
11 наурызда ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Әбіл Ерлан Қуанышұлы Атырау өңірінде қызметтік іссапармен келді.
11 наурызда ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Әбіл Ерлан Қуанышұлы Атырау өңірінде қызметтік іссапармен келді.
2020 жылдың 10 наурызында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының ректоры Ерлан Қуанышұлы Әбіл арнайы іссапармен Академияның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалына барып қайтты.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясындағы жұма «Алғыс айту» күніне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шарамен басталды.⠀
Мерекелік кештің шымылдығын әдемі өлең сөздерімен өрнектеген, терең ойға, асқан тәрбиеге толы Абайдың қара сөздерін оқыған жастар театрының өнерпаздары ашты.
⠀
Театрландырылған қойылымнан кейін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының ректоры Ерлан Әбіл құттықтау сөз жолдап, Академия қызметкерлеріне жүрекжарды тілегін білдірді.
⠀
Мерекеге орай арнайы шақырылған Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі – Нәзипа Ыдырысқызы «Алғыс айту» күнінің мәдениетіміздегі алатын орны мен этнос аралық мәдениет турасында сөз қозғаса, ілеспе аударма жасаудың негізін қалаушы, «Үздік аударма» байқауының тұңғыш жеңімпазы Альпеисова Камал- «Алғыс айту» күнін тойлаудың саяси астарына тоқталып өтті.
⠀
Өнегеге толы әдемі кеш барысы «Алғыс айту» күнімен құттықтап келген жас өнерпаздардардың керемет ән шашуымен, мың бұралған қыздардың керемет биімен өрнектеле түсті.
⠀
«Егемендігіміздің басты нышаны-ол біздің достығымызда» деп сөзін бастаған Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Шерзод Пулатов мемлекеттік тілімізді ұлықтауға шақырып, барша жиналған қауымды «Алғыс айту» мерекесімен құттықтады.
Ал, ардагер аталарымыз жиналған қауымды «ризашылық мерекесімен» құттықтап, баталарын берді.
⠀
Шара барысында Академиялық ұтқырлық бағдарламасымен білім алып жатқан Академия магистранттарының тілектері мен құттықтау сөздері арнайы бейне-ролик арқылы көрсетілді.
⠀
Сондай-ақ «Алғыс айту» күніне орай Академия қызметкерлері өздері дайындаған тағамдарды сатылымға қойып, қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды. Қайырымдылықтан түскен қаражат «Еріктілер клубына» жұмсалады.
⠀
Сонымен қатар «Алғыс айту» күнінде Академия қызметкерлері «Шахмат турниріне» қатысып, бақ сынасты.
⠀
Айтулы мерекенің жоғары деңгейде өтуіне үлес қосып, атсалысқан барша Академия қызметкерлеріне, келген қонақтарға ҮЛКЕН АЛҒЫСЫМЫЗДЫ, РИЗАШЫЛЫҒЫМЫЗДЫ БІЛДІРЕМІЗ!
22 ақпан күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Ашық есік күні» өтті.
2020 жылы 21 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясында мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, Академия басшылығы мен профессорлық- оқытушылар құрамының қатысуымен, заң ғылымдарының кандидаты, техника ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры (2006-2008) – Әшімжан Сүлейменұлының 70 жылдығына арналған конференция өтті.
2020 жылдың 18 ақпанында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясында ЮНИСЕФ – Қазақстан ынтымақтастығындағы көші-қон үдерістеріндегі балаларды қорғау жөніндегі жобаны іске асыру шеңберінде жоғары оқу орындары арасында кездесу өтті.
15 ақпан күні Ханнс Зайдель қорымен жүргізілетін ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Солтүстік-Шығыс және Орталық Азия бөлімінің басшысы – Изабелла Харбрэт, Орталық Азиядағы Қордың басшысы доктор Макс Георг Майермен және Орталық Азиядағы Қордың жобалау менеджері Қаныбек Садықбековпен үйлестіру кездесуі өтті.
Ақпан айының 10-14 аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында парақорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы менеджмент бойынша «Сертификатталған PECB. ISO 37001 енгізу жөніндегі жетекші маман» тақырыбында оқу курстары өтті.
