Академия
жаңалықтары

15
Қараша
Елордада Мемлекеттік басқару академиясының 30 жылдығы атап өтілді

Биыл Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының құрылғанына 30 жыл. Мерейтойға орай бүгін Академияда «Мемлекеттік басқару жəне мемлекеттік қызмет: бүгіні мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Астанада өткен конференцияның ашылуында ҚР Президенті Кеңсесінің бастығы Бақытжан Шөмішбайұлы Сариев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құттықтауын жеткізді.

«30 жыл уақыт аралығында Академия еліміздің білім жүйесіндегі беделді оқу орындарының біріне айналды. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін шыңдау ісін жетілдіріп, оны жаңа деңгейге көтерді. Озық ойлы, отаншыл әрі кәсіби мамандар даярлаудың өзіндік дәстүрін қалыптастырды. Ел мүддесін бәрінен биік қойып, Әділетті Қазақстанды құруға атсалысу – әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті. Олардың адал, жаңашыл әрі жасампаз болуы аса маңызды. Академия осы асыл қасиеттерді әр түлектің бойына сіңіріп, мемлекетшіл мамандардың жаңа буынын тәрбиелеуге зор үлес қосып келеді. Мұның бәрі оқытушылар қауымының еселі еңбегінің нәтижесі екені сөзсіз. Білім ордасының ұжымы алдағы уақытта да ел игілігіне қызмет ете береді деп сенемін» – делінген құттықтауда.

Мерейтойлық шарада Қазақстан Республикасы Президентінің «Құрмет» грамотасы, «Алғысы», төсбелгісі табысталды. Мемлекеттік қызмет ардагері, әр жылдары Академияны басқарған ректорлары, оқу ордасының ардагер қызметкерлері, шетелдік серікстестері «Академияның дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Конференцияның пленарлық отырысында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Әбдіров Нұрлан Мәжитұлы, Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері Жақсыбек Әбдірахметұлы Құлекеев, Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Мұхамедияұлы Байменов, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Медеғалиұлы Жазықбай Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Брюссель дипломатиялық академиясының директоры (Бельгия) Гюнтер Гоблом құттықтау сөз сөйледі.

Астана Мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов жаһандық трендтер мен өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, мемлекеттік басқару теориясы мен практикасын дамытудың тұжырымдамалық мәселелеріне тоқталды. Ол сондай-ақ реформаларды ғылыми сүйемелдеу мәселесін қозғап, қазіргі заманның сын-қатерлеріне жауап берудің сапасы мемлекеттік қызметшілердің әрекеттерінің фальсификациясымен және ғылыми зерттеулердің нәтижелерін пайдалануымен анықталатынын атап өтті. Сондай-ақ Әлихан Мұхамедияұлы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар бастамасы шетелдік сарапшылар тарапынан қолдау тапқанын атап өтті.

«Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік қызметті қалыптастыру» секциясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Сыйлыбайұлы Мүксімов және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Қуанышұлы Әбіл модераторлық етіп, азаматтармен өзара іс-қимылдың сервистік моделі, мемлекеттік қызметтерді азаматтардың жеке қажеттіліктеріне бейімдеу мәселелерін талқылады.

Академия ректоры Ерлан Әбілдің айтуынша, оқу ордасы еліміз бойынша Ұлттық стандарттарға сәйкес адами ресурстарды басқару және жобаны басқару бойынша персоналдың сәйкестігін растайтын жалғыз аккредиттелген орган мәртебесіне иеленген.

«Академияның бүгінгі жетістіктері – ұжымымыз мен серіктестеріміздің ортақ еңбегінің нәтижесі. «Дәстүрді сақтап, болашаққа ұмтылу» ұранымен ұрпақтар сабақтастығын сақтап келеміз. Академия мемлекеттік қызметшілерді даярлаумен және олардың біліктілігін арттырумен шектелмей, мемлекеттік органдарға ғылыми-талдамалық жұмыстар ұсынатын жоғары оқу орнына айналып отыр. Мемлекеттік органдардың сұранысы бойынша жобалық басқаруды енгізу, бизнес-процестерді оңтайландыру және реинжиниринг, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты енгізу, персоналдың HR сертификаты және т.б. бойынша консалтингтік қызметтер көрсетеміз. Академияның Ассессмент орталығы 2019 жылдан бері үш рет қатарынан Президенттік жастар кадр резерві жобасының іріктеу кезеңдеріне атсалысып, үміткерлердің құзыреттіліктерін бағалады. Нәтижесінде ассессорлар пулы қалыптасып, биыл Өңірлік кадрлық резерв жобасына үміткерлерді іріктеу кезеңдерін толықтай Академия ұжымы жүзеге асырды. Жиырмадан астам ұйымға  ISO 37001 халықаралық стандарты бойынша аудитті енгізу және өту бойынша әдістемелік қолдау көрсеттік. 2023 жылы Академия бастамасымен «Мемлекеттік басқару», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» және «Адами ресурстарды басқару» бағыттары бойынша маман даярлайтын 30-дан астам қазақстандық ЖОО арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды. Академияның 4 магистрлік бағдарламасы European Association for Public Administration Accreditation аккредиттеуінен сәтті өтті. Бұл бізге қосдипломды бағдарламаларды, шетелдік тағылымдамаларды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.  Шетелдік серіктестерімізге 30 жылдық мерейтойға келгені үшін алғыс білдіремін. Біз серіктестікке, ортақ жобаларға әрдайым ашықпыз», – деді ректор.

