Академия
жаңалықтары

03
Қыркүйек
Президент жолдауына үн қосу

Пандемия и глобальный постпандемический кризис поставили правительства многих стран в очень жесткие условия. При чем, если ранее кризисы затрагивали по большей части экономику, то пандемия сильно ударила по социальной сфере. В этой связи, интересно наблюдать, как меняется политический курс государства и приходит осознание необходимости совершенно иных реформ.

Какие меры предлагаются для экономического развития в посткризисный период в Послании Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана от 1 сентября 2021 года?

Барлығы
02
Қыркүйек
Президенттің 1 қыркүйектегі Жолдауына үн қосу

Соңғы екі жылда жаһанға тараған індет әлем елдерін алаңдатып, дағдарысқа ұшыратты. Әсіресе денсаулық сақтау, экономикалық саланың әлеуеті сынға түсті. Қазақстан үшін де оңайға соқпағаны белгілі. Бір ғана білім беру саласын алар болсақ, қашықтан оқытуға келгенде цифрлық мүмкіндігіміздің шектеулі екенін сезіндік. Әсіресе шалғай ауыл-аймақтағы балалардың сапалы білім алуы қиынға соқты. Әрине, құзырлы органдар қарап қалған жоқ, мәселені шешуге кірісті, шама-шарқынымен оңтайландырды. Бұл жағдай бір жағынан еліміздің телекоммуникация жүйесін дамытып, көзден жырақта өмір сүріп жатқан халықты интернет желісімен қамтамасыз етуге үлесін қосты. Биылғы Жолдауында Президент Үкіметке ақпараттық жүйенің сапасын одан әрі жақсартуды шегелеп тапсырды. Бұл да дамуға бет бұрған елдің бір көрінісі.

Барлығы
27
Тамыз
Шетелдік ғалыммен кездесу өтті

Бүгін Академияда доктор Мехмуд Уль Хассан Ханмен кездесу өтті. Арнайы келген мейманға Академияның білім беру, ғылыми бағыттары таныстырылды. Сөз барысында қазақ халқының тарихи терең дипломатиялық стратегиясы да айтылды.

Барлығы
23
Тамыз
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласындағы ынтымақтастық

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында ынтымақтастықты нығайту мақсатында Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановпен кездесу өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанова, сондай-ақ екі Агенттіктің жауапты қызметкерлері қатысты. Академия меймандарының назарына инфрақұрылым мен ішкі ақпараттық өнімдер көрсетіліп, ғылыми-зерттеу қызметі мен еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын ілгерілету бойынша іске асырылатын шаралар ұсынылды.

Барлығы
17
Тамыз
ІЗДЕНУШІЛЕРГЕ ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ БЕРІЛДІ

Бүгін Академияның докторанттарына диплом табысталды.

Барлығы
11
Тамыз
ТАҒЫЛЫМДЫ ӘРІПТЕСТІК ПЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Бүгін Академия қабырғасында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Н. Назарбаев орталығы арасында конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту бойынша Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Барлығы
30
Шілде
Әлемдік сарапшылар өзекті мәселелерді талқылады

Бүгін Өзбекстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясындағы әріптестеріміз «Өзбекстандағы мемлекеттік және әлеуметтік құрылыс жүйесін жетілдіру жағдайы мен болашағы» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізді.

Барлығы
19
Шілде
Жаңа формациядағы басшы

Елбасы 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың қажеттіліктеріне бағдарланған заманауи мемлекеттік аппаратқа қойылатын талаптарға жауап беретін басшыларды даярлау жөнінде тапсырма берді.

Барлығы
16
Шілде
Ынтымақтастық мәселелері бойынша үйлестірушілік кездесу

Академия ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін іске асыру аясында ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесуге қатысты.

Барлығы
30
Маусым
«Невский Форум»

2021 жылғы 24-26 маусымда Санкт-Петербург қаласында Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының Солтүстік-Батыс басқару институтының (РХШжМҚА СББИ) базасында «Невский Форум» халықаралық ғылыми форумы және ТМД Өңірлік желілік академиясының екінші отырысы ұйымдастырылды.

Барлығы
28
Маусым
2021 жылғы 28 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлектеріне диплом беру рәсімі өтті

2021 жылғы 28 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлектеріне диплом беру рәсімі өтті.

Барлығы
21
Маусым
Халықаралық ынтымақтастық: РҒА ӘЭХҚИ-мен меморандумға қол қою

2021 жылдың 21 маусымда Мәскеу қаласында Академия делегациясының Ресей ғылым академиясының Е.М. Примаков атындағы Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар ұлттық зерттеу институтымен кездесуі өтті.

Барлығы
14
Маусым
ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОҚЫТУ ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, UN PAGE (БҰҰ-ның «Жасыл экономика бойынша іс-әрекеттер серіктестігі») бағдарламасының және Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Германия қоғамының (GIZ) қолдауымен мемлекеттік қызметшілерді «Жасыл экономика және төмен көміртекті даму» мәселелері бойынша оқыту жобасы басталды.

Барлығы
12
Маусым
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Мемлекеттік басқару академиялары ректорларының Саммиті

Душанбеде 2021 жылдың 9-11 маусымы аралығында Тәжікстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі неміс қоғамы бірлесе отырып, аралас форматта (оффлай /онлайн) екі ірі іс-шара ұйымдастырды.

Барлығы
21
Мамыр
МБА мен Қазақстандағы ЕҚЫҰ ынтымақтастығы

2021 жылдың 19 мамырында Академияда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Нұр-Сұлтандағы Бағдарламалар кеңсесінің (бұдан әрі – ЕҚЫҰ БК) басшысы Фолькер Фробарт мырзамен кездесу өтті.

Академия ректоры Ерлан Әбіл Фробарт мырзаны жаңа лауазымға тағайындалуымен құттықтап, Академияның стратегиялық басымдықтарымен, мақсат-міндеттерімен таныстырды. Қонақтарға мемлекеттік қызметшілерді кәсіби дамыту, қолданбалы зерттеулер жүргізу және мемлекеттік органдарға консалтингтік қызметтер көрсету бойынша Академияның ағымдағы және болашақтағы жобалары таныстырылды.

Барлығы

Your browser does not support SVGs