Академияның магистранттары мен докторанттары қатарына қабылдау салтанатты рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараны Академия ректоры Фатима Жақыпова ашып, бірінші курс білім алушыларына ізгі тілектерін жеткізді.Сондай-ақ, ректор мемлекеттік органдар арасында өткен шағын футбол бойынша Академияның намысын қорғап, бірінші орын иеленген магистранттарды құттықтады.
Магистранттар мен докторанттар іс-шара барысында ән салу мен би билеудегі өнерлерін ғана емес, актерлік шеберліктерінде танытып, «Академия білім алушысының бір күні» атты комедиялық бейнероликтерін көрсетті. Сонымен бірге, Монғолия, Қырғызстан, Ауғанстан мен Тәжікстаннан оқуға келген білім алушылар ұлттық стильде киініп, өнерлерін ортаға салды.
Іс-шараның соңында бірінші курс білім алушыларына білім кілті берілді. Академияның дәстүрі бойынша білім кілтін екінші курс докторанттары мен магистранттары жаңадан оқуға түскендерге табыстайды.
Биыл магистратура мен докторантураның бағдарламалары бойынша оқуға 142 адам қабылданды.
Академияның магистранттары мен докторанттары қатарына қабылдау
