Сарапшылар еліміздегі менеджмент жүйелерін халықаралық сертификаттау саласындағы құқықтық реттеу, Қазақстандағы халықаралық сертификаттау органдарының қызметі, отандық ұйымдардың ISO 37001 халықаралық стандарты бойынша сертификаттау тәжірибесіне қатысу және ҚР СТ 3049 ұлттық стандартын дамыту сияқты мәселелерді талқылады. Кездесуге Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» өкілдері, «Certex Audit» және «НордТест» сертификаттау органдарының басшылары, Комплаенс және іскерлік этика қауымдастығының өкілдері, комплаенс қауымдастығы, Академия қызметкерлері және магистранттары қатысты.
Шара онлайн және офлайн форматта өтті. Талқылауға еліміздің түкпір-түкпірінен 90 адам қосылды.