Жаңалықтар

Академияда «PRINCE2» әдісі» тақырыбындағы тренингі өтіп жатыр

PRINCE2 ® – AXELOS Limited рұқсатымен қолданылатын AXELOS Limited тіркелген сауда белгісі.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы AXELOS Limited еншілес кәсіпорны SPACE Project Management-пен бірлесіп жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 2017 жылдың 24 және 28 шілдесі аралығында «PRINCE2» әдісі» тақырыбындағы бес күндік тренингі өтіп жатыр.

Тренинг барысында жобаларды басқару кезінде маңызды шешімдер қабылдау сәттері, PRINCE2 құрылымы, жетістікке жету критерийлері, сондай-ақ жобаларды басқару қарастырылады.

Тренингті Ұлыбританиядан келген жетекші халықаралық сарапшы Пол Энтони Брэдли жүргізуде. Ол SPOCE Project Management Ltd бас директоры болып қызмет атқарады. Ал PRINCE2 жүйесі бойынша жоба-менеджентті енгізу саласында 20 жылдан аса жұмыс тәжірибесі бар.


Your browser does not support SVGs