Академия
жаңалықтары

10
Қараша
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсының екінші (республикалық) кезеңіне қатысуға үміткерді іріктеу бойынша ЖОО ішіндегі конкурс аяқталды.

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсының ЖОО ішіндегі кезеңіне 1 оқытушы қатысты, атап айтқанда: Жансейтов Азамат Толешович –  ғылым магистрі, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалының Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру кабинетінің меңгерушісі.

2023 жылғы 9–10 қараша аралығында үміткердің құжаттарын ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының сараптамалық тобы қарады. Оқытушылардың сауалнамаларына сараптама жасалды, жүргізілген жұмыстың нәтижелері сараптамалық топтың хаттамасында көрсетілді.

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсының екінші (республикалық) кезеңіне қатысу үшін үміткерді іріктеу жөніндегі ЖОО ішіндегі комиссия отырысының хаттамасы

Барлығы
10
Қараша
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету: мәселелер мен шешу жолдары

 

Бизнес, қоғам, мемлекет – азық-түлік қауіпсіздігі мен тәуелсіздігі мәселелерін шешу үшін бірлесе жұмыс істейді.

10 қараша күні Академияда дөңгелек үстел өтті. Онда азық-түлік қауіпсіздігінің өзекті мәселелері және оны шешу жолдары талқыланды. Дөңгелек үстел «Data Driven Decision Making тұжырымдамасы негізінде жаһандық сын-қатерлер жағдайында өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін басқару» АР14871923 ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында өтті (ғылыми жетекшісі профессор Раушан Дуламбаева).

Шақырылған сарапшылар арасында MedHouse Kazakhstan ЖШС директоры, Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің мүшесі С. К. Исабаев (бизнес мүддесі), Астана қоғамдық кеңесінің ақпараттық-талдау жұмысы мәселелері жөніндегі комиссиясының мүшесі, «Бизнес, қоғам және мемлекет байланыстары жөніндегі қауымдастық» ЗТБ президенті А.Д. Өтеуова (халық мүддесі), ҚР АШМ агроазық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті басқармасының басшысы С.К. Камзина және оның орынбасары С.К. Жұрынова сөйлеген сөздері тыңдаушылар арасында қызығушылық тудырды. Азық-түлік қауіпсіздігінің физикалық және экономикалық қолжетімділігі, отандық азық-түлік тауарларының сапасын арттыру, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен (ӘМАТ) қамтамасыз ету мәселелерін шешу үшін жаңа саясатты қалыптастыру, бизнесті қолдау бағдарламаларын сүйемелдеудің бизнес-процестерін жетілдіру және т. б. өзекті мәселелер көтерілді.

Сонымен қатар дөңгелек үстел барысында 2 курс магистранттары Н. Хатипова, Ж. Халиуллин, Ж. Жақсыбекова  баяндама жасады. MRD, МРР білім беру бағдарламаларының 1 курс магистранттары да белсенді қатысты. Жиында Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешу бойынша көптеген ұсыныстар айтылды.

Кездесуде көтерілген өзекті мәселелер:

– ӘМАТ және әлеуметтік осал Халықты немесе бүкіл халықты қолдау, мемлекеттік саясат қандай болуы керек?

– Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын реттеу және оған 15% үстемеақыны бақылау қажеттілігі бар ма, әлде бағаны реттеудің нарықтық тетігі әлі де тиімді ме? Азық-түлікті нарықтық бағамен сатып алу үшін халықтың табысын арттыру қажет болуы мүмкін бе?

– Делдалдарды қалай алып тастауға, олардың қызметін төмендетуге болады? Фермер мен азық-түлік сатып алушының арасында байланыс орнату.

– Азық-түлік инфляциясының жоғары себебі неде? Бұл мәселелерді шешуде жүйелік шаралар қажет болуы мүмкін бе? Ауыл шаруашылығы өндірушілерін субсидиялау қажеттілігі бар ма? Егер бар болса, онда қауіптерді, пайданы, шығындарды ескере отырып, қолдауды іске асыру механизмдерін әзірлеу қажет.

