Академия
жаңалықтары

20
Қыркүйек
Қазақстан Республикасында дипломаттарды даярлау жүйесін құру тарихы

Бүгін Академияның 30 жылдығына орай ұйымдастырылған  «Даму күні»  аясында ҚР мемлекет және қоғам қайраткері, Төтенше және Өкілетті Елшісі, филология ғылымдарының докторы  Мырзатай Жолдасбекұлымен кездесу өтті.

Кездесу барысында мемлекет және қоғам қайраткері Қазақстан Республикасында ең алғаш  дипломаттарды даярлау жүйесін құру тарихы туралы айтып, өз тәжірбиесімен бөлісті. 

«Ең алғашқы жылдары дипломатия Академиясын құру оңайға соққан жоқ. Себебі білікті кадрмен қоса білім алушылар да тапшы болды. Материалдық база мен  оқытатын жерді белгілеудің өзі қиынға түсті. Шетелдің тәжірбиесімен алмасып, ешбір оқу орнынан кем болмайтындай жабдықтап, елімізде дипламатия Академиясын құрдық»,-  деді филология ғылымдарының докторы. Дәріс соңында білім алушылар мен қызметкерлер  Мырзатай Жолдасбекұлына  алғыс білдіріп,  батасын алды.

«Даму күні» аясында Академияның профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері үшін «Smart Academy құралдарын пайдалану мүмкіндігімен оқу процесін ұйымдастыру» тақырыбында әдістемелік семинар өтті. 

Әдістемелік семинар барысында Академияның коворкинг-орталық аймақтары таныстырылды. Бизнес алаң, конференц зал, freelance аймағы мен ондағы «Samsung Flip» смарт флипчарты, Optoma проекторлары және Zorgtech интерактивті бөлімі, ақылды трансформер-үстелдер көрсетілді.

Сондай-ақ проектор-маркер дисплейлі Бизнес алаң қабырғасының мүмкіндіктері мен Barco Clickshare сымсыз презентация жүйесі жайлы айтылды.  

Коворкингте орнатылған техникалық жабдықтар Академияның білім беру қызметінің сапасын арттыруға, келіссөздер мен кеңестерді демонстрациялап оқытуға, түрлі ақпараттармен бөлісуге мүмкіндік береді. Орталық аймақта іскерлік кездесулер, интеллектуалды ойындар, бизнесті басқару бойынша сабақтар, қашықтықтан оқытылатын сабақтар өткізіледі.

Freelance аймағында желіге сымсыз қосылған жабдықталған білім алушыларға арналған кеңістік, мұнда магистранттар мен докторанттар сабаққа дайындалып, әртүрлі тапсырмалар мен жаттығуларды орындайды.

Айта кетейік, әдістемелік семинарды Академияның Білім беру саясаты орталығы мен цифрлық технологиялар орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.

 «Даму күні»  аясында ҚР Сыртқы  істер министрлігі  Коммуникациялар департаментінің директоры – министрліктің ресми өкілі Смадияров  Айбекпен кездесу өтті.

Кездесуде Айбек Серікбайұлы мемлекеттік органдардың баспасөз қызметіне тоқталып, Мемлекеттік сектордағы PR – дың негізгі мақсаттарын атап өтті. Мемлекеттік қызметкерлердің БАҚ-пен тиімді коммуникация орнатуы жайлы ақпарат айтып, өз тәжірбиесімен бөлісті.

Ол өз сөзінде кризистік  коммуникацияда жылдам әрекет ету мен ашықтықтың, тез және дәл жауап берудің маңыздылығын түсіндірді.

Барлығы
19
Қыркүйек
Академия магистранттарына арналған Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің дәрісі

Профессор Әлихан Байменовтің бастамасымен «Мемлекеттік саясат» курсы аясында Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты мәселелері бойынша көшпелі дәріс ұйымдастырылды. Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің магистранттарына дәрісті ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Жақыпова Светлана Қабыкенқызы өткізді.

Дәріс Еңбек ресурстары орталығында өтті. Білім алушылар халықты қолдауға және қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған ведомствоның заманауи ақпараттық жүйелерімен танысты. 