Ерлан Қуанышұлының айтуынша, Академия еліміз бойынша Ұлттық стандарттарға сәйкес адами ресурстарды басқару және жобаны басқару бойынша персоналдың сәйкестігін растайтын жалғыз аккредиттелген орган мәртебесіне иеленген.

Секция отырысында Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева азаматтармен өзара іс-қимылдың сервистік моделі туралы айтып, қатысушыларды бүгінгі Валюта күнімен құттықтады. Елімізде жаңа цфирлық валюта болатынын хабарлап, алтын инвестициялық монеталарды кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен online сатып алуға және сатуға болатынын атап өтті.

Сондай-ақ секцияға шетелдік серіктестер, Мемлекеттік басқару академияларының ректорлары, Бургас аймағының губернаторы (Болгария) Мария Нейкова, Мұхаммед бен Рашид атындағы Мемлекеттік басқару мектебінің атқарушы президенті (БАӘ) Али бин Себаа Аль-Марри, Кл. Охрид атындағы София университетінің ректоры (Болгария) Георги Вълчев, Қырғыз Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Алмазбек Ақматалиұлы Ақматалиев, Армения Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Хачатур Казеян, Тәжікстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Сафарзода Даврон Джурахон, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының проректоры Андрей Маркович Марголин, Орал федералды университетінің Мемлекеттік басқару және кәсіпкерлік мектебінің директоры (Екатеринбург) Клюев Алексей Константинович, Миколас Ромерис университетінің Мемлекеттік басқару институтының директоры
(Литва) Андриус Стасиукинас қатысты.

«Мен Астанадағы Мемлекеттік басқару академиясында бірінші рет келіп тұрған жоқпын. Бұған дейін де осындай конференцияларға қатысқанмын. Бүгінгі таңда Қазақстандағы мемлекеттік басқару тәжірибесін тыңдау өте қызықты, өйткені мемлекеттік саясатта өзгерістер, түрлі реформалар болып жатқанын білемін. Біздің мемлекеттік басқару мектептері бір-біріне өте ұқсас, соның ішінде магистранттарға қойылатын талаптар да ұқсайды. Біз өз тәжірибемізбен бөлісе аламыз және мектептер арасындағы серіктестікті жақсарта аламыз. Біріккен Араб Әмірліктері әу бастан жасанды интеллектке үлкен көңіл бөлген. 2017 жылы біз Жасанды интеллект министрлігінің құрылғанын жариялаған алғашқы үкімет болдық. Әрбір мемлекеттік құрылымға жасанды интеллект бойынша бас директор тағайындалатынын хабарлағанбыз. Олар бұл технологияны институт қызметтерін жақсартып, жұмысшылардың өнімділігін арттыру мақсатында қалай пайдалануға болатынын зерттейді», – деді Али бин Себаа әл Марри, Мұхаммед бен Рашид атындағы Мемлекеттік басқару мектебінің атқарушы президенті (БАӘ).

Болгариядан келген Бургас облысының губернаторы Мария Нейкова осы уақытқа дейін Академияда мемлекеттік қызметшілерге дәріс оқығанын атап өтті.

«Мен осы конференцияға қатысып, Болгар тәжірибесімен бөліскеніме қуаныштымын. Бургас облысының губернаторы ретінде де, мемлекеттік басқару саласына зерттейтін профессор ретінде де ұлттық және аймақтық деңгейде жақсы дайындалған мемлекеттік қызметшілер болуы керек екенін атап өткім келеді. Осы жылдың басында мен осында дәріс оқыдым. Профессор Масалимоваға дәріс оқуға мүмкіндік бергені үшін жеке алғыс айтқым келеді. Мұнда білімге құштар жас мамандарды көрдім. Олармен 10 жылдық тәжірибеммен бөліскеніме қуаныштымын», – деді губернатор.

Конференцияның «Мемлекеттік басқарудағы қазіргі тенденциялар» секциясына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Сағатұлы Жолманов және Академияның Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің директоры Талғат Жардемқұлұлы Жақиянов модераторлық етті. Онда мемлекеттік басқарудың өзекті мәселелері және үздік тәжірибелері талқыланды. Секцияда алғашқы болып БҰҰ-ның Қазақстандағы даму бағдарламасының тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа баяндама жасады.

Сондай-ақ конференция аясында Академия ректоры Ерлан Әбіл шетелдік Мемлекеттік басқару академиялары ректорларымен кездесу өткізді. Жиында мемлекеттік қызмет үшін кадрлар даярлау мәселелері және бірлескен жобалар талқыланды.

Конференцияның «Кадрлық процестер мен мемлекеттік қызметтерді көрсетуді цифрландыру және жасанды интеллект» секциясын ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының корпоративтік және қаржылық қызмет жөніндегі вице-ректоры Ұлан Абдилкаилұлы Бекіш жүргізді. «Мемлекеттік қызметті кәсібилендіру» секциясына академиялық қызмет жөніндегі вице-ректор Маргарита Бөлегенқызы Қадырова модераторлық етті.

