2017 жылдың 12–15 қыркүйегі аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Басқарушылық шешімдерді әзірлеу технологиялары» тақырыбында біліктілікті арттыру семинары өтуде.
Cеминардың ең басты мақсаты басқарушылық шешімдерді әзірлеу, талдау және іске асыру саласында практикалық дағдылар мен құзыреттерді дамыту болып табылады.
Семинар барысында семинарда басқарушылық шешімдерді әзірлеу, талдау (бағалау әдістері мен құралдары) және енгізудің практикалық аспектілері (мәселені тұжырымдау, оны шешудің балама нұсқаларын айқындау, оңтайлы нұсқаны таңдау, саясатты енгізудің тәуекелі мен күтілетін нәтижелерін болжау) ашылып көрсетіледі; мәселені шешу ұсынымдарымен бірге талдамалық құжаттарын құрастыру т.б. қарастырылатын болады.
Семинарға қатысушылар басқарушылық шешімдерді әзірлеудің қағидаттары және кезеңдерімен, басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен енгізу процесіне мүдделі тараптарды (stakeholders) тарту, басқарушылық шешімдерді тұжырымдау, мақсаттары, критерийлері, нұсқаларын айқындау кезінде қолданылатын ережелер және құралдармен танысады. Басқарушылық шешімдерді енгізу мен оңтайлы нұсқаны таңдауды негіздеудің ұсынылатын нұсқаларын талдау, болжау және бағалау дағдыларын меңгереді, сонымен қатар алға қойылған мәселені шешуге бағытталған белгілі бір басқарушылық шешімдерді енгізу бойынша ұсынымдарымен бірге талдамалық құжаттарды (policy memo, policy brief, policy paper) құрастыру дағдыларын меңгереді.
Тыңдаушылардың алдында з.ғ.к., тренер Марьяна Станиславовна Захарченко сөз сөйлейді.