Министрдің айтуынша, басты жобалардың бірі — Отбасының цифрлық картасы. Бұл жүйе азаматтарға төленген жәрдемақылар мен төлемдер туралы автоматты түрде хабарлайды. 

Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілерді біріктіріп, жасанды интеллектті қолдану арқылы тезірек және нақты жұмыс табуға көмектеседі.

Онлайн оқыту платформасы (skills.enbek.kz) сертификат алу мүмкіндігі бар 603 курсты ұсынады. Оның 271-і тегін. Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау порталы (business.enbek.kz) гранттарға өтініш беруге және қаражаттың пайдаланылуын бақылауға көмектеседі. Мansap.enbek.kz  платформсы еңбек нарығының тенденцияларын зерттеуге және қолайлы мамандықтарды таңдауға көмектеседі. HR порталы (hr.enbek.kz) еңбек шарттарын жасасуды және штат кестесін басқаруды жеңілдетеді.

Светлана Жақыпова көші-қон процестерін бақылаудың маңыздылығын атап өтті. Бірыңғай платформа (migration.enbek.kz) ішкі және сыртқы көші-қон ағындарын талдайды. Сондай-ақ еңбек күші тапшы өңірлерге қоныстануға көмектеседі.

«Барлық цифрлық технологиялар үздік болып табылады. Біз Орталық Азия елдерінде де инновациялық шешімдерді масштабтауды жоспарлап отырмыз. Халықаралық Еңбек Ұйымының Бас директоры Жильбер Унгбоның елімізге сапары барысында осы цифрлық шешімдерден оң әсер алғанын атап өтті. Алдағы жоспарымыз – ХЕҰ-ның Қазақстандағы жобалық офисін ашу», – деп атап өтті ведомство басшысы.           

Дәріс соңында министр магистранттардың сұрақтарына жауап беріп, цифрландыру мемлекеттік органдардың жұмысын жеделдетіп қана қоймай, оларды халыққа жақындататынын атап өтті. Айта кетейік, көшпелі дәрістің тақырыбы МСҰМ академиялық бағдарламасына сәйкес таңдалды. Академияда «Мемлекеттік саясат» курсын профессор Әлихан Байменов жүргізеді.

Барлығы
13
Қыркүйек
«Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм»

Бүгін Академия қабырғасында сарапшылар Мемлекет басшысының 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауын талқылады. Жиынға «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс Республикалық қоғамдық бірлестігі өкілдері, Академия білім алушылары және қызметкерлері қатысты. 

Талқылауда бірінші болып сөз алған Республикалық қоғамдық бірлестігінің құрметті төрағасы Оралбай Әбдікәрімұлы тыңдаушыларға Жолдауда айтылған «Адал азамат, Адал еңбек, Адал табыс» тұжырымдамасының Әділетті қоғам құрудағы мәні мен мазмұнын терең түсіндіре келе, мемлекеттік қызметшілер абырой үшін елге адал қызмет ету керек деп ойын түйіндеді. 

Екінші спикер мемлекет және қоғам қайраткері Дархан Мыңбай мемлекеттік қызметшілерге жолдаудағы Президенттің «кәсібіне адал әрі жауапкершілікпен қараған адам қашанда лайықты бағасын алады және бұл идеяны қоғам санасына сіңіру қажет» деген сөзін барынша кең ауқымда нақты мысалдармен жан-жақты түсіндіріп өтті. 

Сондай-ақ спикерлер Бейбіт Баймағамбетұлы Мамраев және Мэлс Зайноллаұлы Семғалиев Мемлекет басшысы Жолдауда айтқан басқа да басымдықтардың Әділетті қоғам құру жолында қаншалықты өзекті екендігіне тоқталып, тыңдаушыларды сыбайлас-жемқорлыққа елдік деңгейде жол бермеуге шақырды.