10 ақпан күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Саяси зерттеулер академиялық институтының (GRIPS) ректоры ТАНАКА Акихико дәріс оқыды.
27-31 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Британдық әдіс бойынша PRINCE2 Foundation жобалық менеджмент саласында сертификациялау курсы өтті.
Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлаудың және біліктілігін арттырудың ережесіне өзгерістер енгізілді! Енді білім алушылардың біліктілікті арттырудан өткендігі туралы растайтын куәлікті электронды түрде алу мүмкіндігі бар.
Жыл басында Мәскеу қаласында, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында (РХШжМҚА) әртүрлі елдерден келген белгілі ғалымдар, билік органдарының өкілдері, қоғам және саяси қайраткерлер, бизнесмендердің жиналуы дәстүрге айналған.
ПРЕСС-РЕЛИЗ
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК
БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ТҮЛЕКТЕР ФОРУМЫ»
2019 жылдың 6 желтоқсанында Академияның 25 жылдығына арналған «Дәстүрді сақтап, болашаққа ұмтылыс!» атты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түлектер форумы өтті.
Форумның мақсаты – басқарушылық кадрларды кәсібилендірудің біртұтас жүйесінің әлеуетін көрсету және инновациялық мемлекеттік басқаруға көшуге жәрдемдесу. Форумның миссиясы – Қазақстанның экономикасы мен қоғамды жаңғыртуға қабілетті жас басқарушылар толқынының пайда болуына ықпал ету. Форумның міндеттері: әлеуметтік-жауапты мемлекеттік қызметшінің бейнесін қалыптастыру және азаматтардың сұрауларына жедел әрі тиімді жауап қататын «Тыңдаушы мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету.
2019 жыл орталығы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы болып табылатын мемлекеттік қызметшілердің кәсіби білім беру жүйесінің құрылған сәтінен бастап 25 жыл толуымен ерекшеленуде.
Академия ТАРИХЫНАН, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің кәсіби дамуының қазіргі заманғы жүйесі дамудың мынадай үш тарихи кезеңінен өткенін атап өткен жөн:
1) жоғары әкімшілік кадрларды даярлау және мемлекеттік аппаратқа жоғары білімді азаматтарды тарту үшін ҚР Президентінің 1994 жылғы 29 тамыздағы Қаулысымен Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебі (бұдан әрі – ҰЖМБМ) құрылды;
2) мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру тиімділігін арттыру мақсатында ҚР Президентінің 1998 жылғы 18 қыркүйектегі Жарлығымен ҰЖМБМ мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру институтының бірігуі арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы құрылды;
3) мемлекеттік органдардың кадрларын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру үшін бірыңғай оқу, ғылыми және ұйымдастыру-әдістемелік база құру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 31 мамырдағы Жарлығымен ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы, ҚР Жоғарғы Cотының жанындағы Сот академиясын біріктіру және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Дипломатиялық академиясының функцияларын қайта құрылған мемлекеттік мекемеге беру арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы (бұдан әрі ¬ – Академия) құрылды.
Осылайша, 2019 жыл қазіргі уақытта ҰЖМБМ-ның құқықтық мұрагері ретінде орталығы Академия болып табылатын мемлекеттік қызметшілерге кәсіби білім беру жүйесінің құрылған сәтінен бастап 25 жыл толуымен есте қалмақ.
Мерейтой жылының қорытынды іс-шарасы болып табылатын Түлектер форумына Қазақстанның түкпір-түкпірінен және одан тысқары жерлерден шақырылған 100-ден астам қонақ қатысады, олар Академияның түлектері, бұрынғы ректорлары мен институт директорлары, оқытушылары мен серіктестері.
Салтанатты іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры Әсет Исекешев
(1998 жылғы ҰЖМБМ түлегі), Президент Әкімшілігі Мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі Әлтаир Ахметов (2019 жылғы сәуірден бастап тамыз айына дейінгі Академия ректоры), ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев (1996 жылғы ҰЖМБМ түлегі), Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэ, Ханнс Зайдель қорының Орталық Азиядағы өкілдігінің басшысы Макс Майер, ҰЖМБМ директоры Нұрлан Жұмағұлұлы Даненов (1994 жылғы), Мемлекеттік қызмет академиясының 1998 жылдан 2005 жылға дейінгі ректоры Аманқұл Серікбайұлы Серікбаев, Академияның 2008 жылдан 2009 жылға дейінгі ректоры Бақыт Есекина, Академияның 2009 жылдан 2012 жылға дейінгі ректоры Арын Өрсариев, Академияның 2012 жылдан 2016 жылға дейінгі ректоры Болатбек Абдрасилов қатысты.
