Жаңалықтар

Академияда Татарстан Республикасының мемлекеттік және муниципалдық құрылымдарының өкілдеріне арналған семинар өтіп жатыр

2018 жылғы 17–21 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Қазан федералды университеті арасындағы Өзаратүсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде Академияда Татарстан Республикасының мемлекеттік және муниципалдық құрылымдарының өкілдеріне арналған «Қазақстан Республикасындағы аумақтық басқарудың үздік тәжірибелері» тақырыбында семинар өтіп жатыр.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Фатима Жақыпова семинарды ашып, мемлекеттік кәсіби аппарат пен құзыреттілік тәсілді қалыптастыру туралы дәріс оқыды.

Семинарға Татарстан Республикасының 25 өкілі, соның ішінде Татарстан Республикасы Экономика министрінің орынбасары, аудандық атқарушы комитеттердің басшылары мен басқа да муниципалдық қызметшілер қатысуда.

Семинар қатысушылары мемлекеттік басқаруға жобалық менеджментті енгізудегі қазақстандық тәжірибемен, мемлекеттік қызметтің ағымдағы жай-күйі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатпен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жергілікті өзін-өзі басқару және өзін-өзі басқарудың даму ерекшеліктерімен танысып жатыр.

Сарапшылар ретінде қатысушылар алдында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекеттік қызмет департаментінің директоры Жарқын Тілеукенов,  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаменті директорының міндетін атқарушы Данияр Сабырбаев, «Родина» ауылдық округінің әкімі Бэлла Газдиева, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Жобалық менеджментті дамыту орталығының басшысы Жанар Тайжанова, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Экономикалық зерттеулер институты Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау орталығының директоры Сабина Садиева және басқа да бизнес-тренерлер дәріс оқиды. 

 Оқу бағдарламасы интерактивті талқылауларды, тренингтерді, мемлекеттік органдар мен жобалық офистерге көшпелі сабақтарды қамтиды, сондай-ақ «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалау институты» ЖШС, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, «Родина» ауылдық округі мен Халыққа қызмет көрсету орталығына бару көзделіп отыр.


Your browser does not support SVGs