 

 

Барлығы
13
Қыркүйек
Өзін-өзі реттеудің мемлекеттік басқаруды жаңғыртудағы рөлі

Бүгін Академияда Ұлттық инновациялар және кәсіпкерлікті қолдау орталығымен  «Өзін-өзі реттеудің мемлекеттік басқаруды жаңғыртудағы рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелді өткізудің мақсаты — өзін-өзі реттеу институтын мемлекеттік басқаруды жаңғыртудың негізгі элементі ретінде дамыту. Бұл бизнес пен мемлекет арасындағы өзара әрекеттестікті жақсартуға, басқару тиімділігін арттыруға және әкімшілік кедергілерді азайтуға мүмкіндік береді.

Дөңгелек үстелге уәкілетті органдардың өкілдері, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаментінің директоры Жамбулов Ерік Баскенұлы, Ұлттық инновациялар және кәсіпкерлікті қолдау орталығының бас директоры Жақұпов Асланбек Қуандықұлы, «Атамекен» ҰКП және өзін-өзі реттейтін ұйымдардың өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар болашаққа жоспар құрып, өзін-өзі реттеу институтын одан әрі дамытуға бағытталған кешенді жоспарды әзірлеу қажеттігін атап өтті. Бұл жоспар мемлекеттік органдар, бизнес-қоғамдастық және өзін-өзі реттейтін ұйымдар арасындағы өзара әрекеттестікті күшейтіп, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және кәсіпкерлікке қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

 

Барлығы
13
Қыркүйек
Жасанды интеллект дәуіріндегі көшбасшылық

Академияның Кәсіби даму институты директорының орынбасары Айгерім Казакпаева Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында «Жасанды интеллект дәуіріндегі көшбасшылық: мемлекеттік секторға арналған құзыреттер» тақырыбында өткен көшбасшыларға арналған жыл сайынғы конференцияға қатысты.

Конференцияда жасанды интеллект технологияларымен қалыптасып келе жатқан жағдайларда тиімді көшбасшылық үшін қажетті негізгі құзыреттер қарастырылды. Сондай-ақ цифрлық сауаттылық пен «digital citizenship» (цифрлық азаматтық) тұжырымдамасы, жасанды интеллектіні қолданудағы этика мен жауапкершілік мәселелері талқыланды.

10-нан астам елден жиналған қатысушылар HR/HRD саласында жасанды интеллектіні енгізу стратегияларын әзірлеу тәжірибесімен бөлісіп, қажетті құралдар мен технологияларды талқылады. Сонымен қатар конференцияда жасанды интеллектіні мемлекеттік процестерге интеграциялау жолында кездесетін проблемалар қаралды.

Айгерім Казакпаева HR/HRD саласында жасанды интеллектті қолдану мәселелерін талқылауда белсенділік танытты. Конференция осы салада тәжірибе алмасу мен бірлескен шешімдер табудың маңызды алаңына айналды.

Барлығы
09
Қыркүйек
Бағдарлау апталығы өтті

Академияда магистранттар мен докторанттар үшін  Бағдарлау апталығы өтті. Шара білім алушыларды Академиямен, оның құрылымдық бөлімшелерімен және оқытушылар құрамымен таныстыруға, сондай-ақ оқу процесіне бейімдеуге бағытталған.

Апталықтың  ашылуында Академия ректоры Әбіл Ерлан сөз сөйлеп, сәттілік тіледі.

Бағдарлау апталығы аясында оқу процесін ұйымдастыру және «LMS ACADEMY» платформасы, Академияның ғылыми қызметі, корпоративтік мәдениеті, білім алушылардың құзыреттерін бағалау әдістері, ақпараттық саясаты бойынша жауапты вице – ректорлар мен құрылымдық бөлім басшылары ақпаратпен бөлісіп, сұрақтарға жауап берді.

Сонымен қатар білім алушылар жеке даму жоспарларын талқылау үшін бағдарлама координаторлармен кездесті.

Білім алушыларға тиімді коммуникациялар мен  эмоционалдық интеллект тақырыптарында тренингтер жүргізілді. Сонымен қатар ағылшын тілі деңгейін анықтау үшін тестілеуден өтті.

Барлығы
09
Қыркүйек
Өңірлік кадр резервіне іріктеу аяқталды

Елімізде алғаш рет өңірлік кадр резервтеріне іріктеу жүргізілді.