«25 жыл ішінде Академия Ауғанстан, Әзірбайжан, Қырғыз Республикасы, Моңғолия, БАӘ, Тәжікстан, Түркия, Украина елдерінен 70 шетел азаматын қоса алғанда, 2,6 мың түлекті дайындап шығарды. Жыл сайын 24 мыңнан мыңнан астам мемлекеттік қызметші Академияда және оның филиалдарында біліктілігін арттыру семинарларында және мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарында оқытудан өтеді» – деді Академия ректоры Ерлан Әбіл өзінің құттықтау сөзінде.
Форумның қонақтары мемлекеттік басқаруды дамытудың және мемлекеттік қызметшілерді оқытудың өзекті трендтеріне негізделген Академияның бүгінгі дамуын ерекше атап өтуде.
Қазіргі уақытта магистратура мен докторантураның үш тілде білім беру бағдарламаларының редизайны жүргізілді және жобалық басқару тәсілдерін, ситуациялық тапсырмаларды шешу және т.б. тәсілдерді қолдану арқылы тәжірибеге бағытталған проактивті оқытуға көшу жүзеге асырылды. Бүгінде барлық қызмет салалары үшін ең өзекті тегеурінді талаптардың бірі цифрландыру және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту болып табылады. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында қазіргі таңда Академияда мемлекеттік қызметшілердің
ІТ-құзыреттілігін дамыту үшін жақсы цифрлық платформа құрылған. Қазіргі уақытта
IT-технологияларды кешенді пайдалану, жаңа технологиялық және басқару шешімдерін енгізу, цифрлық білім беру ресурстарын қолдана отырып, онлайн-оқыту технологияларын пайдалану жүзеге асырылуда. Айта кетейік, Академия 2020 жылдың қаңтарында цифрлық coworking-орталығын ашуға дайындалуда.
Ректордың айтуынша, Академия жобалық менеджментті енгізу бойынша сараптамалық қолдауды қолдауды қамтамасыз етіп, мемлекеттік басқарудың өзекті мәселелерін талқылау және шешу үшін платформа ретінде әрекет етуін жалғастыруда. Сондай-ақ Академия базасында #KyzmetTalks, Идеялар фабрикасы, Өзгерістер кеңсесі сияқты сараптамалық алаңдар жұмыс істейді.
Академия үшін білім беру қызметінен бөлек Академияның әлеуметтік бағыттылығы маңызды бағыт болып қала бермек. Академияның 25 жылдығы аясында жыл басынан бері біз Асыл ана (көп балалы аналарды әлеуметтендіру жобасы), Меценаттар форумы (ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарын қолдау жобасы), Видеть и слышать сердцем (нашар көретін адамдарды әлеуметтік қолдау жобасы) және т.б. сынды 25 әлеуметтік жобаны ,іске асыру бойынша жұмыс жүргіздік. Айта кету керек,
25 жылдық қызмет аясында республикалық және халықаралық ауқымдағы бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылды: көрнекті қазақстандық және халықаралық саяси, мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінің қатысуымен 25 қонақ дәрісі өткізілді, олардың ішінде Академияның түлектері мен профессорлары бар; 2019 жылы сәуірде мемлекеттік және корпоративтік секторлардың сарапшыларын біріктірген Мемлекеттік басқару саласындағы алғашқы HR-форум ұйымдастырылып, өткізілді; Астана экономикалық форумы – 2019 шеңберінде жеке сессиясын өткізілді және т.б.
