Академия
жаңалықтары

26
Мамыр
Электоралдық оқыту: заманауи тәсілдер, форматтар және технологиялар

Академияда «Электоралдық оқыту: заманауи тәсілдер, форматтар және технологиялар» тақырыбында 2 күндік оқыту курсы өтті.

Барлығы
19
Мамыр
Сайлау ұйымдастырушылары кәсіби құзыреттіліктерін арттырды

Академияда «Аумақтық сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастыру негіздері» тақырыбында оқыту курсы өтті.

Барлығы
18
Мамыр
Ректордың Қытай Ұлттық мемлекеттік басқару академиясы өкілімен кездесуі

Академия ректоры Ерлан Әбіл Астана мемлекеттік қызмет хабының «МЕРИТОКРАТИЯ. АДАЛДЫҚ. ИННОВАЦИЯ» тақырыбында өткен конференциясы аясында Қытай Ұлттық мемлекеттік басқару академиясы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеулер орталығының жетекшісі Жу Лингжунмен кездесті.

Барлығы
18
Мамыр
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҮШ ТАҒАНЫ: «Меритократия. Адалдық. Инновациялар»

Әлемнің 30 елінің өкілдері мемлекеттік қызметтің тұғырлы үш мәселесін Астана мемлекеттік қызмет хабының «Меритократия. Адалдық. Инновациялар» атты жыл сайынғы конференциясында талқылауда.

Барлығы
17
Мамыр
Қоғаммен жүйелі байланыс орнату маңызды
17 мамырда мемлекеттік қызметшілердің қоғаммен байланысын жақсарту мақсатында өткен «Көпшілік алдында сөйлеу. БАҚ-пен өзара әрекеттесу» семинары аяқталды.
Барлығы
15
Мамыр
«Көпшілік алдында сөйлеу. БАҚ-пен өзара әрекеттесу» семинары басталды
Бүгін мемлекеттік қызметшілердің қоғаммен байланысын жақсарту мақсатында «Көпшілік алдында сөйлеу. БАҚ-пен өзара әрекеттесу» семинары басталды. Шара Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдауымен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында өтіп жатыр.
Барлығы
05
Мамыр
Өңірдің дамуы және болашағы
Академия магистранттары мен докторанттары Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің профессоры Бердібек Сапарбаевпен кездесті.
Барлығы
04
Мамыр
Академияның ғылыми-білім беру әлеуетін дамытуға арналған EBSCO электрондық ресурстары

26 сәуірде Академияда «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ғылыми-білім беру әлеуетін дамытуға арналған EBSCO электрондық ресурстары» атты ақпараттық-әдістемелік семинары өтті. Семинарды EBSCO-ның Қазақстандағы аймақтық өкілі Александр Рытов өткізді.

Семинар екі бөлімнен тұрды: бірінші бөлімі Академияда қазіргі кезде бар EBSCO электрондық ресурстарына шолу жасауға арналды. Екінші бөлімде EBSCOhost платформалары көрсетілді, ғылыми ақпаратты іздеу және онымен жұмыс істеу әдістері қарастырылды.

 

 

 

 

Барлығы
28
Сәуір
АШЫҚ ҮКІМЕТ ЖӘНЕ БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА МӘДЕНИЕТІ: ЕСТУ, ТҮСІНУ, ӘРЕКЕТ ЕТУ

2023 жылдың 27-28 сәуірінде ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Ашық үкімет және басқарудың жаңа мәдениеті: есту, түсіну, әрекет ету» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Шара Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қолдауымен және Астана Мемлекеттік қызмет хабының қатысуымен ұйымдастырылды.

Барлығы
27
Сәуір
ЕЛОРДАДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ БАСТАЛДЫ

Бүгін елордада «Ашық үкімет және жаңа басқару мәдениеті: есту, түсіну, әрекет ету» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысы басталды.

Барлығы
21
Сәуір
Академия ректоры Алматы облысына іссапармен барды

20 сәуір күні Академия ректоры Ерлан Қуанышұлы Әбіл ресми іссапармен Алматы облысының орталығы Қонаев қаласына барды.

Барлығы
14
Сәуір
Академияда ISO 37001 стандарты бойынша халықаралық сертификаттау мәселелері талқыланды
14 сәуір күні Мемлекеттік басқару академиясында ISO 37001 стандарты бойынша халықаралық сертификаттау мәселелерін сараптамалық талқылау мақсатында эксперттік кездесу өтті.

Барлығы
14
Сәуір
«ВОСХОЖДЕНИЕ ПО НИСХОДЯЩЕЙ» КІТАБЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ
Бүгін ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Даму күні» шарасы аясында тарихшы, «Восхождение по нисходящей» кітабының авторы Нұртай Агубаевпен кездесу өтті.

Барлығы
03
Сәуір
Мемлекеттік қызметшілерді оқытуға қатысты заңнамалық актілерге бірқатар өзгерістер енгізілді

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының  ректоры Ерлан Әбіл  баспасөз мәслихатында хабарлады.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының 15-бабы 5-тармағына сәйкес, Академияда мемлекеттік тапсырыс бойынша B+ (GPA 3,33) мәнінен төмен емес оқу нәтижесімен оқуын бітірген адамдар оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде жергілікті атқарушы органдарда, мәслихаттар аппараттарында, ревизиялық комиссияларда, орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінде (астана мен оның аудандарындағы жергілікті атқарушы органдардан, мәслихат аппаратынан, ревизиялық комиссиялардан, орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінен басқа) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен және оның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша конкурс өткізілместен орналаса алады», – деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабы 2-тармағына сәйкес, жоғары оқу орындарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бұрын білім алған мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша Академияға магистратураға немесе докторантураға қайта оқуға түсе алады.

 

Барлығы
03
Сәуір
Мемлекеттік басқару академиясында 2023 жылға қабылдау басталды
Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында магистратура және докторантураға оқуға құжат қабылдау басталды. Академияда өткен баспасөз мәслихатында ректор Ерлан Әбіл құжаттарды қабылдау 29 маусымға дейін https://admission.apa.kz порталында жүргізілетінін атап өтті.
Барлығы

Your browser does not support SVGs