Сонымен қатар мерейтой аясында Академия түлектерінің форумы өтті. Форумға өңірлерден Академияның 1996 жылдан бастап әр жылдардағы түлектері келді. Атап өтейік, осы жылы түлектердің потенциалын бітіктіру, ортақ жобалар жүргізу мақсатында Президенттік Академия түлектерінің альянсы құрылды. 30 жыл ішінде Академия 3 мыңнан аса мемлекеттік қызметшіні магистратура және докторантура бойынша оқытты. Бүгінде олардың көпшілігі жоғары саяси, атқарушы және заң шығарушы органдарда қызмет етіп, еліміздің дамуына зор үлес қосып жүр. Кейбір түлектер мемлекеттік емес ұйымдарда, квазимемлекеттік секторда жұмыстарын жалғастырып жатыр. Президенттік жастар кадрлық резерві мүшелерінің 34-і Академия түлегі болса, Өңірлік кадрлық резервке 31 түлек мүше болып отыр.

Барлығы
09
Қараша
РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Академияда дәріс оқыды

2024 жылғы 7 қарашада Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Викторович Лавров Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушыларымен және профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесті.

Академия ректоры Әбіл Ерлан Ресейдің Сыртқы істер министріне Академияның мүмкіндіктерімен сондай-ақ біліктілікті арттыру курстары тыңдаушыларының коммуникативтік дағдыларын дамыту үшін пайдаланылатын медиа-студияны таныстырды.

Кездесу барысында министр «Әлемдік және өңірлік процестер контекстіндегі Ресей-Қазақстан өзара іс-қимылы» тақырыбында дәріс оқыды. Сергей Викторович баяндаманы Академияның 30 жылдық мерейтойымен құттықтаудан бастады.

«Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушыларын жоғарғы оқу орнының 30 жылдық мерейтойымен құттықтағым келеді. Академия түлектері Республиканың мемлекеттік қызметінің негізгі құрамын құрайтынын білемін», – деді С.В. Лавров.

Ол өз баяндамасында Қазандағы БРИКС саммитінің қорытындылары туралы айтты. Бұл бірлестік көптеген өңірлік процестер мен құрылымдардың тиімді орталығы, координаторы бола алатынын атап өтті.

«Өңірлік құрылымдардың күшею процесінің айқын артықшылықтарын ескере отырып, біз БРИКС сияқты жаһандық бірлестіктің үлкен әлеуетін көріп отырмыз. Бұл жаһандық құрылым өңірлік процестердің «дирижері», координаторы бола алады. Астана қаласында ағымдағы жылдың шілде айында өткен ШЫҰ саммиті мен жуырда Қазанда өткен БРИКС саммитінің нәтижелері бұл бағалауларды растайды. Соңғы саммитке 35 мемлекет пен алты көпжақты ұйымның делегациялары қатысты. ШЫҰ мен БРИКС серіктестеріне олардың жұмысы үшінші мемлекеттерге қарсы бағытталмағандығы және құрылымдардың жасампаздық өзара іс-қимыл мәселелеріне бағытталғандығы ұнайды.           Мұны Ресей Президенті В.В. Путин бірнеше рет атап өтті», – деді Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі.

Ресей Қазақстанның БРИКС ұйымына серіктес мемлекет ретінде қосылатынына сенім білдіреді.

«Қазақстан Президенті Касым-Жомарт Тоқаевтың Қазанда өткен БРИКС саммитіне қатысуын жоғары бағаладық. Бірлестікке серіктес мемлекет ретінде қосылатын елдер арасында міндетті түрде Қазақстан Республикасы да болады деп үміттенеміз», – деп мәлімдеді Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

С.В. Лавров ШЫҰ мен БРИКС-ті көпполярлықты қалыптастыруға ықпал ететін дамыған екі құрылым деп атады.

Сыртқы істер министрі кездесу соңында тыңдаушылардың сұрақтарына жауап беріп, оларға табыс тіледі.

«Көптеген еуропалық елдер және жалпы батыс әлемі Орталық Азияның, әсіресе Қазақстан Республикасының дамып келе жатқан рөлін мойындап отыр. Біз Ресей Федерациясының стратегиялық серіктесіміз. Менің ойымша, болашақта әлемдік саясатта маңыздырақ рөл атқарамыз», – деді Академияның Дипломатия институтының магистранты Елшібек Бақыттыұлы.

Өз кезегінде Академия ректоры министрге қызықты кездесу үшін алғыс айтып, ынтымақтастықты әрі қарай нығайтуға дайын екендігін білдірді.

Барлығы
01
Қараша
Мемлекеттік қызметкерлердің имиджін нығайту үшін бақ-пен тиімді өзара әрекеттесу стратегиялары

Бүгін Академияның 30 жылдығы  аясында «Даму күнінде» белгілі қазақстандық медиа менеджер, кәсіби журналист, Тan Media Group құрушысы Арманжан Байтасовпен кездесу өтті. Арманжан Байтасовпен «31 арна» ТРК және Қазақстанның басқа да тәуелсіз БАҚ негізін қалаушы, медиа саласындағы тәжірибе 30 жылдан астам. Қазіргі таңда портфельінде: Forbes Kazakhstan, Forbes Georgia журналдары, Arbatmedia желілік басылымы, MUZZONE телеарнасы, Business FM радиосы.