Форумның бағдарламасы кең ауқымды және екінші бөлім – «Жаңа мемлекеттік басқару: Қазақстандағы трендтер мен үрдістер» тақырыбындағы тәжірибелік сессияны қамтиды. Модераторы – Академияның вице-ректоры Айгүл Көшербаева. Спикерлері: ҚР ПӘ-нің мемлекеттік инспекторы (Академияның 2011 жылғы түлегі) Қуаныш Асылов «Мемлекеттік аппаратты парасаттандыру – мемлекеттік саясаттың басымдылығы», BTS Digital білім беру орталығының бастығы және МСҰМ-ның бірінші директоры Саясат Нұрбек «Nudge тұжырымдамасы және мемлекеттік басқарудағы мінез-құлық экономикасы» және т.б.
Анықтама үшін:
Қазіргі заманғы басқару технологияларын енгізу мақсатында Академияда Мемлекеттік басқаруда жобалық менеджментті дамыту орталығы жұмыс істейді. Орталық аккредитациядан сәтті өтті және ҚР СТ ISO 21500-2014 «Жобаларды басқару жөніндегі нұсқау» ұлттық стандарты бойынша мемлекеттік қызметшілерге сертификатталған оқытуды жүргізеді. Сондай-ақ, SPOCE (Ұлыбритания) компаниясымен келісім негізінде Қазақстан аумағында Prince2 жобалық менеджмент әдісі бойынша сертификациялық емтихан өткізіледі.
Ағымдағы жылы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы оқытуды магистратураның 11 мамандығы және докторантураның 4 мамандығы бойынша жүргізуде. Магистратура мамандықтары: Мемлекеттік менеджмент (MPM), Мемлекеттік басқару (MPA), Цифрлық мемлекеттік басқару (MDPA), Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат (MACP), Экономика (ME), Мемлекеттік саясат (MPP), Өңірлік даму (MRD), Мемлекеттік саясат (шетел азаматтары үшін) (MPP), Мемлекеттік саясат және құқық (MPPL), Адами ресурстарды басқару (MHRM), Халықаралық қатынастар (MIR). Докторантура мамандықтары: Мемлекеттік менеджмент (EDPM), Мемлекеттік басқару (DPA), Экономика (DE) және Халықаралық қатынастар (DIR).
«Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандумның мақсаты – ҚазҰЖҒА мен МБА арасында серіктестік қарым-қатынас орнату және ғылыми-білім беру қызметі бойынша күш-жігерді біріктіру. Ынтымақтастықтың негізгі міндеттері әзірлемелер мен жаңа технологиялармен, ғылыми идеялармен және ақпаратпен алмасуға қолайлы жағдай жасау, бағдарламалық құжаттарды іске асыру мақсатында өзара тиімді жағдайларда жұмыстарды ұйымдастыру, сондай-ақ жаңа технологиялық бағыт үшін инновациялық экономиканың және еліміздің басқа да көптеген қызмет салаларының сапалы даму деңгейін қамтамасыз етуге қабілетті мамандарды мақсатты даярлау және қайта даярлау болып табылады.
Тараптар теңдік негізінде ынтымақтастықты мынадай бағыттар бойынша жүзеге асыруға ниетті:
– ғылыми-техникалық бағдарламалар мен инновациялық жобаларды әзірлеу, мемлекеттік, өңірлік, салалық, халықаралық және өзге де бағдарламалар мен жобалар шеңберінде, сондай-ақ ұлттық және шетелдік институттардың гранттары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
– жаңа сападағы инновациялық өнім жасауға бағытталған мемлекеттік-жеке меншік әріптестік қағидаттарына негізделген мемлекеттік, өңірлік, салалық, салааралық, ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар жобаларын әзірлеуге қатысу;
– ғылым мен білім беруді дамытудың нақты, өзара қызығушылық білдіретін және тиісті перспективалық бағыттары бойынша бірлескен ғылыми, практикалық зерттеулер жүргізу;
– Тараптардың оқу-әдістемелік кешендерін және зерттеу жобаларын әзірлеуге қатысу;
– ғалымдарды шақыру және қабылдау, өзара қызығушылық тудыратын тақырып бойынша оқу семинарларын, конференцияларды, дөңгелек үстелдерді, тақырыптық пікірталастарды ұйымдастыру.
Дәл осы күні Мемлекеттік басқару академиясының базасында Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының президенті
Н.Ә. Әбіқаевтың төрағалығымен жалпы жиналыс өтті. Айта кету керек, Академияның ректоры да ҚазҰЖҒА Президиумының мүшесі болып табылады.