Жоба Мемлекет басшысының бастамасымен әр өңірде талантты жастар арасынан жаңашыл ойлайтын жас басқарушылардың тобын қалыптастыру мақсатында басталды.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың өңірлік кадр резервтеріне іріктеу 2024 жылғы ақпан-тамыз айлары аралығында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе өткізілді. Үміткерлердің құзыреттіліктерін бағалау кезеңі Академия базасында офлайн форматта Ассессмент-орталық әдісімен өткізілді.

Іріктеудің нәтижелері бойынша өңірлік резервтерге барлығы 505 адам қабылданды. Академияның 30 түлегі және 3 білім алушысы өңірлік кадр резервіне енді.

Өңірлік кадр резервіне қабылданған адамдар уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісім бойынша жергілікті атқарушы органдардың «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурссыз орналаса алады.

 

Барлығы
03
Қыркүйек
Профессорлық-оқытушылық құрамға арналған бағдарлау күні

Академияда профессорлық-оқытушылық құрамға арналған  Бағдарлау күні ұйымдастырылды. Кездесу барысында ректор Ерлан Қуанышұлы жаңа қызметкерлер мен оқытушыларға Академияның негізгі құндылықтары, дамудың стратегиялық бағыттары мен тұрған маңызды міндеттері туралы айтты.

Академия ректоры білім беру бағдарламаларында Президент Жолдауларында айтылған негізгі мәселелер, Мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы және Мемлекеттік қызметті дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы, сондай-ақ мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметті дамытудың қазіргі заманғы тенденциялары қамтылуы тиіс екенін атап өтті.

Сонымен қатар ректор білім беру бағдарламалары жетекшілерінің рөліне тоқталып, олардың әдістемелік қамтамасыз ету жауапкершілігі туралы сөз қозғады. Қызметкерлерді әдістемелік семинарларға, профессорлық-оқытушылық құрам Сенатының жұмысына және біліктілікті арттыру бағдарламаларына белсенді қатысуға шақырды.

Кездесу барысында Академиялық қызмет жөніндегі вице-ректор Маргарита Қадырова мен білім беру саясаты орталығының басшысы Гүлсара Джунусбекова  білім беру блогын дамыту перспективалары мен оқу процесін ұйымдастыру туралы айтты. Ғылыми қызмет жөніндегі вице-ректор Алия Рмғазықызы Академияның зерттеу блогының даму бағыттарын атап өтті.

Ғылыми қызмет жөніндегі вице-ректор Алия Масалимова Академияның зерттеу блогының даму бағыттарын атап өтті. Сондай-ақ Корпоративтік және қаржылық қызмет жөніндегі вице-ректор Ұлан Бекіш профессорлық-оқытушылар құрамын Академияның корпоративтік мәдениетімен таныстырып, ұйымдастыру-қызметтік блоктың дамыту перспективалары туралы айтты.

Шара соңында Академия тренері, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Коммуникация қызметінің басшысы Рахат Жақсыбай қызметкерлерге «Тиімді коммуникациялар» тақырыбында мастер-класс өткізді.

 

 

Барлығы
29
Тамыз
Академия базасында медиа студия ашылды.

Президент Әкімшілігінің мемлекеттік қызметшілердің коммуникативтік дағдыларын жетілдіру бойынша берген тапсырмасын орындау аясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қолдауымен Президент жанындағы Мемлекет басқару академиясының базасында құрылған медиа студияның ашылу шарасы өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелер және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Руслан Желдібай мен МҚІА төрағасы Дархан Жазықбай қатысты.

Ашылу барысында Руслан Желдібай мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуда мемлекеттік қызметшілердің жұртшылықпен тиімді коммуникация орната алу дағдыларын үнемі дамытып отырудың маңыздылығын атап өтті.

Заманауи медиа студия мемлекеттік қызметшілерді оқыту әдістерін жетілдіруге әсіресе, жаңа технологияларды қолдану арқылы олардың  пікірталас, сұхбат форматында сөз сөйлеу бойынша тәжірибесін шыңдауға, оларды іс жүзінде тиімді қолдана білу қабілетін арттыруға ықпал етеді деп күтілуде.