Спикер «Мемлекеттік қызметкерлердің имиджін нығайту үшін бақ-пен тиімді өзара әрекеттесу стратегиялары: дағдарыс кезіндегі коммуникацияларды басқару» тақырыбында дәріс оқыды. Кездесу барысында қазақстандық медиа менеджер БАҚ-пен тиімді байланыс орнату үшін ашықтық  басты қағида, мемлекеттік қызметкерлер сұрақтарға жауап беріп қана қоймай, күн тәртібін белсенді қалыптастыруы тиіс екенін айтты.

Сондай-ақ даму  мен жеке бренд қалыптастыру, мемлекеттік қызметкердің  имиджін арттыру мен қатар  дағдарыстық байланыс тақырыптарына тоқталды.

«Әрбір мемлекеттік орган қиын жағдайда жүйелі  жұмыс істеуі үшін дағдарысқа қарсы жоспар болуы тиіс. Жоспар түрлі тосыннан келген кризистік сәттерді  азайтуға және қоғамның қабылдауын бақылауға көмектеседі» – деді Арманжан Байтасов.

«Бәріміз халық игілігі үшін жұмыс істейміз және біздің мақсатымыз — мемлекеттік қызмет жайлы оң түсінік қалыптастыру» – деп сөзін аяқтады кәсіби журналист.

«Даму күнінде» ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Нұрғалиева Ғазиза Құдайбергенқызмен кездесу өтті. Дәрісті «Ауылдық аумақтарды басқару» дискуссиялық алаңы негізінде Академияның Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі ұйымдастырды.

Кездесуге Академия қызметкерлері мен білім алушылары қатысты. Спикер «Ауыл кітапханасы: бүгінгі ахуалы мен дамыту жолдары» тақырыбында сөз сөйлеп, кітап оқуды насихаттау, еліміздің әдеби мұрасын сақтауға, баспагерлерге қолдау көрсету, оқырман мәдениетін қалыптастыру сынды мәселелерді көтерді.

Дәріс барысында Нұрғалиева Ғазиза ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының жұмысы және негізгі жобаларына, мақсатына тоқталып өз тәжірбиесімен бөлісті. Кітапханалардың басты даму бағыттарын 10 бөлімге бөліп, ең бастыларына тоқталды.

  • ҚР Кітапхана ісін дамыту тұжырымдамасын даярлау
  • «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру үшін ҚР-ның  кітапхана қорын цифрландыру. «Авторлық құқық  жане сабақтас құқықтар туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
  • Елдімекендердегі тұрғын саны бойынша қанша кітапхана болу керектігін нақтылайтын нормаға езгеріс енгізу.
  • Кітапханашыларды даярлайтын оқу орындарының білім бағдарламасын жүйелендіру (Менеджер, IT мамандықтарын қосу).

«Мамандыққа қызығушылық азайды, маман қартайды десе болады. Кіпханашы – маңызды мамандық. Кітапханашының беделін билік пен қоғам алдында көтеру үшін бірталай жұмыстар атқарып жатырмыз», – деді Ғазиза Құдайбергенқызы.

Бүгін Адемияның 30 жылдығына арналған «Даму күні» аясында ҚР Мемлекеттік қызмет академиясының ректоры (1997-2005 жж) Серікбаев Аманқұл Серікбайұлымен кездесу өтті.

Академия қызметкерлері, білім алушыларымен кездесу барысында Аманқұл Серікбайұлы Мемлекеттік басқару академиясының құрылу тарихы туралы айтып берді.

«Тәуелсіздік алғаннан кейін жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға ауысқан кезде кадр жетіспеушілігі мәселесі туындады. Бізге жат дүниенің қыр-сырын терең, жетік білетін жаңа формация кадрларын даярлау оңай болмады» – деді Мемлекеттік қызмет академиясының ректоры.

Өз сөзінде Аманқұл Серікбайұлы Академия 30 жыл ішінде мемлекеттік қызметшілерді даярлауда маңызды рөл атқарғанын атап өтті. Сондай-ақ өзінің өнегелі өмірі жайлы, тәжірбиесімен бөлісіп, Академияның 30 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Кездесу соңында ректор қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, батасын берді. Академия ректоры Әбіл Ерлан спикерге  қызықты әрі танымдық әңгімелері үшін алғыс білдірді.

Барлығы
23
Қазан
Академия ректоры Иран Ислам Республикасының Елшісімен кездесті

2024 жылдың 21 қазанында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ректоры Иран Ислам Республикасының Елшісімен кездесті.

Кездесу барысында білім беру, ғылыми зерттеулер мен мемлекеттік қызметшілерді оқытуда тәжірибе алмасу қарастырылды. Сондай-ақ ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.

Тараптар Қазақстан мен Иран арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, мемлекеттік басқару саласындағы бірлескен жобаларды одан әрі дамытуға дайын екендіктерін айтты.

Барлығы
22
Қазан
15 қарашада халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді

2024 жылғы 15 қарашада ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының 30 жылдық мерейтойына орай «Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет: бүгіні мен болашағы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.

