Жаңалықтар

Академияда жобалық менеджмент саласында Ұлттық стандарт бойынша сертификаттар табысталды

Академияның 24 тыңдаушысы жобалық менеджмент саласында Ұлттық стандарт бойынша сертификаттар алды.
Кәсіби сертификаттауды Академияның Мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджментті дамыту орталығы жүргізеді, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша құрылды, және де бүгінгі таңда жалғыз аккредиттелген кәсіпорын – жобалық менеджмент саласындағы персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі орган болып табылады.
Білім алушыларда сертификаттаудан өту мүмкіндігі элективті құрамдас бөлік ретінде білім беру үдерісіне енгізілген «Жобаларды басқару» пәні бойынша Академияда алынған кредиттердің арқасында пайда болды. Сертификаттаудан өту Академия білім алушыларына практикалық қызметтерінде қосымша бәсекелестік артықшылық береді. 2018 жылғы сәуірден бастап Орталық құрылғаннан бері сертификаттаудан 200-ден астам мемлекеттік қызметші өтті.
«Оқу барысында бізге жәй ғана білім алып қана қоймай, оны бірден практикада қолданып, өз күшімізді сынау мүмкіндігі берілді. Біз жұмысқа шыққанда, жобаларды іске асыруда алған дағдылар мен біліктерді белсенді қолданатынымызға сенімдімін», – деп атап өтті Академия магистранты.
Ақпанда «Мемлекеттік саясат» және «Экономика» мамандығының магистранттары, сондай-ақ «Мемлекеттік басқару» мамандығының докторанттарына сертификат табысталды. Сертификаттау қорытындылары бойынша «Жоба жетекшісі» санаты берілді.


Your browser does not support SVGs