Академияның Ақтөбе облысы бойынша филиалында Ақтөбе облысының әкімі Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізді.
Шараға мемлекеттік қызметшілер – ауылдық округ әкімдері, Академия түлектері, мемлекеттік органдарда қызмет жасап жүрген мамандар, «Болашақ басқарушылар» жобасының қатысушылары (Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 4-курс студенттері), «Мансап» мемлекеттік қызмет мектебінің қатысушылары, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департамент және Филиал ұжымдары, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Кездесу барысында облыс әкімі Ералы Лұқпанұлы Тоғжановтың дәрісі тыңдалып, өңірде жүзеге асырылып жатқан «Абаттандырылған ауыл» жобасы бойынша Алға ауданы Үшқұдық ауылдық округінің әкімі Ақдәулетов Берік Әбдіғапарұлы, «Мансап» мемлекеттік қызмет мектебінің 7 маусымының тыңдаушылары – Ниязов Абай мен Ғибатулла Тұрар «Әлеуметтік маңызды тауарлардың баға мониторингі қосымшасы бойынша «E-BAGA» жобасы бойынша сөз алынды.
Кездесу барысында облыс әкімі Ералы Тоғжанов қатысушыларды толғандырған сұрақтарға жауап беріп, қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін жас мемлекеттік қызметшілерге алғыс хаттар табыстады.