Жаңалықтар

Академияның базасында Жобалық менеджмент бойынша оқыту және сертификаттау

ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы 2021 жылғы 4 қарашадағы тапсырмасына сәйкес, сондай-ақ ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың ағымдағы жылғы 1 ақпандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте берген тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Академиямен бірлесіп, мемлекеттік қызметшілердің жобалық менеджмент саласындағы біліктілігін арттыру бойынша жұмыс жүргізуде.

Іс-шара біліктілікті арттыру курстары шеңберінде Академия және оның аумақтық филиалдары базасында жобалау офистерінің қызметкерлерін, жобалау қызметіне тартылған мемлекеттік қызметшілерді оқытуды және сертификаттауды көздейді.Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік органдардан қызметкерлерді жобалық менеджмент бойынша оқыту және сертификаттау қажеттілігіне сұрау салуды жүзеге асырды. Оқыту және сертификаттауға жалпы саны – 619 адамды құрады.

Жарғыға сәйкес Академия мемлекеттік басқаруда жобалық менеджментті дамытуды және енгізуді жүзеге асырады, сондай-ақ жобалық менеджмент саласында кәсіби сертификаттауды жүзеге асырады. Академия базасында Ұлттық аккредиттеу орталығының ҚР аккредиттеу жүйесіндегі ГОСТ ISO/IEC 17024-2014 талаптарына сәйкес аккредиттеу аттестаты бар, персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі Мемлекеттік басқаруда жобалық менеджментті дамыту орталығы жұмыс істейді.

Академиямен жобалық басқаруды қолдану тәсілдері мен стандарттарын жүйелеу мақсатында ҚР СТ ISO 21500-2014 «Жобаларды басқару бойынша басшылық» Ұлттық стандарты негізінде жобалық менеджмент бойынша оқыту курсы әзірленген. Оқыту курсының бағдарламасы мемлекеттік басқару саласына және жобалық менеджмент саласындағы практикалық дағдылар мен құзыреттерді дамытуға бағытталған. Курстарды оқыту үшін Академия жобалық менеджмент саласында сертификатталған мамандардың жаттықтырушылар құрамын дайындады.Жобалық менеджмен бойынша оқытумен әлеуетті тыңдаушыларға ыңғайлы болу үшін қашықтықтан оқыту форматында арнайы курс әзірленді. Оқу сағаттарының саны – 72 академиялық сағатты құрайды. Оқыту үш аптаға созылады және өндірістен қол үзбей жүргізіледі. Осылайша, мемлекеттік қызметшінің кез келген ыңғайлы және бос уақытында оқудан өту мүмкіндігі бар.

Оқыту қорытындысы бойынша тыңдаушылар тыңдалған курсы туралы сертификат алады, ол жобалық менеджмент бойынша кәсіби сертификаттаудан өтуге құқық береді. Сертификаттау академия және оның филиалдары базасында офлайн форматта жүргізілетін болады. Бір сертификаттауды жүргізуге арналған сағат саны 2 академиялық сағатты құрайды. Бекітілген кестеге сәйкес жобалық қызметке тартылған 619 мемлекеттік қызметші үшін оқу және аттестаттау емтихандары жеті лекке бөлінді. Емтихан ағымдағы жылдың 12 тамызы мен 23 қыркүйегі аралығында өткізілді. Бүгінгі күні Орталықта 520 тындаушы аттестациядан өтті (оның 373-і табысты болды), оның 400-і орталық мемлекеттік органдардың, 120-сы жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері.

Бүгінгі күнде кестеден тыс соңғы сегізінші ағымда орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардан қалған 99 тыңдаушы үшін емтихан өткізіледі. 619 мемлекеттік қызметшіні жобалық басқару қағидаттарына оқыту және сертификаттау жөніндегі жоба ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңына дейін аяқталатын болады. Оған қатардағы сарапшылардан мемлекеттік органдардың басшыларына дейін қатысады, бұл өз кезегінде нәтижеге бағытталған жобаларды сапалы басқаруға ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер арасында жаңа басқару мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді, олардың басшыларының кәсіби құзыреттілігі мен жауапкершілігін арттырады. Бүгінгі таңда жобалық тәсіл принциптері АҚШ, Канада, ЕО елдері, Жапония, Оңтүстік Корея, Австралия және басқа да дамыған елдердің мемлекеттік басқаруында кеңінен қолданылады. Әлемдегі корпоративтік және мемлекеттік сектордағы озық практикалар жобалық тәсіл мақсаттарға уақтылы қол жеткізуді (уақытты 20-30%-ға қысқарту) және ресурстарды ұтымды пайдалануды (бюджеттің 15-20%-ын үнемдеу) қамтамасыз ететінін көрсетуде.


Your browser does not support SVGs