  • Өнім сапасын арттыру факторы ретінде минералды тыңайтқыштар өндірісінің отандық әлеуетінің рөлін арттыру және т.б.

Ғылыми жобаның қатысушылары С.А. Жұмабаев, Л.И. Құсайынова, А.А. Мұсатаева және басқалары өз зерттеулерін қорытындылап, алдағы кезеңге арналған жұмыстың жаңа аспектілерін атап өтті.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша азық-түлік қауіпсіздігінің өзекті мәселелері бойынша талдамалық жазба дайындау бойынша бірлесе жұмыс істеу туралы шешім қабылданды. Кездесу барысында қызу пікірталас болды, барлық қатысушылардың – бизнес өкілдерінің, халықтың, мемлекеттік органдардың ұтымды ұсыныстары айтылды.

 

 

 

Барлығы
08
Қараша
Қытай және Орта Азия мемлекеттік басқару академияларының желісі құрылады

Мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында Қытай және Орта Азия басқару академияларының желісін құру жөнінде келісімге қол қойылды. Бұл туралы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының баспасөз қызметі хабарлады. 

Қытай Халық Республикасының астанасы Бейжіңде «Өркениетаралық байланыс және жаһандық даму» тақырыбындағы форум өтіп жатыр. Шараға Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының академиялық қызмет жөніндегі вице-ректоры Маргарита Қадырова, Академияның Қарағанды облысы филиалының директоры Серікжан Байбосынов, Ақтөбе облысы филиалының директоры Саида Сәдуақасова қатысуда. Сонымен қатар форумға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі басқармасының басшысы Жұлдыз Байжомартова қатысып жатыр. Форумның ашылу салтанатында Астана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Бәйменов баяндама жасады.

Қытай және Орта Азия басқару академияларының желісі Қытай ұлттық басқару академиясының бастамасымен құрылды. Бұл маңызды шешім Сианьда 2023 жылы мамыр айында Қытай мен Орталық Азияның 5 республикасының басын қосқан Қытай-Орталық Азия саммитінің нәтижесінде қабылданды. Сонымен қатар желінің құрылтайшыларының қатарында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы, Қырғыз Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы, Тәжікстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы, Түрікменстан Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет Академиясы және Өзбекстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы бар.

Академия вице-ректоры Маргарита Қадырова форумда сөз сөйлеп, мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру саласындағы Қазақстан мен Қытай байланысы туралы баяндама жасады.

«Өркениетаралық байланыс және жаһандық даму форумында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Қытайдың Ұлттық Басқару Академиясы арасындағы серіктестік туралы, болашақта қолға алынатын ортақ жобаларымыз бен білім бағдарламаларымыз жайлы баяндама жасадым. Сондай-ақ форум аясында көшбасшылықты дамыту және жаңғырту бағытында Қытай және Орта Азия диалогы жүргізілді. Ең басты жаңалық – бүгінгі келіссөздер нәтижесінде  мемлекеттік басқару саласын дамыту мақсатында Қытай және Орта Азия басқару академияларының желісін құру жөнінде келісімге қол қойылды. Аталған келісім мемлекеттік қызметшілерді оқыту, Академиямен ортақ зерттеулер жүргізу, тәжірибе алмасу, тренингтер өткізу, жалпы мемлекетті басқару  бағытындағы жобаларды өзара сенім мен сыйластық, ашықтық қағидаттарына сүйене отырып жүзеге асыруға бағытталған», – деді Маргарита Бөлегенқызы.

Қытайда Басқару академиясы мен Жоғары партия мектебі біріктірілген. Академия ректоры Үкімет басшысының орынбасары болып табылды. Академия Қытай елінің идеялогиясын қалыптастыру мен айқындауда басты қызмет атқарады. 20 млн жуық мемлекеттік және партия қызметкерлері мен ірі мемлекеттік кәсіпорындар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру – осы жоғары оқу орнының тікелей міндеті.

Барлығы
08
Қараша
ЕҰУ студенттері Мемлекеттік басқару академиясының қызметімен танысты

Бүгін Еуразия ұлттық университеті Заң факультетінің студенттері Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында қонақта болды.

