2017 жылғы 19 қазанда ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Басқару институтында «Қазақстанның өңірлік дамуы» ЕуроОдақ жобасының жетекшісі Ольга Кенеллидің және «Қазақстанның өңірлік дамуы» ЕуроОдақ жобасының негізгі сарапшысы, э.ғ.д., профессор Ж.К. Бопиеваның қатысуымен «Дөңгелек үстел» форматында қонақ дәріс өтті.
Дөңгелек үстел «Өңірлік экономика және басқару», «Тиімділікті басқару», «Қаланы басқару» атты пәндердің шеңберінде профессор А.Г. Джунусбековамен, аға оқытушы А.Е. Дауешовамен ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелдің жұмысына Басқару институтының оқытушылары мен магистранттары, Академия қызметкерлері қатысты.
Интерактивті режимде өткен қызықты талқылау барысында сарапшылар Қазақстанның өңірлік дамуы бойынша жобаны жүзеге асырудағы тәжірибелерімен бөлісті, өңірлерді дамытуды басқарудағы мемлекеттік қызметшілердің көшбасшылық қасиеттерінің рөлін бағалады және өңірлерді басқарудың жаңа тиімді стратегияларын іздеудің өзекті мәселелерін талдады.
Магистранттар «төменнен-жоғары» басқарушылық шешімдерді қабылдаудың қиындықтарын, өз өңірлерінің даму проблемаларын талқылауға, оларды қызықтырған сұрақтар бойынша сарапшылық пікірді білуге мүмкіндік алды.
Сарапшылар, сондай-ақ магситрлік жобаларды дайындау бағыты бойынша магистранттардың сұрақтарына жауап берді және бағалы ұсыныстарымен бөлісті.