Академия
жаңалықтары

23
Қыркүйек
«Қазақстан Республикасындағы сайлау процесі: теория және тәжірибе» тақырыбында оқыту курстары өтті

21-23 қыркүйек аралығында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың, қалалардың, аудандардың және қаладағы аудандардың жастар ұйымдарының өкілдері үшін «Қазақстан Республикасындағы сайлау процесі: теория және практика» оқыту курстары өтті.

Барлығы
09
Қыркүйек
TIKA-мен ынтымақтастық аясындағы кездесу өтті

TIKA-мен (Түркияның ынтымақтастық және координация ұйымымен) кездесу өтті. Академия ректоры Ерлан Әбіл ТИКА-ның Қазақстандағы өкілі Хикмет Озденоглу және ТИКА-ның Қазақстандағы өкілінің орынбасары Ихсан Эрген кездесу барысында Академияның миссиясын, тарихы мен болашаққа бағдарымен таныстырды.

Барлығы
05
Қыркүйек
Академияда 2022-2023 оқу жылы Бағдарлау аптасынан басталды

Бағдарлау аптасында Академияға оқуға түскен магистранттар, докторанттар үшін алғашқы таныстық орын алды. Академияның басшылығы мен профессорлары оларға оқу орнының миссиясын, құндылықтарын, құрылымы мен мүмкіндіктерін кеңінен таныстырды.

Барлығы
26
Тамыз
Академия ректорының 2022 жылғы 23-25 тамыздағы Әзірбайжанға сапары
Академия ректоры Ерлан Әбілдің Әзірбайжан Республикасына ресми сапары барысында АДА университеті ректоры Хафиз Пашаев, Әзірбайжан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры Урхан Алакпаров және Әзірбайжан Мемлекеттік емтихан орталығының директорлар кеңесінің төрайымы Малейка Аббасзадемен кездесуі өтті.
Барлығы
22
Тамыз
«Жаңа формация басшысы» – саяси мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау

«Жаңа формация басшысы» саяси мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау бағдарламасының ашылуы 22 тамыз күні болды.

Барлығы
17
Тамыз
Оқу гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Биыл ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсу үшін барлығы 1 881 адам құжат тапсырып, оның ішінде 1 153 үміткер жіберілген болатын.

Барлығы
09
Тамыз
«QAZAQSTAN PROJECT MANAGEMENT AWARDS-2022» ЖЫЛ САЙЫНҒЫ КОНКУРСЫ ЖОБА КОМАНДАЛАРЫН КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАДЫ!

«QAZAQSTAN PROJECT MANAGEMENT AWARDS-2022» – жобаларды басқару саласындағы үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып жатқан ұлттық конкурс. Биылғы жылы конкурстың ресми серіктесі «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ болып табылады.Конкурс келесідей бірнеше кезеңнен тұрады: конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау, есептерді жинау, конкурсқа қатысушылардың асессорлармен виртуалды сұхбаты және жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне қатысу үшін финалистердің презентациялары мен бейнероликтерін дайындау. Алғашқы екі кезең 15 тамызға дейін жалғасады, сондықтан қатысушылар өтінім беріп, есептерді тапсырып үлгеруі маңызды.

Бүгінгі таңда конкурсқа қатысуға мемлекеттік органдардан, квазимемлекеттік сектордан, үкіметтік емес ұйымдардан, бизнестен және ЖОО-нан 200-ге жуық өтінім келіп түсті.

Конкурс аясында мынадай негізгі үш номинация бойынша жеңімпаздар анықталатын болады: «Жылдың үздік жобасы», «Жылдың үздік жоба менеджері», «Жылдың үздік жобалық кеңсесі». Сондай-ақ, келесідей арнайы номинациялар қарастырылған – «Үздік РМ-тренер», «Балаға мейірімді үздік жоба». Биылғы жылы тағы бір арнайы номинация – «Мемлекеттік аппараттың қызметін жетілдіру бойынша үздік жоба» номинациясы енгізіліп отыр, оған қатысушылар бюрократияны қысқартуды, жүйелі реинжинирингті және ішкі рәсімдер мен процестерді оңтайландыруды ынталандыратын жобалық идеяларды ұсынуы тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, «Жылдың үздік жоба менеджері» номинациясы бойынша жеңімпаздар Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығын тапсыру рәсімінде марапатталады.

