2017 жылдың 7 сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті төрағасының «Мемлекеттік басқарудағы IT» атты қонақ дәрісі болып өтті.
Б. Мусин тыңдаушыларға ақпараттық технологияларды енгізу бойынша өз тәжірибесімен бөлісіп, мемлекеттік секторда IT-ды пайдалану жөніндегі тегеурінді талаптар мен проблемалар туралы айтты.
Сонымен қатар шақыртылған қонақ құжат айналымын оңтайландыру бойынша әдістерді ұсынды.
«Кез келген мемлекеттік ұйымда анықтамалар талап етуге тыйым салу қажет! Қазір бұл мемлекеттік қызметтер туралы заңда жазылған, алайда ол бойынша жауапкершілік жоқ.
Сондықтан да мемлекеттік органдар анықтамаларды талап етуін жалғастырып келеді», – деді Бағдат Мусин. Дәріс соңында Б. Мусин тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.