Жаңалықтар

Академияда электораттық оқытудың тренерлерін даярлау бойынша оқыту семинарының күндізгі кезеңі басталды

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы 2017 жылдың 3 және 5 қазаны аралығында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясымен бірлесе отырып, сайлау науқандарын ұйымдастырушы – 150 мемлекеттік қызметші үшін «Қазақстан Республикасында сайлау процестерін ұйымдастыру ерекшеліктері бойынша әрі қарай оқуды жүзеге асыру үшін тренерлер корпусын дайындау» тақырыбында оқыту семинарын өткізіп жатыр.

Қатысушылар алдында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев және Академия ректоры Фатима Жақыпова құттықтау сөз сөйледі.

Электораттық оқытудың 150 тренерін даярлау жобасы – сайлау комиссияларының мүшелерін оқытуды жүйелі ұйымдастырудың алғашқы қадамы.

Семинардың мақсаты – Қазақстан Республикасында сайлау процестерін ұйымдастыру ерекшеліктері бойынша кәсіби тренерлер корпусын дайындау, 2017 жылға арналған электораттық оқытудың пилоттық жоба Жоспарын жүзеге асыру аясында, осы тақырып бойынша сайлау комиссиясының мүшелерін және сайлау процесін ұйымдастырушыларды әрі қарай оқыту мақсатында тренерлер корпусына біліктіліктер мен дағдыларды тәрбиелеу.

Семинар шеңберінде дәріс-әңгімелесулер, іскерлік ойындар, жағдаяттық тапсырмалар, тәжірибелік сабақтар, сонымен қатар соңғы тәжірибелік сабақ – Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысына қатысу өткізіледі.

Сабақтарды Орталық сайлау комиссиясының мүшелері К.В. Петров, В.К. Фоос, Б.С.Мелдешов, Л.Ж. Сүлеймен, С.С. Мұстафина, э.ғ.к., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті Б.А. Ғабдулина өткізеді.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталады.


Your browser does not support SVGs