Жаңалықтар

Академияда «жасыл» экономика бойынша семинар өтуде

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы 2017 жылғы 21-24 қараша аралығында «Жасыл экономика» тақырыбына мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарын өткізіп жатыр.

Семинардың мақсаты «Жасыл» экономиканы енгізу қажеттілігі, тұрақты даму мен микро және макро деңгейлерде сапалы экономикалық өсімді қамтамасыз ету саласында шешімдер қабылдау дағдыларын дамыту болып табылады.

Тыңдаушылар «жасыл» экономиканың талаптарын ескере отырып климаттағы өзгерістерге байланысты қоршаған ортаның ахуалын бағалау және талдау дағдыларын меңгереді, энергия үнемдеу және энергетикалық тиімділікті арттыру негіздерін зерделейді, жаңартылған қуат көздері, олардың түрлері туралы түсінікті меңгереді, климаттағы өзгерістердің ауыл шаруашылығына әсерін бағалайды, климаттың су ресурстарына келтіретін салдарын, су секторындағы бейімдеу шаралары бойынша мәліметтер алады, «жасыл» экономика ұсынатын, қалдықтар мәселелерін шешу жолдары және т.б.

Алынған білімдер мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша тыңдаушылардың ой-пікірлерінің пайда болуына ықпал етеді.

Тыңдаушылар алдында «ЭКОСЕРВИС-С» ЖШС экологиялық компаниясының директоры, «Қазақстандық экологиялық аудиторлар палатасы» қауымдастығының вице-президенті, Энергетика министрлігінің қоғамдық кеңес мүшесі – Беркінбаев Ғалым, Жасыл экономика мәселелері жөніндегі GIZ сарапшысы, Жасыл экономика бойынша дәрістер курсын әзірлеу жөнінде ЮСАИД жобасының сарапшысы, БҰҰ ДБ/ЕО жобасында Стратегиялық экологиялық бағалау бойынша хаттамаға қосылу мәселелері жөніндегі ұлттық консультант – Брагин Александр және «Денсаулықты қорғау және экожобалау орталығы» ЖШС-тің бас директоры, «Қазақстандық экологиялық аудиторлар палатасы» қауымдастығының президенті, Энергетика министрлігінің қоғамдық кеңес мүшесі – Кенжалин Жасұлан сөз сөйлейді.

Семинар қорытындысы бойынша тындаушыларға сертификаттар табысталады.


Your browser does not support SVGs