Айта кету керек, «QAZAQSTAN PROJECT MANAGEMENT AWARDS» ұлттық конкурсы халықаралық қоғамдастықтың жоғары бағасына ие болды және 2021 жылы IPMA «Global Project Excellence Awards» дүниежүзілік жобалар байқауының алтын жүлдегері атанды.

Баршаңызды «QAZAQSTAN PROJECT MANAGEMENT AWARDS – 2022» ұлттық конкурсына қатысуға шақырамыз. Өз жобаларыңызды бүкіл жұртқа таныстыру мүмкіндігінен қапы қалмаңыздар!

 

Толық ақпаратпен www.apa.kz сайтында «Жобалық офис» бөлімі – «Конкурс» бөлімшесінде танысуға болады.

 

АНЫҚТАМА ҮШІН: Конкурстың ұйымдастырушылары: ҚР Президенті Әкімшілігі, ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы. 

Конкурстың ресми серіктесі: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚҚазақстан Республикасы Үкіметінің негізгі институты, оның жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады. Холдинг мынадай 7 еншілес ұйымнан тұрады: «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Даму» КДҚ» АҚ, «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ, «ЭСК» Kazakh Export» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ.                    

Қаржы операторы ҚР Жоба менеджерлерінің одағы болып табылады.

Байланыс деректері: +7 (700)-216-86-97 (басшы); +7 (747)-688-39-32 (БАҚ үшін)

Барлығы
05
Тамыз
Жобалық менеджмент бойынша оқыту және сертификаттау

ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы 2021 жылғы 4 қарашадағы тапсырмасына сәйкес, сондай-ақ ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың ағымдағы жылғы 1 ақпандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте берген тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Академиямен бірлесіп, мемлекеттік қызметшілердің жобалық менеджмент саласындағы біліктілігін арттыру бойынша жұмыс жүргізуде.

Іс-шара біліктілікті арттыру курстары шеңберінде ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы және оның аумақтық филиалдары базасында жобалау офистерінің қызметкерлерін, жобалау қызметіне тартылған мемлекеттік қызметшілерді оқытуды және сертификаттауды көздейді.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік органдардан қызметкерлерді жобалық менеджмент бойынша оқыту және сертификаттау қажеттілігіне сұрау салуды жүзеге асырды. Оқыту және сертификаттауға жалпы саны – 619 адамды құрады.

Жарғыға сәйкес Академия мемлекеттік басқаруда жобалық менеджментті дамытуды және енгізуді жүзеге асырады, сондай-ақ жобалық менеджмент саласында кәсіби сертификаттауды жүзеге асырады.

Академия базасында Ұлттық аккредиттеу орталығының ҚР аккредиттеу жүйесіндегі ГОСТ ISO/IEC 17024-2014 талаптарына сәйкес аккредиттеу аттестаты бар, персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі Мемлекеттік басқаруда жобалық менеджментті дамыту орталығы жұмыс істейді.

Академиямен жобалық басқаруды қолдану тәсілдері мен стандарттарын жүйелеу мақсатында ҚР СТ ISO 21500-2014 «Жобаларды басқару бойынша басшылық» Ұлттық стандарты негізінде жобалық менеджмент бойынша оқыту курсы әзірленген.

Оқыту курсының бағдарламасы мемлекеттік басқару саласына және жобалық менеджмент саласындағы практикалық дағдылар мен құзыреттерді дамытуға бағытталған. Курстарды оқыту үшін Академия жобалық менеджмент саласында сертификатталған мамандардың жаттықтырушылар құрамын дайындады.

Жобалық менеджмен бойынша оқытумен әлеуетті тыңдаушыларға ыңғайлы болу үшін қашықтықтан оқыту форматында арнайы курс әзірленді. Оқу сағаттарының саны – 72 академиялық сағатты құрайды. Оқыту үш аптаға созылады және өндірістен қол үзбей жүргізіледі. Осылайша, мемлекеттік қызметшінің кез келген ыңғайлы және бос уақытында оқудан өту мүмкіндігі бар.

