Академияда Түрікменстан Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының қызметкерлеріне арналған «Мемлекеттік басқару саласында кәсіби білім беру бағдарламаларын әзірлеу: Қазақстан Республикасының тәжірибесі» тақырыбында тренинг өтуде.
Семинар-тренингтің негізгі мақсаты мемлекеттік аппаратты кәсібилендірудегі қазіргі заманғы білім беру трендтері туралы білім алу, «Master of Public Administration» магистрлік бағдарламасының курстары мен модульдері бойынша оқу жоспарларының жобаларын әзірлеу мен іске асыруда практикалық дағдыларды дамыту болып табылады.
Бес күн ішінде Академияның жетекші профессорлары білім беру бағдарламаларын әзірлеу алгоритмі бойынша тәжірибесімен бөліседі.