Жаңалықтар

Академияда мемлекеттік қызметшілердің тұлғалық құзыреттерін дамыту бойынша семинардың 3-модулі басталды

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 2017 жылдың 17 және 19 шілдесі аралығында «Адами ресурстарды дамыту. 3-модуль. «Іскерлік келіссөздер: сендіре білу қабілеті», «Стрессменеджмент», «Манипуляцияға қарсы іс-әрекет»» тақырыбында біліктілікті арттыру семинары өтіп жатыр.

Семинардың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің жеке тұлғалық құзыреттерін, сонымен қатар тиімді келіссөз жүргізуге қажетті құзыреттерді дамыту.

Семинар барысында келесідей сұрақтар қарастырылатын болады: тиімді келіссөз жүргізудің негізгін құрайтын түсініктер, сөйлесуші дағдыларын дамыту, манипулдяцияға қарсы іс-әрекеттің теоретикалық және тәжірибелік дағдыларын меңгеру, өзінің жағдайын басқара білу, өзін-өзі реттеудің және өзін-өзі қалыпқа келтірудің техникаларын меңгеру.

Тыңдаушылардың алдында бизнес-тренер Е.С. Мұстафин, п.ғ.д., ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің профессоры Т.Қ. Бөлеев, тренер-психологтар А.Б. Минакова және В.А. Пошатылюк дәріс оқиды.


Your browser does not support SVGs