2018 жылдың 14 наурызында Ұлттық аккредиттеу орталығының бас директорының бірінші орынбасары Серік Құрманғалиев Академия ректоры Фатима Жақыповаға «Мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджменті дамыту орталығы» сәйкестікті растау жөніндегі органды аккредиттеу туралы куәлікті тапсырды.
Қазіргі таңда, көптеген дамыған елдерде персоналдың бағалауы мен құзыреттілігін растау әдістері қолданылады. Сертификаттаудың мақсаты – маманның белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын және белгілі бір қызметтің саласында нақты әрекеттерді дұрыс орындау қабілеттілігін анықтау үшін оның біліктілігі, кәсіби білімі, дағдылары және тәжірибесі деңгейін белгілеу болып табылады.
Мемлекет, жұмыс беруші және барлық деңгейдегі қызметкерлер персоналдың сертификаттауынан пайда көреді, өйткені адам өзінің әлеуетін біліп, өзінің құзыреттілігін үнемі жаңартып, оның негізгі қасиеті ретінде ресми растау алады, кәсіби жетістікке жетуді және өз өмірін қолдауды үнемі жетілдіруді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджменті дамыту орталығы Академияның Жарғысына сәйкес жобаларды басқару саласында қызметкерлердің сертификаттауын жүргізеді.
Серік Құрманғалиев өз сөзінде атап өткендей, Орталық «Сәйкестікті бағалау. Персоналды сертификаттауды жүзеге асыратын органдарға қойылатын жалпы талаптар» ISO / IES 17024-2014 МЕМСТ талаптарына сәйкестік бойынша осындай аккредиттеу сертификатын алған еліміздегі мемлекеттік кәсіпорындардың арасында бірінші және жалғыз орган болды.
Персоналдың сертификаттау нәтижелері бойынша Орталықта белгіленген үлгідегі, оның ішінде сертификатталған мамандар тізіліміне енгізу арқылы, ұлттық сертификат табысталады.
Персоналдың сертификаттауы талаптары мен тәртібі туралы барлық ақпарат Академия веб-сайтының «Жобалық менеджмент» бөлімінде орналастырылған.
Аккредитациядан сәтті өтуімен құттықтаймыз!