Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы 2017 жылғы 7-10 қараша аралығында «Мемлекеттік органдар және коммерциялық емес ұйымдар: тиімді өзара іс-қимыл» тақырыбына мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарын өткізіп жатыр.
Семинардың мақсаты коммерциялық емес ұйымдармен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл механизмдерінің тиімді жұмыс істеу жолдарын анықтау болып табылады.
Оқу барысында КЕҰ-ның азаматтық қоғамды дамытудағы, мемлекеттік органдармен шешімдер қабылдаудағы рөлі, КЕҰ мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының мүмкін жолдары, сондай-ақ өзара іс-қимыл институттары, КЕҰ мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының қажеттілігі және маңызы баяндалатын болады.
Семинарға қатысушылар КЕҰ мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының шетелдік және қазақстандық тәжірибесімен, КЕҰ мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын реттейтін нормативтік құқықтық базамен, азаматтық қоғамның мемлекеттік органдардың қызметіне қатысуының ағымдағы практикасымен, КЕҰ мен мемлекеттік органдар ынтымақтастығының перспективті бағыттарымен және салаларымен танысатын болады.
Тыңдаушылар алдында «АРГО» Азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығы» директоры Абай Исламұлы Мырхин және «АРГО» Азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығы» срапшысы Атаханова Кайша сөз сөйлейді.
Семинар қорытындысы бойынша тындаушыларға сертификаттар табысталады.