 Негізгі тақырыптар:

  1. Мемлекеттік басқарудағы қазіргі тенденциялар
  2. Кадрлық процестер мен мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және жасанды интеллект
  3. Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік қызметті қалыптастыру
  4. Мемлекеттік қызметті кәсібилендіру

Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға АҚШ, Франция, Қытай, БАӘ, Корея сияқты елдердер шетелдік жетекші сарапшылар шақырылды. Сонымен қатар отандық сарапшылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың басшылары қатысады.

Өтетін орны: Астана қаласы, Абай даңғылы, 33а

Уақыты: сағат 8:00-ден 17:00-қа дейін.

Қатысуды 2024 жылдың 1 қарашасына дейін растау керек. Тіркелуге арналған сілтеме: https://academyconference30.apa.kz/reg.php.

Конференция материалдарының жинағына  баяндамаларды 2024 жылдың 5 қарашасына дейін жіберу қажет.

Мақалаларды рәсімдеуге қойылатын талаптармен https://academyconference30.apa.kz/ сайтынан таныса аласыз.

Ұйымдастыру мәселелері бойынша байланыс:

Телефон: 8 (7172) 75-32-64

Электрондық пошта: zh.iskindirova@apa.kz.

Барлығы
21
Қазан
Жаңа кітаптың тұсаукесері өтті

Бүгін Даму күні аясында Академияның Қолданбалы зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Агубаев Нұртай Жетпісбайұлының «ЭЫДҰ елдеріндегі және Қазақстандағы мемлекеттік қызметті реформалау тәжірибесі: нәтижелер мен перспективалар» кітабының тұсаукесері өтті.

Автор ЭЫДҰ-ның жетекші елдері қолданатын New Public Management және Good Governance қағидаттары контекстінде мемлекеттік қызметті жетілдірудің озық тәжірибелерін жан-жақты зерттеуді ұсынды.

Академия магистранттары, профессор-оқытушылар құрамы мемлекеттік қызметті дамыту және ұлттық ерекшелік контекстінде озық халықаралық тәжірибелерді қолдану мәселелеріне қызығушылық танытты.

Презентацияға қатысушылар талдау негізіндегі тұжырымдар мен ұсыныстар мемлекеттік басқару саласындағы мамандар үшін, зерттеушілер мен практиктер үшін құнды екенін атап өтті.
Шараны Ақпараттық-ресурстық орталық ұйымдастырды.

Барлығы
18
Қазан
Армения Президенті Академияда дәріс оқыды

2024 жылдың 16 қазан күні Армения Республикасының Президенті Ваагн Гарникович Хачатурян Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Армяндық «Бейбітшілік тірегі»: Оңтүстік Кавказдың ұлттық артықшылығы және тұрақты дамуының кепілі» тақырыбында дәріс оқыды.

Академияда Армения Президентіне прокторинг элементтері бар Admission (қабылдау комиссиясы) ақпараттық жүйесі және iCademium (LMS) жүйесі көрсетілді.

Ваагн Гарникович Хачатурян біліктілікті арттыру курстары тыңдаушыларының коммуникативтік дағдыларын арттыру мақсатында пайдаланылатын медиа-студияның мүмкіндіктерімен танысты. Сондай-ақ Президентке үздіксіз білім беру платформасы және қашықтан оқыту курстарын жазуға арналған JALINGA бейнестудиясы көрсетілді.

Ваагн Гарникович Хачатурян өз сөзінде Қазақстан мен Армения арасындағы Достық пен ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылғанына 25 жыл толғанын атап өтті. Сондай-ақ екі ел арасындағы достық қарым-қатынас ұзақ жылға жалғасатынына сенім білдірді.

«Академия білім алушылары ақпаратты бірінші басшыдан алғаны маңызды. Бүгін тыңдаушыларға Арменияның геосаяси дамуы бойынша мағлұмат берілді. Президент Хачатурян өз сөзінде ел дамуының маңызды аспектілері: сауда қатынасының дамуы, логистика және халықаралық байланыстың дамуы мәселелеріне тоқталды», – деді Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл.

Академияның Дипломатия институтының магистранты кездесуден алған әсерімен бөлісті.

«Армения Президентімен кездесу Дипломатия институтының магистранттары үшін өте қызықты боды. Армения экономикасының, көлік-логистика саласының, ауыл шаруашылығының дамуы туралы біраз ақпарат алдық, макроэнокимикалық көрсеткіштерімен таныстық. Бұл ерекше сипатқа ие кездесу болды. Президенттің Академияға келіп, бізге дәріс оқуы – өзі атқандай ең бастысы, білімге назар аударатынын білдіреді», – деді Темірлан Сайлауұлы.

Президенттің дәрісіне Арменияның ресми делегациясы, оның ішінде Армения Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Армения Республикасының Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрі, Армения Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, «Армения-Қазақстан» парламентаралық достық тобының жетекшісі, Президент аппараты және БАҚ өкілдері, ҚР Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері, магистранттар, докторанттар, сондай-ақ Академия қызметкерлері қатысты.

Барлығы
14
Қазан
«Жаңа формация басшысы» оқу бағдарламасы басталды

2024 жылдың 14 қазанында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында саяси мемлекеттік қызметшілерге арналған «Жаңа формация басшысы» оқу бағдарламасының кезекті курсы басталды.

Бағдарлама Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебімен бірлесе іске асырылуда. Оқытудың мақсаты – саяси мемлекеттік қызметшілердің басқарушылық құзыреттерін шыңдау және ұйымдастырушылық дағдыларын жетілдіру. 

