Жаңалықтар

Болашақ мемлекеті: жаңа технологиялар мен мемлекеттік басқару

Академияда «Болашақ мемлекеті: жаңа технологиялар мен мемлекеттік басқару» атты халықаралық ғылыми-зерттеу конференциясы өтті. Конференцияның мақсаты мемлекеттік басқарудың өзекті мәселелерін талқылау, қазіргі заманғы мемлекеттік менеджменттің оң тәжірибесін жинақтау, цифрландыру және жаһандық сын-тегеуріндер жағдайында әлемдік дамудың болашақ сценарийлерін қарастыру болып табылады.
Конференция Академия ректоры Фатима Жақыпованың құттықтау сөзімен ашылып, кейін PhD Джозеф Там, Сиракуз университеті Максвелл мектебі (АҚШ) халықаралық бағдарламаларының басшысы Даниель Нельсон мен Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебінің түлектері қоғамдастығының мүшесі Асқар Наурызбаев қатысушыларға ізгі тілектерін жеткізді. МСҰМ-ның директоры Бауыржан Бокаев пленарлық отырыстың модераторы болды.
«Мемлекеттік басқару және цифрландырудың негізгі трендтері» атты конференцияның бірінші панелдік сессиясын МСҰМ-ның доценті, PhD Нұрлан Нұралиев ағылшын тілінде өткізді. Бірінші панельдік сессияның барысында Каунас технология университетінің (Литва) профессоры Мантас Ландаускас «On Index for Digitization and its Relationships to Environmental Protection. Discussion in the Context of Kazakhstan» тақырыбында, МСҰМ-ның тыңдаушысы, азаматтық қорғаныс капитаны Абылайхан Кенжеғұлов «Ақылды қала. Қаланың өртке қарсы қызметі» тақырыбында, М.С. Нәрікбаев атындағы КазГЮУ профессоры, заң ғылымдарының докторы Сергей Ударцев «Ғарыштық мемлекет болашақ мемлекеті ретінде: қалыптастырудың ықтимал нұсқалары» тақырыбында, Академияның ШҚО бойынша филиалының доценті, психология ғылымдарының кандидаты Галина Грызунова «Құзыреттілік тәсіл тұрғысынан мемлекеттік қызметшілерді кәсіби дамытуды басқару» тақырыбында, МСҰМ-ның докторанты Әйгерім Әмірова «Digital transformation: reshaping public authorities towards innovative civil service of Kazakhstan (case study of remuneration by results project)» тақырыбында баяндама оқыды.
«Мемлекеттік басқару мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың заманауи аспектілері» атты екінші панелдік сессияны МСҰМ-ның профессоры, экономика ғылымдарының докторы Рымкүл Исмаилова жүргізіп, онда магистранттар аталған тақырыптың өзекті мәселелері туралы сөз қозғады.
Панелдік сессиялардың соңында спикерлер іс-шара қатысушылары мен қонақтарының бірқатар сұрақтарына жауап берді.


Your browser does not support SVGs