2019 жылдың 1 наурызында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қызметкерлері мен тыңдаушылары Алғыс айту күнін атап өтті.
Мерекелік күн қызықты іс-шараларға, кездесулерге толы болды аталмыш мерекелік шараларға Академияның және Агенттіктің қызметкерлері, академияның тыңдаушылары, серіктестері, шақырылған қонақтар қатысты.
Академиядағы Алғыс айту күні Қазақстанға жер аударылған халықтардың тағдырындағы Қазақ халқының рөлі туралы қызықты тақырыптық сессиядан басталды. Сессияға әртүрлі ұлт өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясы, шақырылған сарапшылар мен тарихшылар қатысты.
Сонымен қатар Академияның баска залында «Оi shaıqas» зияткерлік ойыны өтті («Не? Қайда? Қашан?» ойының форматы бойынша). Ойынға әр түрлі орталық ведомстволардан 10-ға жуық команда, сондай-ақ Академия магистранттары қатысты! Ойынның қорытындысы бойынша біздің академияның тыңдаушылары бірінші және екәнші орынды женіп алды, ал үшінші орынды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің командасы иеленді.
Келесі іс шара, көп балалы отбасыларының балалары үшін арнайы ұйымдастырылған ең жарқын алаңда қуаныш, күлкі және көңілді теңіз болды. Балалар аниматорлармен ойнап жатқанда, олардың аналары әлеуметтік жәрмеңкеге және түрлі сессиялардың жұмысына, соның ішінде коучинг-алаңдарға қатысты.
Тағы бір қызықты алаң «Тәлімгерлер» жобасының тұсаукесері болды. Жоба «ДАРА» қорының жалпы жетекшілігімен жүзеге асырылады, өңірлерде жобаны серіктес-ұйымдар іске асырады. Әлеуметтік жоба жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларға өздерінің өмірлік әлеуетін ашып, ересек волонтер-тәлімгерлермен қарым-қатынас жасау арқылы өз бетінше өмір сүру дағдысы мен дағдыларын қалыптастыру үшін көмек көрсетуге бағытталған. Тәлімгер балаға өзіне сенуге және өз күшіне деген сенімділікті дамытуға көмектеседі, өзін жақсы білуге, өмір мақсатын ұғынуға және оларды жүзеге асыру үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға мүмкіндік пайда болатын жағдайлар жасауға көмектеседі. Академия қызметкерлері мен тыңдаушыларын Астанада жобаға қосылуға және балалар үйінің тәрбиеленушілерінің тәлімгері болуға шақырды.
Академияда барлығын біріктіретін ең қызу және ауқымды алаң галереяда ашылған әлеуметтік жәрмеңке болды. Жәрмеңке Академия мен Агенттік қызметкерлерінің, сондай-ақ Академия тыңдаушылары мен серіктестерінің күшімен ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде қол қолөнер бұйымдары, әшекейлер мен пісіру көп болды! Әлеуметтік Жәрмеңкеде түскен қаражат қайырымдылыққа бөлінеді.
Алғыс күнін мерекелеу соңында Академияның құрылымдық бөлімшелеріне әр түрлі номинациялар мен дипломдар табыс етілді.