Жаңа форматтағы оқыту процесін іске асыру үшін студияда Jalinga автоматтандырылған видео және графикалық бейнелерді жазу құрылғысы орнатылған, сондай-ақ YouTube, Zoom арқылы онлайн-конференцияларға қосылу, кәсіби подкаст жазу алаңы қарастырылған.

Шара аясында мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлауға арналған цифрлық коворкинг залының жұмысы да таныстырылды.

 

 

Барлығы
16
Тамыз
Академия түлектері мемлекеттік басқару жүйесінің бәсекеге қабілетті адами капиталына айналуы қажет

Академия түлектері болашаққа бағытталған мемлекеттік басқару жүйесінің бәсекеге қабілетті адами капиталына айналуы қажет. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы  Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл өңірлік түлектер форумында айтты.

Алматыда Академияның 30 жылдық мерейтойы аясында Өңірлік түлектер форумы өтті. Жақында құрылған Президенттік Академия түлектері альянсының алғашқы отырысы «Жасампаздық және жаңашылдық – өзгермелі әлемдегі ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің кепілі» тақырыбына арналды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолманов форумда сөйлеген сөзінде Академия еліміздің мемлекеттік қызметшілерін оқыту жүйесіндегі қазіргі заманғы реформалардың негізгі жолсерігі екенін атап өтті.

«Осыдан 30 жыл бұрын Академия Ұлттық Жоғары Мемлекеттік басқару мектебі ретінде алғаш рет өз есігін ашқан кезде, оның мақсаты – мемлекеттік қызметтің тиімді, ашық және әділ басқаруға қабілетті мамандарды даярлау болды. Қазіргі таңда Академия түлектері мемлекеттік қызметтің барлық салаларында маңызды орындарды иеленіп, еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосуда. Өз кезегінде, 2023 жылы Агенттік тарапынан мемлекеттік қызметшілерді оқыту саласын жетілдіру мақсатында заңнамаға тисті өзгерістер енгізілді. Жоғары үлгерім көрсеткен Академия түлектері (өңірлік деңгейдегі лауазымдарға) үшін мемлекеттік қызметке «кіру» тәртібі жеңілдетілді. Нәтижесінде конкурс өткізілместен Академияның 22 түлегі мемлекеттік лауазымдарға тағайындалды», – деп атап өтті Азамат Сағатұлы.

Академия ректоры өз сөзінде Ерлан Әбіл түлектердің Әділетті Қазақстанның құрылуына өз үлесін қосатын Адал азамат болатынына сенім білдірді.

«Түлектеріміз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан отаншылдық, адамгершілік, білімпаздық, нағыз маман болу, үнемшілдік, еңбекқорлық, ел мен жерге жанашырлық сияқты асыл қасиеттерді бойларына сіңіріп, болашаққа бағытталған мемлекеттік басқару жүйесінің бәсекеге қабілетті адами капиталына айналуы қажет. Академия осы мақсатта білім беру бағдарламаларын үнемі жетілдіріп отырады. Мүдделі тараптар, білім алушылар және сарапшылармен дөңгелек үстелдер ұйымдастырып, бағдарламалардың сапасы мен өзектілігіне ерекше көңіл бөледі. «Адамға бағдарланған аппарат» және нәтижеге бағытталған проактивті мемлекеттік қызмет жүйесін қалыптастыру үшін ғылыми-сараптамалық қолдау көрсетеді», – деді Ерлан Қуанышұлы.

30 жылдың ішінде 3 мыңнан астам түлек Академия дипломын алған. 2024 жылдың шілде айында жүргізілген мониторинг бойынша 2021-2023 жж. аралығында 413 түлектің 190-ы (46%) жоғары лауазымдарға тағайындалған. Сонымен қатар Академияның 5 түлегі 2023 жылы Президенттік жастар кадр резервіне енді.