Оқу бағларламасының ашылу салтанатына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Медеғалиұлы Жазықбай, ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет бөлімінің меңгерушісі Руслан Мұхтарұлы Тұрғаналы, Академия ректоры Ерлан Қуанышұлы Әбіл және Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің деканы Вэнг Тат Хуэй қатысты.

Дархан Жазықбай жаңа формация басшысы үшін әділдік, ашықтық қағидаттарын ұстанудың, мемлекетшіл болудың және халыққа адал қызмет етудің маңыздылығы туралы айтты.

«Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мәселесінің әлі де өзекті екенін, үміткерді кызметке тағайындаған кезде оның кәсіби және моральдық қасиеттерін мұқият ескеру қажеттігін айтты. Бұл мемлекеттік қызметшілердің білімін ұштап, құзыреттерін үнемі жетілдірудің және басқарудың жоғары мәдениетін игерудің қашанда маңызды екенін көрсетеді», – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы.

Бағдарлама аясында коммуникация, экономикалық және стратегиялық жоспарлау, адам ресурстарын басқару, көшбасшылық, инфрақұрылымды басқару сынды бес модуль бойынша оқыту жоспарланған. Оқыту аясында қатысушылар негізгі бағыттар бойынша Өңірлерді дамыту жоспарларын әзірлейді және бағдарламаның соңғы аптасында өз шешімдерін ұсынады.

Барлығы
12
Қазан
Сыртқы істер министрлігінде көшпелі дәріс өтті

2024 жылдың 12 қазанында ҚР Сыртқы істер министрлігінде Дипломатия институтының 1 курс магистранттарына  көшпелі дәріс өтті. Дәріс «Қазақстан Республикасының дипломатиялық және консулдық қызметі» пәні бойынша «Қазақстан Республикасының дипломатиялық және консулдық қызметінің құрылымы мен функциялары», сондай-ақ «Құжаттамалық қамтамасыз ету және дипломатиялық хат алмасу, қазіргі халықаралық қатынастардағы ақпараттық өзгерістерге ден қою» тақырыптары бойынша жүргізілді.

Тыңдаушыларға дәрісті ҚР Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Бауыржан Рымканұлы Акатаев, ҚР Сыртқы істер министрлігі Коммуникация департаментінің орынбасары Ерлан Құнанбайұлы Жетібаев өткізді.   

Сабақ аясында Назир Тюрякулов туралы деректі фильм көрсетіліп, Дипломатия мұражайына экскурсия жүргізілді. Көшпелі дәрісті Дипломатия институты профессорының м. а. Жалғас Жұмаұлы Әділбаев ұйымдастырды.

Барлығы
11
Қазан
«Жасанды интеллекті стратегиялық басқару туралы» тақырыбында дәріс өтті

2024 жылдың 11 қазанында Академияда Академияның білім беру саясаты орталығы ұйымдастырған «ЖИ стратегиялық басқару туралы» тақырыбында дәріс өтті. Іс-шараға магистранттар, докторанттар, профессор-оқытушылар құрамы және Академия қызметкерлері қатысты. 

Өзінің құттықтау сөзінде Білім беру саясаты орталығының басшысы Г. А. Жүнісбекова Академия білім беру процесі шеңберінде және Академия білім алушыларының зерттеу жобаларында жасанды интеллектті пайдалануды зерттеуге және енгізуге ерекше назар аударатынын атап өтті. 

Осыған байланысты Data Science Яндекс бағытының сарапшысы Арзамасцев Евгений Анатольевич өмірдің әртүрлі салаларында жасанды интеллектті қолдануға қатысты соңғы деректердің тұсаукесерімен және мемлекеттік басқаруда жасанды интеллекттің стратегиялық қолданылуымен бөлісті. 

Қонақтар дәрісіне қатысушылар жасанды интеллекттің қолданыстағы технологияларымен, мемлекеттік секторға ЖИ енгізудің жаһандық мысалдарымен, мемлекеттік сектордағы ЖИ маңыздылығымен, ЖИ қолдану кезінде ЖИ мен Әдеп кодексінің негізгі аспектілерімен танысты. 

Дәріс қатысушыларға мемлекеттік секторда ЖИ қолданудың жаңа тәсілдері туралы білуге, қызықтыратын сұрақтар қоюға, сондай-ақ зерттеу саласы үшін ЖИ дамыту мүмкіндіктері туралы білуге мүмкіндік берді.

Барлығы
10
Қазан
Академия и Институт международных отношений МИД Туркменистана подписали меморандум о взаимопонимании

В рамках официального визита Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева в Ашхабад 10 октября 2024 года был подписан меморандум о взаимопонимании между Академией государственного управления при Президенте Республики Казахстан и Институтом международных отношений Министерства иностранных дел Туркменистана.

Меморандум подписали ректор Академии Ерлан Абил и ректор Института международных отношений Гульшат Юсупова. Соглашение направлено на развитие сотрудничества в подготовке специалистов в сфере международных отношений, повышение квалификации государственных служащих и обмен опытом.

Основные направления сотрудничества включают реализацию совместных программ повышения квалификации, организацию семинаров с участием международных экспертов, проведение совместных исследований в области международных отношений, академический обмен обучающимися и преподавателями, а также проведение конференций и круглых столов.