Жастарды Академия ректоры Ерлан Қуанышұлы Әбіл қарсы алып, оқу ордасының негізгі бағыттарымен, қызметімен, құндылықтарымен таныстырды. Болашақта Академияда магистратурада кәсіби білімін жетілдіргісі келетін студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Кәсіби даму институтының директоры Зухра Қарамалаева мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырса, Білім алушылар мен түлектерді қабылдау және қолдау секторының бас сарапшысы Қарлығаш Шәкірқызы оқуға қабылдау процесі туралы толық ақпарат берді. Сондай-ақ Білім беру қызметінің сапа секторы меңгерушісі Шырын Сисенғалиева Академиядағы оқу процесі, тағылымдамадан өту жолдары жайында айтып берді. Қоғаммен байланыс секторының меңгерушісі Аяжан Мадибекова Академия ғимаратын таныстырып, Қазақстан Республикасының Парламенті болған залдарды, тарихи орындарды көрсетті. Ақпараттық-ресурстық сектордың бас сарапшысы Ақмарал  Қасымбекова мұражайдағы тарихи құжаттармен таныстырса, Ақпараттық-ресурстық сектор меңгерушісінің м.а Жанар Абылхаир кітапхана қоры туралы айтып, ақпараттық-ресурстық орталық жұмысы жайлы ақпарат берді.

3,4 курс студенттері оқу бітірген соң мемлекеттік қызметке орналасып, болашақта Академияда магистратура және докторантура білім бағдарламалары бойынша оқығысы келетіндерін айтты.

Барлығы
06
Қараша
«А» корпусының мемлекеттік қызметшілерін оқыту басталды

Бүгін Академияда арнайы қайта даярлау курстары бағдарламасы бойынша «А» корпусының мемлекеттік қызметшілерін оқыту басталды.

Бағдарламаның ашылуына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай, ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет бөлімінің меңгерушісі Руслан Тұрғаналы, ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімі меңгерушісінің орынбасары Берік Жәкенов және бағдарламаның модераторы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл қатысты.

Дархан Медеғалиұлы шараның ашылуында бағдарлама қатысушылары, ең алдымен, мемлекеттік органдардың кадр мәселесімен тікелей айналысатын басшылар екенін атап өтті. Осыған орай, өзгерістерді басқару сұрақтарына назар аударатын бағдарлама әзірленді.

«Өзгерістерді адамның өзінен бастау керек. Өзгеріс болған жерде даму да, соған сай нәтиже де болатыны сөзсіз», – деді Дархан Медеғалиұлы.

Оқытудың негізгі мақсаты – жұмыс процестерін өзгерту, деректермен және статистикалық мәліметтермен жұмыс істеу, стратегиялық кадрлық мәселелер, БАҚ-пен өзара әрекеттесу және оқуда меңгерген теорияны мемлекеттік органдарда  тәжірибе жүзінде қолдану.

Өз кезегінде ҚР Президенті Әкімшілігінің өкілдері Тұрғаналы Руслан Мұхтарұлы мен Жәкенов Берік Оралұлы реформаларды жүзеге асыру және кәсіби аппаратты қалыптастыру мақсаттарына жету үшін алған білімдері мен тәсілдерін пайдаланудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ мемлекеттік органдардың аппарат басшылары мен комитет төрағалары рөлінің маңыздылығы туралы айтылды.

«Сіздер мемлекеттік органдардың артериясысыздар және мемлекет алдында үлкен жауапкершіліктеріңіз бар», – Руслан Мұхтарұлы өз сөзінде.

Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Қуанышұлы бағдарламаның «А» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің басқару құзыретін жетілдіру және мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Оқыту нәтижелері бойынша қатысушылар өз бөлімдерінің негізгі бағыттары бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейді және Ted Talks форматында қорғап, оқыту бағдарламасының соңғы аптасында арнайы шешімдерін ұсынады.

