
Бүгін Академияда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті. «Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік қызметін кәсібилендіру: саясат, практика және сын-қатерлер» тақырыбындағы конференция жұмысына қатысқан орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласындағы отандық және шетелдік сарапшылар қазіргі кезде өзекті болып отырған қазіргі заманғы мемлекеттік қызметтің кәсіби негіздерін құру мәселелерін кеңінен талқылап берді. Ауқымды шараны Академия ректоры Ерлан Әбіл жүргізді.