Данное соглашение способствует укреплению образовательных и научных связей между Казахстаном и Туркменистаном в области подготовки и повышения квалификации дипломатических служащих.

Барлығы
04
Қазан
Ауылдық аумақтарды басқару

Академияда «Даму күні» аясында «АУЫЛДЫҚ АУМАҚТАРДЫ БАСҚАРУ» дискуссиялық алаңы өз жұмысын бастады. Аталған алаң Академия мен «Ауыл»  партиясының бірлескен жобасы болып табылады. 

Дискуссиялық алаңда білікті сарапшылардың қатысуымен ауылдық аумақтардың түрлі өзекті мәселелері  талқыланып, мемлекеттік басқару тұрғысынан шешу жолдары қарастырылатын болады. 

Талқылаудың алғашқы отырысына «Ауыл» партиясының төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, партия фракциясының төрағасы Серік Егізбаев, төрағаның орынбасары, экономика ғылымдарының докторы Қайрат Айтуғанов,  Мәжіліс депутаты, партияның фракция мүшесі Анас Баққожаев және партияның орталық аппаратының басшылық құрамы өкілдері қатысты.

Отырыста Қайрат Айтуғанов «Ауылдық аумақтарда кәсіпкерлікті дамыту» тақырыбында баяндама жасап, нақты кейстерді талқылады. Қайрат Қаппарұлы терең білімі, орталық және жергілікті атқарушы органдарда, «Оңтүстік» ӘКК-де жоғары басшылық лауазымдардағы мол тәжірибесі негізінде тақырыпты кеңінен аша білді.

Білім алушылар көптеген сұрақтар қойып, отырыс қызу пікір алмасуға ұласты.

Дискуссия барысында Анас Баққожаев да сөз алып, Мәжіліс қарауындағы ауыл шаруашылығы саласы бойынша заң жобалары туралы сұрақтарға жауап берді.

Аталған дискуссиялық алаң тұрақты түрде жұмыс жасайтын болады. Алаңда қарастырылатын тақырыптар жергілікті атқарушы орган өкілдері болып табылатын білім алушылармен бірге орталық атқарушы орган өкілдері үшін де пайдалы болатындығы сөзсіз. 

Академия президенттік құрылым ретінде партиялық ұстаным тұрғысынан бейтарап позиция ұстанады. Дегенмен, білім алушылардың сарапшылық әлеуеті мен кәсіби  құзыреттіліктерін жан-жақты дамыту бағытында барлық ірі саяси партиялармен әріптестік жасау мақсатқа лайық болмақ.

 «Даму күні» аясында «Қыран» зияткерлік дебат клубы «Жасанды интеллект ұзақ мерзімді перспективада адамзат үшін қауіпті ме?» тақырыбында пікірсайыс өткізді. Қатысушылар өз ойларымен дәйектемелерін нақты аргументтер арқылы жеткізіп, жоғары деңгейдегі ойын көрсетті. 

 

Пікірсайыстың қорытындысы бойынша, Үкімет фраксиясының мүшелері «Өңірлік даму» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранты- Иманпеисов Жанболат Жолдыбайұлы және Бекишбаев Ербол Дуйсенбекович оппозициядан бысымдау түсіп, жеңіске жетті. Ойыншыларды шын жүректен құттықтаймыз!

«Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалды ойыны өтті.  Шараға Академия қызметкерлері мен білім алушылары қатысты. Интеллектуалды ойынды  Академия  докторанты Ерболат Мұхтарұлы  жүргізіп, командаларды басқарып, екі жақты тең ұстайтай магистранттарға түрлі сұрақтар қойды. 

Қатысушылар да күрделі, интеллектуалды сұрақтарды  сараптап, тез арада ой елегінен өткізіп, жауаптарын берді. Ойын – классикалық  үлгі бойынша «үздік блиц», «қара жәшік», «теледидар сұрақтарының секторы» секілді кезеңдерді қамтыды.

Барлығы
02
Қазан
ELGE QYZMET RUN спорттық жүгіруі өтті

Бүгін елордада алғаш рет Академияның 30 жылдығына орай Elge Qyzmet Run спорттық жүгіруі өтті. Шараны ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы және Президенттік Академия түлектерінің альянсы алғаш рет ұйымдастырды.

Аталған іс-шара Триатлон паркінде өтті. Жүгіруге салауатты өмір салтын ұстанатын 400 адам қатысты. Олардың басым көпшілігі – мемлекеттік қызметшілер. Орталық мемлекеттік органдардың басшылары, қызметшілері және елорда тұрғындары жүгіру мәдениетін қалыптастыру идеясын қолдап, қайырымдылық шарасына белсенді түрде атсалысты. Жүгіру шарасына еліміздің өңірлерінен де келген және өз өңірінде қатысқан Академия түлектері болды.

Академия магистранты, мемлекеттік қызметші Арсен Губашев шараға қатысуға біраз уақыт дайындалған.

«Бүгінгі ELGE QYZMET RUN спорттық жүгіру жарысына Академия магистранттары түгел қолдап қатысты. Жүгіруге өтетіні туралы білген күннен бастап дайындалдым. Бұл шара бірінші кезекте салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Батыс Қазақстан облысы, Орал шаһарында көп жылдан бері жүгірумен айналысып, спортты насихаттап жүрмін», – деді ол.

