Шараға Академия ректоры Ерлан Әбіл модераторлық етті. Танымал театр және кино актері Академия қызметкерлерімен, магистранттарымен және докторанттарымен өмірі және қызмет жолы, өнердегі қызықтары жайлы ақпараттармен бөлісті. Театрдың қоғамға пайдасы, ұлттық құндылықтарды дәріптеу жолындағы үлесі туралы айтты.
«Театр – ұлттық код, біздің құндылықтарымыз сонда жатыр. Балаға мектеп бере алмайтын тәрбиені театрдан табуға болады. Бала өнерге жақын болса, жүрегі жұмсақ, мейірімді болып өседі. Сондықтан өнердің адам өмірінде алатын орны зор. Біз адамдарға түбегейлі білім берумен немесе мәселелерін шешумен айналыспаймыз. Бірақ, өздерін мазалаған сауалдарға жауап табуға көмектесеміз, жол көрсетеміз. Театр – мемлекет үшін өте керек дүние», – деді Дәурен Серғазин.
Кездесу барысында актер қатысушылардың сұрақтарына шынайы жауап беріп, театрға бару арқылы рухани демалуға шақырды.