Барлығы
03
Қараша
Сайлау комиссиясы мүшесінің құзыретіліктерін жетілдіру

2023 жылғы 3 қарашада «Сайлау комиссиясы мүшесінің құзыретіліктерін жетілдіру» тақырыбында сайлауды ұйымдастырушыларға арналған оқыту курсы өтті. Оқыту курсына Астана қаласының 4 ауданынан 120 тыңдаушы қатысты.

Оқыту курсының мақсаты – аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің құзыреттіліктік деңгейін арттыру.

Оқыту курсының міндеттері:
1) сайлау комиссиялары қызметінің өзекті мәселелерімен таныстыру;
2) сайлау комиссиясы мүшесінің сайлау мәдениетін және оң имиджін қалыптастыру дағдыларын дамыту;
3) жанжалды жағдайларды реттеудің әлеуметтік-психологиялық технологияларын зерделеу;
4) сайлау процесіне қатысушылармен коммуникация әдістерін пысықтау;
5) сайлауды бақылаудың халықаралық тәжірибесімен таныстыру, халықаралық байқаушылармен өзара іс-қимыл бойынша ұсыныстар беру.

Семинар соңында әр қатысушыға курстан өткені туралы сертификат берілді.

Шараны Академияның Электоралдық оқыту орталығы ұйымдастырды.

 

 

 

Барлығы
03
Қараша
«Даму күні» аясында өткен шаралар

Академияда «Даму күні» аясында «KazAID» қазақстандық халықаралық даму агенттігінің Басқарма төрағасы Аркен Кеңесбекұлы «Қазақстанның халықаралық даму мақсатындағы ынтымақтастық бағыты бойынша рөлі» тақырыбында дәріс оқыды.

Ольстер университетінің профессоры Колин Нокс және Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің декан орынбасары Дина Шарипова «Publishing in academic journals: navigating the process» тақырыбында тәжербиесімен бөлісті.

Белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, экс-сенатор Төлеубек Мұқашев және мәдениеттанушы-философ, саяситехнолог Абылайхан Қалназаровпен кездесу өтті. Жиында екі автордың «Мәслихат депутаты қандай болу керек?» кітабы таныстырылды. Кездесуге Академия ректоры Ерлан Әбіл, профессорлық-оқытушылық құрам, магистранттар және докторанттар қатысты. Шара соңында авторлар Академия кітапханасына кітабын тарту етті.

Сондай-ақ магистранттар арасында апта сайынғы НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН? интелектуалды сайысы өтті.

2GIS маркетинг бөлімінің басшысы, «Qazaqstan Graduates Association in UK Ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Есентай Қуаныш «Көшбасшылық, Z буын қызметкерлерін басқару» тақырыбында дәріс оқып, қызықты ақпараттармен бөлісті.

Басқару институтының профессоры, психология ғылымдарының кандидаты Ане Арзиевна магистрлік жобаны дұрыс жазудың қыр-сырымен бөлісті.

 

Барлығы
01
Қараша
Модульдік оқыту қағидаты бойынша магистратураға қосымша қабылдау басталды

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік қызметші емес тұлғалар үшін модульдік оқыту қағидаты бойынша магистратура бағдарламаларына қосымша қабылдау басталды. Құжаттар 1-30 қараша аралығында онлайн форматта қабылданады.

Академия ректоры Ерлан Әбіл үміткерлер қандай білім беру бағдарламаларына оқуға түсе алатынын айтты.

«Модульдік оқыту қағидаты бойынша ақылы түрде білім алушылар оқуын жұмыспен қатар алып жүре алады. Оқу бағдарламасы 4 модульден тұрады. Оқыту онлайн және офлайн форматта жүргізіледі. Құжаттар «ЕМРА – Мемлекеттік басқару» және «MRDm – Өңірлік даму» магистрлік білім беру бағдарламалары бойынша қабылданады. Конкурстық іріктеудің барлық кезеңі офлайн форматта Академия қабырғасында өтеді», – деді ректор.

Айта кетейік, «Мемлекеттік басқару» бағдарламасына басшылық лауазымда кемінде екі жыл, ал «Өңірлік даму» бағдарламасына кемінде екі жыл жалпы еңбек өтілі бар тұлғалар қабылданады.