Elge Qyzmet Run алдағы уақытта елордамызда жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін спорттық шараға айналады деген үміттеміз. Жүлделі орын алған қатысушыларға марапатты ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай табыстады. Спорттық жүгіруден жиналған қаржы толықтай қайырымдылыққа жұмсалады.

«Бүгін біз салауатты өмір салтын және жүгіруді насихаттап қана қоймай, тарихи сәттің куәсі болып тұрмыз. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы және Президенттік Академия түлектерінің альянсы мұндай ауқымды спорттық жүгіру шарасын алғаш рет ұйымдастырды. Бұл шара алдағы уақытта елордамызда жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін спорттық шараға айналады деген үміттемін. Серіктестерімізге, мемлекеттік қызметшілерге және қала тұрғындарына алғыс білдіремін», – деді  Академия ректоры Ерлан Қуанышұлы. 

ELGE QYZMET RUN қатысушылары 10 км, 5 км және 2,5 км арақашықтық бойынша жүгірді. Барлық қатысушыға медаль берілді. Абсолютті жеңімпаздарға І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом мен сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ жас ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі санатта жақсы нәтиже көрсеткен қатысушылар да жүлделі орындар иеленіп, сыйлықтармен марапатталды. Барлығы 90 қатысушы түрлі сыйлықтарға ие болды.

Барлығы
01
Қазан
Еңбек күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Бұл еңбекқорлық пен кәсіпқойлық құндылықтарын нығайтуға септігін тигізбек. Қыркүйектің соңғы жексенбісінде елімізде Еңбек күні атап өтіледі. Бұл күні елімізді дамыту жолында ерен еңбек еткен, оны жаңа жетістіктерге жетелеген мамандарға құрмет көрсетіледі. 

Академия еңбек адамдарының адал қызметін әрдайым бағалайды. Инфрақұрылымдық қызмет көрсету және «Жас мемлекеттік қызметшілерге арналған үй» қызметтері қызметкерлерінің және Академия филиалдарының 43 қызметкері ректор Ерлан Әбілдің Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен марапатталды. 

Президентіміз айтқандай, кәсібіне адал әрі жауапкершілікпен қараған адам қашан да лайықты бағасын алады. Табанды еңбегімен табысқа жетіп жүрген Академия қызметкерлерінің марапаты құтты болсын!

Барлығы
25
Қыркүйек
АӨСШК Азиядағы қауіпсіздік пен дамуды қамтамасыз етудің тиімді көпжақты тетігі ретінде

Елорда да Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің әскери-саяси өлшемін дамыту бойынша «АӨСШК – Азиядағы қауіпсіздік пен дамуды қамтамасыз етудің тиімді көпжақты тетігі ретінде» атты семинар өтті. Семинар ұйымдастырушылары – ҚР Қорғаныс министрлігі мен АӨСШК Хатшылығы. Семинардың ашылуында  ҚР Қорғаныс министрлігінің Қару-жарақты бақылау және инспекцияларды қамтамасыз ету орталығының басшысы, полковник Қанат Әубәкіров және АӨСШК хатшылығының өкілі -Төтенше және Өкілетті Елші Қуанышев Дулат сөз сөйледі. 

Семинар аясында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Дипломатия институтының профессоры Манарбек Шакирович Кабазиев «АӨСШК кеңістігіндегі қауіпсіздік жолындағы сын-қатерлер» тақырыбында баяндама жасады. 

Баяндама барысында М.Ш. Кабазиев семинар тақырыбы жаһандық деңгейде сенімсіздік, геосаяси турбуленттілік пен геостратегиялық шиеленістің өсуі жағдайында ықтимал сын-қатерлерге қарсы әрекет бойынша жалпы ұстанымды әзірлеу тұрғысынан өзектілікке ие екенін атап өтті.

Азия үшін, жалпы жаһандық әлем үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету өзекті мәселе. Жаңа сипаттағы қауіп-қатерлермен ұлттық деңгейде күресу жеткіліксіз. Осы ретте, көпжақты құралдар шеңберінде әрекет етудің, ынтымақтастықтың және өзара аймақтық жүйе құру қажет. оның айқын үлгісі Азиядағы өзара әрекет және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) болып табылады. 

Кабазиев Манарбек Азия құрлығының қауіпсіздігі жаһандық қауіпсіздіктің ажырамас бөлігі екенін атап өтті. Осыған байланысты АӨСШК елдерінің жаңа сын-қатерлерді алдын алу, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдар және әріптес елдермен өзара іс-қимыл жасау ісінде тығыз ынтымақтастық қажеттілігі туындайды.

Бұл тұрғыда ұлттық мүдделерді қорғау саласындағы мемлекеттердің саясаты мен стратегиясын, сондай-ақ өңірлік және жаһандық деңгейде шешім талап ететін жаһандық сын-қатерлерді шешу мақсатында басқа елдермен және өңірлермен ынтымақтастық құру өте өзекті.

Семинарда Әзербайжан, Бангладеш, Вьетнам, ҚХР, Иран, Катар, АӨСШК хатшылығының сарапшылары қатысты.

Барлығы

Your browser does not support SVGs