Жаңалықтар

АСТАНАДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ӨҢІРЛІК ХАБЫНЫҢ ШЕТЕЛДІК ҮМІТКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ГРАНТТАРЫ

Мемлекеттік басқару академиясында шетелдік мемлекеттік қызметкерлер Астаналық мемлекеттік қызмет хабының гранттары бойынша оқи алады. Академия Қазақстанның және көрші елдердің мемлекеттік қызметкерлері үшін мемлекеттік басқару саласындағы алдыңғы қатарлы білім беру бағдарламасына платформа ретінде қызмет етеді.

Академия, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Астана хабы арасында қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандум (2015 ж.) аясында жыл сайын хабқа мүше елдердің мемлекеттік қызметкерлері (елдердің толық тізімі – https://www.astanacivilservicehub.org/kz/country) академияда оқуға грант алу мүмкіншілігіне ие.

Қазіргі уақытта, 2015-2020 жж. Берілген гранттар бойынша 10 мемлекеттік қызметкер магистр дәрежесін алды, оның ішінде Моңғолия – 4, Тәжікстан – 2, Қазақстан – 2, Украина – 1 және Түркия – 1.

Келесі оқу жылында Астаналық мемлекеттік қызмет хабы БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесіп, хабқа қатысушы елдердің мемлекеттік қызметшілеріне Академияда 11 білім грантын келесі магистратура бағдармалары бойынша ұсынады:

«Мемлекеттік саясат» (2 жыл) – 5 грант;

«Халықаралық қатынастар» (1 жыл) – 6 грант.

АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:

Кәсіби және жеке құзіреттіліктерді жетілдіру

Жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы

Әлемдік деңгейдегі сарапшыларымен тағылымдамадан өту мүмкіндігі

Білім гранты оқу, жатақханада тұру, Нұр-Сұлтанға бару және одан шығу, сақтандыру және стипендиямен байланысты шығындарды өтейді.

ЕГЕР СІЗ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ ХАБҚА ҚАТЫСУШЫ ЕЛДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРІ БОЛЫП, МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ САЛАСЫНДА САПАЛЫ БІЛІМ АЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ, СІЗГЕ КЕЛЕСІ ӘРЕКЕТТЕР ЖАСАУ ҚАЖЕТ:

  1. Тізім бойынша құжаттарды жинау: https://www.apa.kz/ru/kak-postupit-4/
  2. Конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарды 2020 жылдың 10 шілдесіне дейін тапсыру. Онлайн форматында
  3. Жазбаша жұмыс пен сұхбаттан тұратын конкурстың кезеңдерін 2020 жылдың 31 шілдесіне дейін өту.
  4. Қосымша ақпарат алу үшін (WhatsApp) +7 702 467 8151 телефонына немесе admission@apa.kz электронды поштасына хабарласыңыз («Астана хабының гранты» деген тақырыпта белгіленген)

 


Your browser does not support SVGs