қазақстан азаматтарының электораттық белсенділігін арттыру болып табылады.

Электораттық оқытудың 150 тренерін даярлау жобасы – сайлау комиссияларының мүшелерін оқытуды жүйелі ұйымдастырудың алғашқы қадамы. Оқыту семинары барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының кадрларын және сайлау процесінің басқа да ұйымдастырушыларын одан әрі оқытуды жүзеге асыру үшін тренерлік корпусты кәсіби даярлауға бағытталған.

Семинар екі кезеңде күндізгі-қашықтықтан оқыту нысанында оқытудың және білімін бағалаудың заманауи интерактивтік әдістерін қолдану арқылы ұйымдастырылды. Қашықтықтан оқыту кезеңі қыркүйек айы бойы өтіп, Қазақстан Республикасының сайлау жүйесінің қолданыстағы заңнамаларының негізін зерделеуге арналады. Күндізгі оқыту кезеңі ағымдағы жылдың 3 және 5 қазан аралығында Академия базасында өткізіледі. Оқыту барысында дәріс-әңгімелесулер, практикалық сабақтар өткізіледі. Практикалық сабақтарды Орталық сайлау комиссиясының мүшелері өткізетін болады. Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталатын болады.


Your browser does not support SVGs