Құжаттарды қабылдау Мемлекеттік басқару академиясының ақпараттық жүйесі арқылы ОНЛАЙН форматта жүзеге асырылады (https://admission.apa.kz/kk).

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. Жеке басын куәландыратын құжаттың сканерленген нұсқасы.
  2. Қосымшасы бар жоғары білім туралы құжаттың сканерленген нұсқасы.
  3. Шетел азаматтарын есептемегенде, мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі В1 деңгейінен төмен емес екенін растайтын QAZAQ RESMI TEST (https://www.qrt.kz) немесе ҚАЗТЕСТ (http://kazakhtest.kz сертификаты.
  4. Еңбек қызметін растайтын құжат.
  5. Өтініш (ЭЦҚ қол қойылған).

Байланыс нөмірлері: +7 7172 75 33 95, +7 7172 75 34 43, +7 775 075 33 95, +7 775 075 34 43.

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының баспасөз қызметі

 

Барлығы
30
Қазан
Қауіпсіздік және тұрақты даму контекстіндегі Еуразиядағы көші-қон

Академия өкілдері 2023 жылғы 26-28 қазанда Алматы қаласында өткен «Қауіпсіздік және тұрақты даму контекстіндегі Еуразиядағы көші-қон: ынтымақтастықтың негізгі тенденциялары, қиындықтары мен перспективалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Іс-шараны Халықаралық қатынастар факультеті жанындағы «Аймақтық қатынастарды зерттеу» ғылыми-зерттеу орталығы мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Ғылымды дамытудың халықаралық орталығы» ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырды.

Форумның ашылуында Академияның ғылыми қызмет жөніндегі вице-ректоры, ф.ғ.д., профессор Әлия Масалимова құттықтау сөз сөйледі. Вице-ректор өз сөзінде Академияның әртүрлі жобаларға, оның ішінде еңбек және білім беру көші-қонына байланысты сараптамалық және ғылыми-зерттеу жобаларына қатысуы туралы айтты. Академия көші-қон саласында да, климат пен қоршаған ортаның өзгеруі саласында да түрлі жобаларға қатысатынын атап өтіп, Халықаралық көші-қон ұйымымен, БҰҰ көші-қон агенттігімен серіктестік орнататын бағыттары жайлы айтты.

Атап айтқанда, тараптар бірлесіп тренерлерді даярлау үшін оқытулар, орталық аппарат пен жергілікті билік органдарының мемлекеттік қызметшілеріне арналған семинарларды өткізеді. Академия мен оның өңірлік филиалдарының базасында бірнеше рет өңірлердің Мемлекеттік қызметшілерінің мигранттарға олардың әлеуметтік-экономикалық, мәдени интеграциясына және «Оңтүстік-Солтүстік» қоныс аудару кезінде тез бейімделуіне көмек көрсету мәселесі бойынша әлеуетін арттыру мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылды. Академияда көші-қон саласы, еңбек көші-қонын мемлекеттік реттеу, өңірлердегі еңбек ресурстарын еліміздің еңбек тапшылығы бар өңірлерге көшіру механизмін жетілдіру және т.б. аспектілерді зерттеуге бағытталған магистрлік, докторлық диссертациялар дайындалады.

Сонымен қатар 2022 жылдың маусым айынан бастап Академия Елдік үйлестіру тетігінің қатысушысы және оның өкілі – Академия Серпінді зерттеулердің артықшылығы
және талдау ғылыми орталығының бас сарапшысы Құралай Нұрбек. Естеріңізге сала кетейік, ХКҰ мемлекеттік көші-қон саясатын іске асыру мәселелері бойынша шешімдер мен ұсынымдарды сараптамалық талқылауға және әзірлеуге бағытталған Ұлттық платформа болып табылады. Академияның бас сарапшысы Еуразиядағы көші-қон процестеріне арналған пленарлық отырыста «Қазақстандағы Халықаралық еңбек мигранттарының кейбір проблемалары мен жағдайы туралы» баяндама жасады. Спикер көші-қон процестерін үйлестіруге қатысатын мемлекеттік органдардың ведомствоаралық өзара іс-қимылын күшейтудің маңыздылығына баса назар аударды.