Елорда әкімі Алтай Көлгінов ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушыларымен Kyzmet Talks алаңында кездесті. Осыған ұқсас кездесулер мен дәрістер Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының 25-жылдық мерейтойы қарсаңында өткізіліп жатыр.
Негосударственное учреждение "Независимое агентство по обеспечению качества в образовании (IQAA)" создана в 2008 году и является первой казахстанской некоммерческой неправительственной организацией в сфере оценки качества организаций образования и образовательных программ. IQAA - организация, действующая и признанная не только на национальном, но и на международном уровнях. Агентство работает над разработкой новых идей и форм по обеспечению качества в учебных заведениях, ориентированной на результат, с профессиональной, творческой командой сотрудников.
Европейская ассоциация аккредитации государственного управления - «способствует качеству европейских программ государственного управления академического уровня путем разработки соответствующих стандартов аккредитации для таких программ через свой Комитет по аккредитации». С 1999 года Европейская ассоциация аккредитации государственного управления (EAPAA) помогает европейским программам государственного управления улучшать и обеспечивать их качество посредством аккредитации. EAPAA – единственный орган по обеспечению качества в сфере государственного управления, действующий по всей Европе. На сегодняшний день он аккредитовал более 70 программ по всему континенту, включая большинство ведущих институтов в этой области.
Аккредиттеу Комитеті арқылы осындай бағдарламалар үшін тиісті аккредиттеу стандарттарын әзірлеу арқылы еуропалық академиялық деңгейдегі мемлекеттік басқару бағдарламаларының сапасына ықпал етеді" 1999 жылдан бастап Еуропалық Мемлекеттік Басқаруды Аккредиттеу Қауымдастығы (EAPAA) еуропалық мемлекеттік басқару бағдарламаларына аккредиттеу арқылы олардың сапасын жақсартуға және қамтамасыз етуге көмектесті. EAPAA-Бұл Бүкіл Еуропада жұмыс істейтін Мемлекеттік басқарудағы сапаны қамтамасыз етудің жалғыз органы. Осы уақытқа дейін ол бүкіл континентте 70-тен астам бағдарламаны, соның ішінде осы саладағы жетекші институттардың көпшілігін аккредиттеді.
"Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (IQAA)" мемлекеттік емес коммерциялық емес мекемесі 2008 жылы құрылған, білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламалары сапасын бағалау саласындағы алғашқы қазақстандық мемлекеттік емес коммерциялық емес мекеме болып табылады.
IQAA - ұлттық және халықаралық деңгейде мойындалған және әрекет ететін ұйым. Агенттік кәсіби және шығармашылық қызметкерлер тобымен оқу орындары сапасын қамтамасыздандыруда нәтижеге негізделген жаңа идеялар мен үлгілерді әзірлейді.
Non-governmental organization "Independent Agency for Quality Assurance in Education" (IQAA) was established in 2008 and is the first Kazakhstan non-profit non-governmental organization in the field of quality assessment of educational organizations and educational programs.
IQAA is an organization acting and recognized not only at the national level, but also at the international level. The Agency works on the development of new ideas and forms for quality assurance in educational institutions, focused on results with a professional and creative team of employees.
European Association for Public Administration Accreditation
“promotes the quality of European academic level public administration programmes by developing appropriate accreditation standards for such programmes through its Accreditation Committee” Since 1999 the European Association for Public Administration Accreditation (EAPAA) has helped European public administration programmes to improve and assure their quality through accreditation. EAPAA is the only quality assurance authority in Public Administration which is active throughout Europe. It has by now accredited more than 70 programmes across the continent, including most leading institutes in the field.
30.04.2017 - Академия государственного управления при Президенте РК и Дипломатическая академия Эмиратов подписали Меморандум о сотрудничестве целью которого является обмен информацией, исследовательскими работами, исследованиями и знаниями в рамках своей области знаний и с учетом интересов каждой Стороны, а также координация и сотрудничество в программах обучения, коммуникации, инициативах и мероприятиях.
30.04.2017 - The Academy of Public Administration under the President of the Republic of Kazakhstan and the Emirates Diplomatic Academy signed a Memorandum of Cooperation aimed at exchanging information, research, studies and knowledge within its field of expertise and taking into account the interests of each Party, as well as coordination and cooperation in training programs, communication, initiatives and activities.
