1991 жылдың 21 желтоқсан күні Тәуелсіз мемлекеттер достастығын құру туралы келісімге – Алматы декларациясына қол қойылған Алматы қаласындағы Достық үйі ғимаратында бүгінгі күннің маңызды шараларының бірі – қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған өңірлік семинар-тренинг өткізілді.
Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 4-6 қазан күндері өткен «Қоғамдық сананы жаңғырту: аймақтық контекст» атты өңірлік семинар-тренингтің тыңдаушылары ретінде Алматы қаласы мен Алматы облысынан 77 мемлекеттік қызметші қатысты.
Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру технологиялары бойынша мемлекеттік қызметшілердің дағды-біліктері мен кәсіби білімдерін жетілдіру болып табылатын семинар өз мақсатына жетті.