Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясындағы жұма «Алғыс айту» күніне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шарамен басталды.⠀
Мерекелік кештің шымылдығын әдемі өлең сөздерімен өрнектеген, терең ойға, асқан тәрбиеге толы Абайдың қара сөздерін оқыған жастар театрының өнерпаздары ашты.
⠀
Театрландырылған қойылымнан кейін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының ректоры Ерлан Әбіл құттықтау сөз жолдап, Академия қызметкерлеріне жүрекжарды тілегін білдірді.
⠀
Мерекеге орай арнайы шақырылған Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі – Нәзипа Ыдырысқызы «Алғыс айту» күнінің мәдениетіміздегі алатын орны мен этнос аралық мәдениет турасында сөз қозғаса, ілеспе аударма жасаудың негізін қалаушы, «Үздік аударма» байқауының тұңғыш жеңімпазы Альпеисова Камал- «Алғыс айту» күнін тойлаудың саяси астарына тоқталып өтті.
⠀
Өнегеге толы әдемі кеш барысы «Алғыс айту» күнімен құттықтап келген жас өнерпаздардардың керемет ән шашуымен, мың бұралған қыздардың керемет биімен өрнектеле түсті.
⠀
«Егемендігіміздің басты нышаны-ол біздің достығымызда» деп сөзін бастаған Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Шерзод Пулатов мемлекеттік тілімізді ұлықтауға шақырып, барша жиналған қауымды «Алғыс айту» мерекесімен құттықтады.
Ал, ардагер аталарымыз жиналған қауымды «ризашылық мерекесімен» құттықтап, баталарын берді.
⠀
Шара барысында Академиялық ұтқырлық бағдарламасымен білім алып жатқан Академия магистранттарының тілектері мен құттықтау сөздері арнайы бейне-ролик арқылы көрсетілді.
⠀
Сондай-ақ «Алғыс айту» күніне орай Академия қызметкерлері өздері дайындаған тағамдарды сатылымға қойып, қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды. Қайырымдылықтан түскен қаражат «Еріктілер клубына» жұмсалады.
⠀
Сонымен қатар «Алғыс айту» күнінде Академия қызметкерлері «Шахмат турниріне» қатысып, бақ сынасты.
⠀
Айтулы мерекенің жоғары деңгейде өтуіне үлес қосып, атсалысқан барша Академия қызметкерлеріне, келген қонақтарға ҮЛКЕН АЛҒЫСЫМЫЗДЫ, РИЗАШЫЛЫҒЫМЫЗДЫ БІЛДІРЕМІЗ!
«Алғыс айту» күні