Конференция жұмысына Үндістаннан, Жапониядан, Түркиядан, Франциядан, Испаниядан, Бразилиядан, Португалиядан көші-қон саласындағы шетелдік ғалымдар мен сарапшылар, Люксембург Роза қоры, Oxus Society for Central Asian Affairs, сондай-ақ «Отандастар» қоры (Қазақстан) қатысты. Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар көші-қон, қауіпсіздік және интеграция мәселелері бойынша академиялық қоғамдастықпен және практиктермен институционалдық ынтымақтастықты жалғастыру туралы келісті.

 

Барлығы
27
Қазан
Өзбекстан Құқық қорғау академиясы басшылығымен кездесу

Академия ректоры Өзбекстанға іссапары аясында, яғни 25 қазанда Өзбекстан Республикасының Құқық қорғау академиясының бірінші орынбасары Евгений Вячеславович Коленкомен кездесті. Кездесуде екі Академияның оқу процесі, оның ішінде оқу бағдарламалары, цифрландыру және ғылыми-зерттеу қызметіне қатысты негізгі мәселелер талқыланды. Сонымен қатар басшылар жобалық менеджментті дамыту бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, ассессмент саласында тәжірибе алмасуға қызығушылық білдірді.

Айта кетейік, Өзбекстан Республикасының Құқық қорғау академиясы 2022 жылдың 28 қарашасында құрылды. Оған дейін Өзбекстан Республикасы Бас прокуратурасының академиясы ретінде қызметін атқарған еді.

Барлығы
26
Қазан
Түркітілдес мемлекеттер ұйымына мүше елдер өкілдерінің кездесуі

2023 жылдың 23-24 қазан аралығында Самарқанд қаласында Түркітілдес мемлекеттер ұйымына (ТМҰ) мүше елдердің Адами ресурстарына жауапты мекеме басшыларының екінші кездесуі (The 2nd Meeting of Heads of Agencies Responsible for the Development of HR) өтті.

Кездесуге Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркия мемлекеттерінің өкілдері қатысты. Әрбір ел делегаттары мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін дамыту және мемлекеттік қызметтегі жаңашылдықтар бойынша өз тәжірибелерін таныстырып, өзекті мәселелерді қозғады.

Академия ректоры Ерлан Әбіл құзыреттілік негізінде білім беру тақырыбында баяндама жасап, Академиядағы құзыреттерді бағалау, білім алушылардың кәсіби әлеуетін дамыту және оқу траекториясын құру сынды мәселелерге тоқталып өтті.

Орталық Азия елдерінің Академия басшылары мемлекеттік қызметшілерді оқыту, кадрларды даярлау мәселелерін талқыға салды. Түркия HR офисінің Президенті соңғы жылдары жүзеге асырылған бірлескен жобалар мен іс-шаралар және жеткен жетістіктерді атап өтті. Сонымен қатар кездесуге қатысушылар Түркітілдес мемлекеттер арасында жастар саясаты және білім беру саласында ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін жеткізді.

24 қазанда ТМҰ-ға мүше елдердің Адами ресурстарына жауапты мекеме басшыларының екінші кездесуі аясында Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия мемлекеттерінен келген делегация Өзбекстандағы жергілікті басқарудың бір мысалы – «Махаллебай» жүйесінің қызметімен танысты.

Кездесуде Куштамгали махалласының мысалында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында махаллебей (шағын аудан өкілдерінің) жүйесінің қаншалықты маңызды екені, жергілікті деңгейде халықтың қажеттіліктері мен сұраныстарын ескере отырып шешім қабылдаудағы рөлі түсіндірілді.

Осылайша тараптар жергілікті халықтың күнделікті мәселелерінің қалай шешілетіні және олардың жергілікті билік өкілдерімен қарым-қатынасын бақылау мүмкіндігін алып, тәжірибе алмасты.