Оқыту қорытындысы бойынша тыңдаушылар тыңдалған курсы туралы сертификат алады, ол жобалық менеджмент бойынша кәсіби сертификаттаудан өтуге құқық береді. Сертификаттау академия және оның филиалдары базасында офлайн форматта жүргізілетін болады. Бір сертификаттауды жүргізуге арналған сағат саны 2 академиялық сағатты құрайды.

Жобалық қызметке тартылған 619 мемлекеттік қызметші үшін сертификаттау емтихандарын оқыту және өткізу бекітілген кестеге сәйкес жеті ағымға бөлінген.

Бірінші лекті оқыту 2022 жылдың 19 шілдесінде басталды, сертификаттау емтихандары ағымдағы жылдың 12 тамызына жоспарланған. Оқудың басталуы және келесі ағындардың емтихандары әр апта сайын каскадты әдіспен ұйымдастырылған.

619 мемлекеттік қызметшіні жобалық басқару қағидаттарына оқыту және сертификаттау жөніндегі жоба ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңына дейін аяқталатын болады. Оған қатардағы сарапшылардан мемлекеттік органдардың басшыларына дейін қатысады, бұл өз кезегінде нәтижеге бағытталған жобаларды сапалы басқаруға ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер арасында жаңа басқару мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді, олардың басшыларының кәсіби құзыреттілігі мен жауапкершілігін арттырады.

Бүгінгі таңда жобалық тәсіл принциптері АҚШ, Канада, ЕО елдері, Жапония, Оңтүстік Корея, Австралия және басқа да дамыған елдердің мемлекеттік басқаруында кеңінен қолданылады. Әлемдегі корпоративтік және мемлекеттік сектордағы озық практикалар жобалық тәсіл мақсаттарға уақтылы қол жеткізуді (уақытты 20-30%-ға қысқарту) және ресурстарды ұтымды пайдалануды (бюджеттің 15-20%-ын үнемдеу) қамтамасыз ететінін көрсетуде.

Барлығы
29
Шілде
Адам ресурстары жөніндегі I кездесу

2022 жылдың 28-29 шілдесі аралығында Ыстанбұл қаласында Түркия Президенті жанындағы Адам ресурстары офисі және Түркі мемлекетттері ұйымы Бірінші Адам ресурстары кездесуін (First Human Resources Meeting) ұйымдастырды. Кездесуге Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия және Мажарстаннан мемлекеттік қызмет жөніндегі тиісті органдар мен басқару академияларынан өкілдер қатысты.

Бағдарлама аясында Түркі тілдес мемлекеттер ұйымының Ыстанбұл қаласындағы штаб-пәтерінде алғашқы кездесу ұйымдастырылып, ұйымның тарихы және негізгі қызметі таныстырылды. Ұйымға мүше және бақылаушы мемлекеттер өз елдеріндегі адам ресурстары саласындағы негізгі мәселелерді талқылап, атқарылып жатырған істерді баяндады.

Кездесудің бірінші күні қатысушы мемлекеттерге арналды. Сөз алған әр елдің мемлекеттік қызмет саласындағы тиісті орган басшылары ынтымақтастықтың, тарихы ортақ түркі халықтарының арасындағы бауырластықтың маңыздылығына тоқталып, мемлекеттік қызметтегі оң өзгерістерден хабар берді. Сонымен қатар мемлекеттік аппараттың жетілдірілуінде, басқару аппараттарының тиімділігін арттыруда адам капиталының алатын орнының зор екені айтылды. Мемлекеттердің презентациясына берілген екінші бөлімде әр елдің академия ректорлары өз оқу орнын таныстырып, қызметінің негізгі бағыттары, оқыту бағдарламалары, құзыретті бағалау сынды негізгі түйінді тұстарға тоқталып өтті.

