Жаңалықтар

Астаналық мемлекеттік қызметшілерге дактильді және ымдау тілін үйретуде

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Идеялар фабрикасы» брейнстормингі аясында мемлекеттік қызметшілерді дактильдік және ымдау тіліне оқыту жобасы іске қосылды. Мемлекеттік басқару академиясы мен ҚР МҚІА-нің «Идеялар фабрикасы» брейнсторминг жобасы қарқындап дамып келеді, осы алаң аясында мемлекеттік басқару жүйесін жақсарту мақсатында ұсынылған жобалар іске асырылып, өз нәтижелерін беруде.

Дактильді және ыммен сөйлеуге оқыту бойынша пилоттық жоба Академияның 25 жылдық мерейтойын мерекелеуге арналған 25 әлеуметтік жоба шеңберінде Мемлекеттік басқару академиясының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалында ұсынылып, сәтті сынақтан өтті. Өңірлерде анықталған нәтижелілік негізінде халыққа қызмет көрсететін мемлекеттік және азаматтық қызметшілерді оқыту бүкіл республика бойынша жалғасты және мультипликативтік әсер алды.    

Жобаның мақсаты – мемлекеттік қызмет көрсету барысында саңырау және нашар еститін адамдармен өзара іс-қимыл жасау барысында ымдау тілін қолдану бойынша азаматтық және мемлекеттік қызметшілердің біліктерін және дағдыларын дамыту.  

Осыған орай, Нұр-Сұлтан қаласында Академия базасында 2019 жылғы 22 маусымда халыққа қызмет көрсететін азаматтық және мемлекеттік қызметшілер арасында қарым-қатынас дағдыларын үйрету және ымдау тілін пайдалану бойынша семинар басталды. Барлығы 18 сағат көлемінде 6 сабақ өткізіледі, оған Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» филиалының фронт-офистерін үйлестіру басқармасынан, көші-қон және халыққа қызмет көрсету жөніндегі мамандандырылған бөлімдерден, аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімдерінен 30-ға жуық азаматтық қызметші қатысады. Сабақтар әр сенбі сайын үш апта бойы өтеді.

Сабақ барысында тыңдаушылар дактильді және ыммен сөйлеу негіздерін, дактильді әліпби мен дактилдеу ережелерін үйренеді. Курстың негізгі бөлімінде жобаға қатысушылар қарым-қатынас минимумын меңгереді, танысу кезінде сәлемдесу формаларын үйрене отырып, ыммен сөйлеу сөздік қорын дамытады, сонымен қатар іс-әрекеттердің негізгі қимылдары, эмоциялар мен сезімдер, құқық, заң және мемлекет сияқты тақырыптарда тәжірибе алады. Оқу соңында тыңдаушылар емтихан тапсырады.

Жобаны іске асыру нәтижелері бойынша азаматтық және мемлекеттік қызметшілердің бойында «коммуникативтік минимум» деп аталатын деңгейде мемлекеттік қызмет көрсету барысында саңырау және нашар еститін адамдармен өзара іс-қимыл жасау барысында ымдау тілін қолдану бойынша дағдылар мен біліктерінің қалыптасуы күтілуде.

Курс қатысушылары аталған дағдыларды меңгеру есту қабілеті нашар адамдарға қатысты мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсартуға алып келетініне сенімді.     

 


Your browser does not support SVGs