ОҚУ ТҮРІ
ОҚУ ТҮРІ
Оқуұзақтығы: бір жыл оқу мерзімімен, өндірістен қол үзіп оқу бағдарламасы
Оқутілі: оқу үш тілде жүргізіледі: қазақша, орысша және ағылшын тілінде.
Қаржыландыру көзі: мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша, сондай-ақ басқа да қаржыландыру көздері есебінен
КІМ ОҚЫТАДЫ: https://www.apa.kz/team_category/basqaru-instituty/
ОҚУҒА ТҮСУ ТАЛАПТАРЫ
- Магистратураның «Адами ресурстарды басқару – Human Resources Management» өндірістен қол үзіп білім беру бағдарламаларына, бір жыл оқу мерзімімен:
- – мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде екі жыл мемлекеттік қызмет өтілі бар мемлекеттік қызметшілер болып табылатын тұлғалар қабылданады;
- – Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздері есебінен құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде екі жыл жалпы еңбек өтілі бар тұлғалар қабылданады.
ОҚУҒА ТҮСУ ТАЛАПТАРЫ
Құжаттарды қабылдау тәртібі
Магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға құжаттарды қабылдау Академияның ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Үміткерлер жыл сайын 1 наурыз бен 23 шілде аралығында Академияның ақпараттық жүйесінде тіркеледі және электрондық форматтағы мынадай құжаттарды қоса тіркейді:
- Мемлекеттік органның жолдамасы. (Ақылы негізде оқуға үміткер тұлғалармен ұсынылмайды)
- Аппарат басшысы тағайындайтын тұлғалар үшін жолдамаға сол лауазымды тұлға қол қояды. Бұл ретте, басқа тұлғалармен (органмен) тағайындалған тұлғалардың жолдамасына үміткер жұмыс жасайтын мемлекеттік органның басшысы қол қояды.
- Мемлекеттік орган оқуға жолдама бермеген жағдайда мемлекеттік қызметші ақпараттық жүйеде тіркелген кезде құжаттың жоқтығын көрсетеді.
- Мұндай жағдайларда мемлекеттік қызметшілерге оқуға жолдама Академияға алдын ала оқуға қабылдау қорытындылары бойынша беріледі.
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- қосымшасы бар жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;
- шетелдік азаматтарды қоспағанда, мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі В1-ден төмен емес екенін растайтын QAZAQ RESMI TEST (https://www.qrt.kz) немесе QAZTEST (http://kazakhtest.kz) сертификаты.
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері үшін – жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған қызметтік тізім; өзге үміткерлер үшін – еңбек қызметін растайтын құжат;
- электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қойылған электрондық өтініш, шетелдік азаматтар Академияның ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған өтінішті шығарып, оған қол қояды және өтініштің қол қойылған сканерленген нұсқасын жүктейді.
- Үміткер Академияның ақпараттық жүйесінде тіркелген кезде Пайдаланушы келісіміне және жеке деректерді жинау мен өңдеуге арналған келісімге қол қояды.
- Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар заңнамада белгіленген тәртіппен танылады.
- Шет тіліндегі құжаттар нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылады.
- Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар оқудың
1 (бірінші) академиялық кезеңі ішінде үміткерлер оқуға қабылдағаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім туралы құжаттарды тану рәсімінен өтеді.
- Шетелдік жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ғылыми орталықтары мен зертханалары Қазақстан Республикасының азаматтарына – «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасында білім туралы құжаттарды тану рәсімінен өтпей-ақ танылады.