2017 жылғы 27 қазанда ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Басқару институтында «Қазақстанның «ДСҰ-на кіруі туралы: білімі мен тәжірибесі» тақырыбында Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика Министрлігінің жанындағы Сауда саясатын дамыту орталығының, Тарифтік емес реттеу секторының меңгерушісі, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Строкатов Александр Сергеевичтің шақырылуымен интерактивті пікірталас өткізілді.
Интеркактивті пікірталас «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің қауымдастығынын бастамасымен «Біздің біліміміз біздің елге» атты жоба аясында аға оқутышы А.Ш. Жанболатовамен ұйымдастырылды. Интеркактивті пікірталас жұмысына Басқару институтының профессор-оқытушылар құрамы мен магистранттары қатысты.
Интерактивті пікірталас барысында, лектор ДСҰ ережелеріне сәйкес тауарлар мен қызметтер нарығына қол жеткiзу шарттары туралы, Қазақстан Республикасының заңнамасын ДСҰ ережелеріне сәйкес келтіру тәжірибесімен бөлісті. ЕурАзЭҚ-тың келісімдері де ДСҰ-ның ережелеріне сәйкес келтірілген. Пікірталасқа кезінде магистранттар өзара қызығушылық мәселелер бойынша сараптамалық қорытынды үйренді және ұсыныстарымен бөлісті.