 

Барлығы
26
Қазан
Ұлттық байланыс орталығының сараптамалық бағалауы өтті

24 қазанда Академияның Серпінді зерттеулердің артықшылығы
және талдау ғылыми орталығы басшысы және бас сарапшысы Анар Есенгельдина мен Жазира Искиндирова Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Хатшылығы және Франция, Оңтүстік Корея, Египеттің Ұлттық байланыс орталықтарының өкілдерімен кездесуге қатысты.

Академия қызметкерлері жиынға Экономикалық зерттеулер институтының шақыруымен ҰБО сараптамалық бағалауына азаматтық сектор өкілдері ретінде қатысуға шақырылды. Сараптамалық бағалау ҰБО жұмысының ЭЫДҰ Нұсқаулығына арналған процедуралық басшылықта белгіленген негізгі критерийлерге сәйкестігін талдау үшін қажет. Бағалау 24-26 қазан аралығында өтті.

Ұлттық байланыс орталығы (ҰБО) – ЭЫДҰ-ның Басқарушы қағидаттарына сәйкес бизнесті жауапты жүргізу қағидаттарын бұзатын кәсіпорындарға халықтың шағымдарын қарайтын алқалы кеңесші орган. Қазақстандағы ҰБО функциялары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне бекітілген және төрағасы – ҚР Ұлттық экономика министрі.

 

Барлығы
20
Қазан
EAPAA аккредиттеуінен сәтті өтті
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының келесідей төрт магистрлік білім беру бағдарламасы EAPAA-ның халықаралық аккредитациясынан сәтті өтті:
  • «Мемлекеттік басқару» (Public Administration);
  • «Экономика» (Economics);
  • «Мемлекеттік саясат» (Public Policy);
  • «Халықаралық қатынастар» (International Relations).
EAPAA (European Association for Public Administration Accreditation) аккредитациясы – NASPAA (АҚШ) аккредиттеу қауымдастығы сияқты мемлекеттік басқару саласындағы оқыту бағдарламаларына арналған әлемдегі ең беделді аккредиттеу қауымдастықтарының бірі. Білім беру бағдарламаларын іске асыратын Академия сапаны қамтамасыз етудің барлық стандарты бойынша өзін-өзі бағалау туралы есептерді дайындап, оларды растайтын қосымшаларымен бірге техникалық сараптамаға жіберді. 2022 жылғы 20-24 қараша аралығында сараптамалық топ келіп, аудит жүргізді. Топтың аудит жүргізу бағдарламасына сәйкес Академияның басшылығымен, профессор-оқытушылар құрамымен және құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерімен сұхбат жүргізілді. Аккредиттелетін білім беру бағдарламаларының материалдық-техникалық базасы да тексерістен өтті. Ақпаратты толық растау үшін аккредиттелетін білім беру бағдарламалары (жалпы негізгі курстар) бойынша оқитын білім алушылармен және профессор-оқытушылар құрамымен сұхбат жүргізілді. «Site-visit» аяқталғаннан кейін жұмыс тобы ұсынылған білім беру бағдарламалары бойынша жиынтық бағалау жасады. Сарапшылар тобы есеп жасап, ол 2023 жылдың 5 қыркүйегінде Хорватияның Загреб қаласында EAPAA Аккредиттеу кеңесінде қарауға ұсынылды. 2023 жылғы 5 қыркүйекте EAPAA Аккредиттеу кеңесінің шешімімен жоғарыда аталған 4 магистрлік білім беру бағдарламасын халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті деп тану және сертификаттау туралы қаулы шығарылды. Академияның тәуелсіз халықаралық аккредиттеу рәсімінен өтудегі басты мақсаты іске асырылып жатқан білім беру бағдарламаларының сапа деңгейін растау, профессор-оқытушылар құрамының кәсібилігін бағалау, ESG халықаралық стандарттарына сай болу, сондай-ақ Академияның мақсатты аудиториясы іс басындағы мемлекеттік қызметшілер мен әртүрлі қызмет салаларындағы қызметкерлер болғандықтан, ЖОО түлектерінің мемлекеттік басқару саласында еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін растау болып табылады. EAPAA-ның біздің білім беру бағдарламаларымызды халықаралық деңгейде тануы Академияға аккредиттелген жоғары оқу орындарымен бірлескен қос дипломды білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді.
Барлығы
16
Қазан
Миннесота университеті өкілдерімен кездесу

Бүгін Академияда АҚШ-тың Миннесота университетінің Білім беру және адами ресурстарды дамыту колледжінің (CEHD) өкілдерімен кездесу өтті. Америкалық ғалымдар делегациясы қазақстандық әріптестерімен кәсіби байланыс орнату және жоғары оқу орындарының қызметімен танысу үшін келді.

