Жаңалықтар

Академия басшылығы Германия халықаралық әріптестік жөніндегі қоғамның (GIZ) өкілдерімен кездесті.

Кездесу мақсаты GIZ-дің Қазақстандағы «Орталық Азияның жоғары таулы өңірлерінде климаттың өзгеруіне бейімделуді қарастыратын экожүйелік тәсілі» жобасы шеңберінде өзара ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау болды.

Бұл жобаны GIZ ҚР-ның Энергетика министрлігімен бірлесіп жүзеге асыруда, және де экономиканың түрлі салаларында климат өзгерісі туралы ақпаратты пайдалану үшін мүмкіндіктерді сараптауды қарастырады. Академия тарабы жобаға сарапшылық, сондай-ақ болашақта ҚР-ның тиісті мемлекеттік қызметшілері үшін тренинг ұйымдастыруда қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді.

Аталған жоба климаттық өзгерістердің экономикалық маңыздылығы туралы халықтың, әсіресе мемлекеттік қызметшілердің хабардар болуын арттыруға және саясат жасау кезінде тиісті шараларды қабылдауға әсерін тигізеді.


Your browser does not support SVGs