Жаңалықтар

Академиялық адалдық лигасы туралы

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің баспасөз конференциясында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Фатима Жақыпова баяндады.

Соңғы бірнеше жыл бойы біздің елде жоғары білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған кешенді өзгерістер жүргізіліп жатыр.  Атқарылған іс аз емес. Барлық оқу орындары сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқу курстарымен қамтылған. «Таза сессия» акциясы жүргізіліп жатыр, «Антиплагиат» жүйесі қолданылады, корпоративті басқару элементтері енгізілуде.  ЖОО-лар «Адалдық алаңы» және «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты жобалық кеңселердің жұмысына қатысады.

Өткен жылы академиялық және басқарушылық дербестікті кеңейтетін Заңның қабылдануы, априори, ЖОО қызметінің ашықтығы мен есептілігін арттырады.

Осындай жағдайларда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың трансформациясы ЖОО-лардың басшылығымен қатар, білім алып жатқан жастар және профессор-оқытушылар құрамында да болатыны сөзсіз, – деді ректор. 

Осылайша, 2018 жылғы тамызда қазіргі заманғы Қазақстан тарихында алғаш рет елдің жоғары оқу орындарының жанында  «Академиялық адалдық лигасы» – Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қауымдастығын құру бастамасы көтерілді.

Лига құндылықтары – адалдық, жауапкершілік пен транспаренттілік. Лига қызметі ЖОО-лардағы академиялық адалдық қағидаттарын ілгерілетуге және Қазақстандағы білім сапасын арттыруға бағдарланған жобаларды іске асыруға бағытталған.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Академиялық адалдық лигасының қауымдастырылыған мүшесі болып табылады. Лига қызметіне Агенттіктің қатысуы академиялық арсыздықтың туындауының алдын алу бойынша бірлескен шешім шығаруға және ЖОО-лардағы академиялық арсыздық мәселелері бойынша ақпарат алмасуға мүмкіндік береді. 

ЭЫДҰ талдауы негізінде Агенттік Академиямен бірлесе отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жүйесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша бірқатар ұсынымдарды әзірледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Лига мүшелерінің бірі ретінде алғашқылардың бірі болып осы бастаманы қолдады. «Өзіңнен баста» қағидатын ұстана отырып, Академияда үлкен ұжымның әрбір мүшесі үшін – қызметкерлері үшін де, білім алушылары үшін де міндетті мінез-құлықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты әзірленіп, қабылданды.  Білім алушылар мен оқытушылардың жазбаша жұмыстарында плагиатты болдырмау мақсатында «Turnitin» жүйесі арқылы оларды міндетті тексеру енгізілді.

«Біз Академияға оқуға және жұмысқа іріктеу үдерісін барынша ашық жасадық. Өз кезегінде, Академия ұжымына кіру Әдеп пен академиялық адалдық кодексінің нормаларын қабылдауды талап етеді.

Біз айрықша жауапкершілікті де сезінудеміз, себебі ағымдағы жылы Академияда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» бағдарламасы бойынша алғашқы магистрлер оқуды бітіргелі отыр», – деп атап өтті Ректор.

 Академиялық адалдық қағидаттарын қамтамасыз ету ең бірінші кезекте ЖОО-лардың басшылығына жүктелетінін атап өткен жөн. Бізге ЖОО-лардың қызметіне оқуға қабылдаудан бастап, заманауи технологияларды енгізу қажет. HR-менеджменттің құралдарын толыққанды енгізу жұмысқа лайықты кандидаттарды алудың ашық тетіктерін іске қосуға жағдай туғызады.

Бізге, ЖОО-лардың ректорларына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы коммуникациялық стратегияны қалыптастыру қажет.  Қолжетімділік пен тікелей байланыстың болуы, соның ішінде блог, колл-орталық немесе әлеуметтік желі арқылы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарламалар үшін ықпалды каналдардың болуын қамтамасыз етуге жағдай туғызады. 

«Меритократия мен транспаренттілік қағидаттарын қатаң сақтаусыз академиялық дәстүрлердің синергиясы мен жаңа құндылықтарды дамыту мүмкін емес. Осыған байланысты, біз – бірінші басшылар – өзгерістер агенті болуымыз керек», – деп Академия ректоры сөзін қорытындылады.


Your browser does not support SVGs