Кездесуде оқыту, көшбасшылық және білім беру саласындағы мүмкіндіктер, сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасы бойынша Академия қызметкерлерінің Visiting Scholars тағылымдамасынан өту мүмкіндіктері талқыланды. Сондай-ақ делегация Академияда graduate certificate бағдарламасын және executive бағдарламасын жүзеге асыру тәжірибесімен танысты. Миннесота университеті – зерттеу көлемі бойынша public research universities арасында 10-шы орында. Жоғары оқу орындары арасындағы бұл ынтымақтастық Академия оқытушыларына американдық университеттерде білім мен тәжірибе алмасу үшін қосымша мүмкіндіктер береді және білім беру, көшбасшылық, зерттеу саласындағы кәсіби байланыстарды дамытуға ықпал етеді.

Атап өтейік, Қолданбалы зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Жанат Момынқұлов өткен жылы Миннесота университетінің осы факультетінде «Білім және ғылым саласындағы басқару» мамандығы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті.

Барлығы
16
Қазан
«Жаңа формация басшысы» бағдарламасы бойынша оқыту басталды

 

16 қазанда Академияда саяси қызметкерлерге арналған «Жаңа формация басшысы» бағдарламасы бойынша оқыту басталды. Бағдарламаны Академия Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебімен бірлесіп жүзеге асырады.

Оқыту курсының ашылу салтанатына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Жазықбай Дархан Медеғалиұлы, ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет бөлімінің меңгерушісі Тұрғаналы Руслан Мұхтарұлы, ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі Сапиев Бақытжан Шаймұхаметұлы, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Қуанышұлы Әбіл, Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің деканы Вэнг Тат Хуэй қатысты.

Жазықбай Дархан Медеғалиұлы өзінің құттықтау сөзінде «Жаңа формация басшысы» бағдарламасының қатысушылары, ең алдымен, халықтың өмір сүру сапасы мен жалпы әл-ауқатын жақсарту үшін бар күш-жігерін салатын басқарушылар екенін атап өтті. Сондай-ақ ол басшылардың басты міндеттерінің бірі халыққа ашық болу, қоғам сұранысына жедел жауап беру, сол арқылы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаттарын ұстану маңызды екенін айтты.

Өз кезегінде ҚР Президенті Әкімшілігінің өкілдері Тұрғаналы Руслан Мұхтарұлы мен Сәпиев Бақытжан Шаймұхаметұлы мемлекет басшысының алға қойған міндеттері бойынша саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардағы күш-жігерді біріктірудің маңыздылығын атап өтіп, бұл бағдарламаны бірлесе жүзеге асырудың тұғырнамасы болуы керек екенін айтты.

«Сіздер оқыту бағдарламасы аясында тиімді қызмет көрсету және басқару үшін стратегиялық, бейімделгіш, икемді көшбасшы болуға көмектесетін білім мен дағдыларды меңгеруді мақсат етеді деп үміттенемін», – деді өз сөзінде НУ ЖМСМ деканы Вент Тат Хуэй.

Академия ректоры Ерлан Қуанышұлы бағдарлама саяси қызметкерлердің басқару дағдыларын дамытуға бағытталғанын және үш негізгі модуль – жүйелік ойлау, коммуникация және менеджменттен тұратынын атап өтті.

Тренинг нәтижелері бойынша қатысушылар мемлекеттік басқарудың негізгі бағыттары бойынша жобалар әзірлеп, бағдарламаның соңғы аптасында өз шешімдерін ұсынады.

Барлығы

Your browser does not support SVGs