11.10.2022 - Академия государственного управления при Президенте РК и Культурное сотрудничество Vrije Universiteit Brussel подписали Меморандум по обмену и сотрудничеству в области исследований и образования. Важными направлениями сотрудничества, это - обмен профессорами, исследователями, техническим и административным персоналом и студентами, которые могут осуществляться на долгосрочной и краткосрочной основе.
11.10.2022 - The Academy of Public Administration under the President of the Republic of Kazakhstan and Cultural Cooperation Vrije Universiteit Brussel signed a Memorandum of Exchange and Cooperation in the field of research and education. Important areas of cooperation are the exchange of professors, researchers, technical and administrative staff and students, which can be carried out on a long-term and short-term basis.
Академия государственного управления при Президенте РК и Университет Миколаса Ромериса подписали Меморандум о сотрудничестве.
Цель Меморандума: мобильность студентов для обучения за рубежом, обмен опытом и мобильность преподавателей для академических поездок, а также, обмен научными материалами, публикациями и информацией.
The Academy of Public Administration under the President of the Republic of Kazakhstan and Mykolas Romeris University signed a Memorandum of Cooperation.
The purpose of the Memorandum: mobility of students to study abroad, exchange of experience and mobility of teachers for academic trips, as well as, exchange of scientific materials, publications and information.
2017 г. - Академия государственного управления при Президенте РК и Нью-Йоркским университетом был подписан Меморандум о повышении квалификации госслужащих. Цель сотрудничества основано в совместных исследованиях в области госуправления, государственной политики и государственной службы, международных отношений, проектного менеджмента, и противодействия коррупции и в организация совместных мероприятий.
2017 - Academy of Public Administration under the President of the Republic of Kazakhstan and New York University signed a Memorandum on professional development of civil servants. The purpose of cooperation is based on joint research in the field of public administration, public policy and public service, international relations, project management, and anti-corruption and in the organization of joint activities.
8.06.2022 - Академия государственного управления при Президенте РК и Офис по управлению человеческими ресурсами при Президенте Турецкой Республики подписали Меморандум о сотрудничестве. Главными направления сотрудничества — это обмен печатными и наглядными материалами по обучению персонала, повышению квалификации, оценке персонала и обмен знаниями и опытом в области подготовки кадров, повышения квалификации, оценки персонала.
8.06.2022 - The Academy of Public Administration under the President of the Republic of Kazakhstan and the Human Resources Management Office under the President of the Republic of Turkey signed a Memorandum of Cooperation. The main areas of cooperation are the exchange of printed and visual materials on personnel training, professional development, personnel assessment and exchange of knowledge and experience in the field of personnel training, professional development, personnel assessment.
23.06.2022 г. - Академия государственного управления при Президенте РК и Университет прикладных наук Сейняйоки подписали Меморандум о развитии сотрудничества в области подготовки специалистов.
Стороны будут поощряют развитие сотрудничества в области научных исследований: разработку и участие в совместных научно-исследовательских проектах, организацию и проведение совместных научных мероприятий (форумов, симпозиумов, конференций, совещаний экспертов).
23.06.2022 - The Academy of Public Administration under the President of the Republic of Kazakhstan and Seinäjoki University of Applied Sciences signed a Memorandum on the development of cooperation in the field of training specialists.
The parties will encourage the development of cooperation in the field of scientific research: development and participation in joint research projects, organization and conduct of joint scientific events (forums, symposiums, conferences, expert meetings).
25.04.2022г - Академия государственного управления при Президенте РК и Школа Максвелла Сиракузского университета по связям с гражданами и общественностью подписали Меморандум о развитии совместных проектов и мероприятии, направленные на повышение квалификации казахстанских государственных служащих и в дальнейшие исследования в области государственного управления, государственной службы, государственной политики, международных отношений, управления проектами и противодействия коррупции.
25.04.2022 - The Academy of Public Administration under the President of the Republic of Kazakhstan and the Maxwell School of Citizenship and Public Affairs at Syracuse University signed a Memorandum on the development of joint projects and activities aimed at improving the qualifications of Kazakhstani civil servants and further research in the field of public administration, public service, public policy, international relations, project management and anti-corruption.