Жаңалықтар

Академияға қош келдіңіздер!

2 қыркүйекте Академияның магистранттары мен докторанттары үшін бағдарлық аптасы басталды. Жаңа оқу жылының салтанатты ашылу барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова және Академия ректоры Ерлан Әбіл құттықтау сөз сөйледі.

Академия ректоры өз сөзінде Академияның көзқарасы, миссиясы мен құндылықтары туралы айтып өтті: «25 жыл ішінде Академия Қазақстандағы танымал білім беру, ғылыми және зерттеу орталығына айналды және де біз өз тәжірибемізді одан әрі арттырып келеміз. Біз өз жұмысымызда әрдайым парасаттылық, кәсібилік, инновациялылық, ашықтық, қоршаған әлемге деген сүйіспеншілік сынды 5 құндылықты басшылыққа аламыз және олардың біздің тыңдаушылар мен түлектердің оқуда және одан әрі жұмыста басшылыққа алатын негіздік қағидаттарына айналғанын қалаймыз!»

Академиялық саясат туралы вице-ректор Айгүл Ақтымбаева өз сөзінде кәсіби тұрғыдан ғана емес, сонымен бірге парасаттылық, жауаптылық және адалдық сияқты игі қасиеттерді игеру арқылы тұлғалық құзыретті де қатар дамыту қажеттігіне асар назар аударып өтті. 

Вице-ректор Айгүл Көшербаева Академияның ғылыми-зерттеу саясаты туралы және магистранттар, докторанттар және Академияның Зерттеу блогы, атап айтқанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерделеу жөніндегі зерттеу орталығы арасында қарым-қатынас орнатудың өзектілігі туралы таныстырылыммен сөз сөйледі. 

«Цифрлық Академия» жобасы туралы, соның ішінде құрал-саймандардың кең спектрі, Scopus жүйесі, «Ақылды үкімет» жобасы (Smart Government), Академияның электрондық кітапханасы және т.б. туралы вице-ректор Әлия Мұхамеджанова толық түсіндіріп өтті.    

Академияның баспасөз хатшысы Ақерке Берлібай әлеуметтік желілер саясаты туралы жан-жақты тоқтала келе, мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік желілерді қоршаған қоғаммен өзара іс-қимыл құралы ретінде пайдалануға және тұлғалық брендті дамытуға шақырды.

Академия жұмысының әртүрлі бағыттары және ішкі тәртібі бойынша магистранттармен және докторанттармен бағдарлық кездесулер апта бойы жалғасады.  

Біздің «Академиктерге» жаңа оқу жылында табыс, жемісті еңбек және жақсы қарым-қатынас тілейміз!


Your browser does not support SVGs