Түркия Республикасы Президентінің Адам ресурстары офисінің президенті, профессор Салим Атай елдегі адам ресурстарын басқару эволюциясына және адам ресурстарын басқару саясатын жүзеге асыруда офистің атқаратын міндеттерімен, цифрлық шешімдер және бағдарламалармен таныстырды. Сонымен қатар, Түркі тілдес мемлекеттер ұйымының бас хатшысы Бағдат Амреев аталған ұйымның аясында адам ресурстары саласында ынтымақтастықтың маңыздылығына назар аудартып, оның мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дағдысын дамытуға үлес қосатынына сенім білдірді.

Кездесудің екінші күні Түркия Республикасы Туризм және мәдениет министрінің орынбасары, TIKA агенттігі, Юнус Эмре инстиуты, сонымен қатар Түркия Республикасы Президентінің Адам ресурстары офисі өкілдерінің презентациясына арналды.

Адам ресурстары офисі білім беру саласындағы жобалар, мансапты жоспарлау, студенттерге арналған тағылымдама, қашықтықтан білім беру платформасымен, инфақұрылыммен таныстырып, тәжірибесімен бөлісуге дайын екендіктерін жеткізді. Сонымен қатар, аталған ұйымның маңызды істерінің бірі, Түркияның университеттеріндегі бакалавр бағдарламасына мансапты жоспарлау пәнінің енгізілгенін атап өтті. Бұл мансапты ерте жоспарлаудың қаншалықты тиімді әрі пайдалы екенін көрсетеді.

Кездесу соңында әрбір қатысушы тарап ғылыми-зерттеу бағдарламаларын жүзге асыру, HR саласы бойынша аналитикалық зерттеулер жүргізу, ортақ платформа құру, тренингтер өткізу, академиялық салада ынтымақтастық орнату сынды өзекті ұсыныстарын білдірді. Сондай-ақ Түркі тілдес мемлекеттер ұйымымен бірлесе отырып, арнайы жұмыс топтарының құрылуы, өзара тәжірибе алмасу, оқыту бағдарламалары, вебинар  ұйымдастыру секілді болашақта ынтымақтастық орнатудың жолдарын талқылады.

Барлығы
23
Шілде
Құжат қабылдау аяқталды

2022-2023 оқу жылдарына құжат қабылдау 23 шілдеге дейін онлайн форматта www.apa.kz  арнайы ақпарат жүйесінде жалғасты. Екі мыңға жуық мемлекеттік қызметші өз білімін Академия қабырғасында жетілдіруге үміт білдірген. Олардың қатарынан 1 153 үміткер келесі бағдарламалар бойынша ашық конкурсқа жолдама алды.

Мемлекеттік білім алу тапсырысы бойынша магистратураға:

«Мемлекеттік саясат» – 391 үміткер;

«Өңірлік даму» – 297 үміткер;

«Экономика» – 162 үміткер;

«Адами ресурстарды басқару» – 174 үміткер;

«Мемлекеттік басқару» – 72 үміткер;

«Халықаралық қатынастар» – 21 үміткер.

Барлығы
20
Шілде
Қырғыз Республикасы делегациясының келуі

19-20 шілде күндері Академияның ұйымдастыруымен Қырғыз Республикасы Президент Әкімшілігінің, Үкіметінің, мемлекеттік органдардың, Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өкілдеріне мемлекеттік басқарудағы жобалау менеджменті аясында тәжірибемен бөлісу өткен болатын.

Барлығы
18
Шілде
EGEMEN QAZAQSTAN республикалық газетімен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

 

Академия «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» АҚ-мен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Барлығы
14
Шілде
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Академия ректоры Ерлан Әбіл мен «Хабар» агенттігі Басқарма төрағасы Берік Уәлимен кездесіп, Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Барлығы
29
Маусым
Түлектерге диплом табыстау рәсімі өтті

Академия түлектеріне диплом табыстаудың рәсімі салтанатты түрде өтті.

Барлығы
28
Маусым
Филиал басшыларының іссапары аясында СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕССИЯ ӨТТІ

28-30 маусым күндері Академияның филиал басшыларының Нұр-Сұлтан қаласына іссапары аясында Академия құрылымдық бөлімшелері басшыларының стратегиялық сессиясы өтті.

Барлығы

Your browser does not support SVGs