«2024 жылдың 27 мамырында түлектерді ортақ мақсатқа біріктіруге жетелейтін «Президенттік Академия түлектерінің альянсы» құрылып, өз жұмысын бастап кетті. Альянс – түлектердің бірін-бірі қолдап, пікір алмасып, өз әлеуеттерін жүзеге асыратын платформаға айналады. Академия түлегі Алин  Қанат Төлеубекұлы Альянс Президенті болып тағайындалды. Аталған Альянс түлектердің арасындағы байланысты әріқарай нығайтады деген сенімдемін», – деді Ерлан Әбіл.

Түлектер форумына қатысқан Академия түлегі, Ақтөбе облысы Қоба аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Арман Қабылов білім ордасы мемлекеттік басқару саласында сарапшылық ортаның қалыптасуына әсер еткенін атап өтті.

«Мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігін арттыратын альма-матердің ұйымдастырған бүгінгі шарасында мемлекеттік басқару жүйесіндегі жаңашылдықтар, түлектер нетворкингі және олардың сабақтастығы жөнінде өзекті мәселелер талқыланып, атқарылатын жұмыстар легі пысықталды. Сондай-ақ стратегиялық сессиялар ұйымдастырылып, пікірлерімізді ортаға салдық, мақсаттарымыз бен міндеттерімізді айқындадық. Мемлекеттік басқару жүйесінде Академияның алар орны ерекше. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған жасампаздық, жаңашылдық, өзгермелі әдемдегі ұлттың бәсекелестік қабілетін арттыруға арналған түлектер форумы – соның айғағы. Мемлекеттік қызметшілерді кәсібилендіру, қайта даярлау және сабақтастығын қалыптастыру мақсатында Академия эксперттік ортаның қалыптасуына да жол ашады», – деді мемлекеттік қызметші.

Форумға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Академия басшылығы, филиалдар директорлары, мемлекеттік органдардың аппарат басшылары, еліміздің әр облысынан мемлекеттік қызметте еңбек етіп жүрген түлектер, сондай ақ білім алушы магистранттар қатысады. Альянстың алғашқы отырысында ортақ жобалар бойынша жоспар құрылып, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған мүмкіндіктер мен мемлекеттік қызметтегі жаңашылдықтар талқыланды.

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы 

Мемлекеттік басқару академиясының Баспасөз қызметі

 

Барлығы
09
Тамыз
Мемлекеттік мекемелер мен БАҚ арасындағы тиімді коммуникациялар

Академияда баспасөз қызметі мамандарына арналған екі күндік семинар аяқталды. Оқу бағдарламасы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігімен, «Медиа Дамыту қоры» КҚ бірлесе ұйымдастырылды.

Спикерлер ретінде мемлекеттік мекемелердің өкілдері, тәжірибелі медиатренерлер және стратегиялық коммуникациялар саласындағы сарапшылар сөз сөйледі. Қатысушылар этикалық нормалар мен қағидаларды ұстану жайлы кеңестер алып, журналистермен тиімді коммуникация орнату бойынша кейстерді талқылады.

Семинарда кризистік жағдайларда коммуникация орнату, олардың алдын алу жайлы мәліметтер айтылды. Практикалық PR-ойын барысында қатысушылар түрлі кейстерді талқылады. Сондай-ақ мекеменің жұмысын ілгерілету және басшының имиджін қалыптастыру бойынша біліктіліктерін арттырды.

Семинар соңында қатысушылар бағдарламаны сәтті аяқтағанын растайтын сертификаттар алды.

Барлығы
02
Тамыз
Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылданған тұлғалар тізімі

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде және ақылы негізде 2024-2025 оқу жылына қабылданған тұлғалар тізімі.

 

МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ТАПСЫРЫСЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУҒА ҚАБЫЛДАНҒАН ТҰЛҒАЛАР ТІЗІМІ

  1. Болатұлы Сейдолла;
  2. Жакитов Серик Мурзавалиевич;
  3. Садвакасова Кымбат Кабакбайкызы;
  4. Саринова Айдана Айбековна
  1. Абишев Ерлан Тлемисович;
  2. Арғынбай Қанат Мұхтарұлы;
  3. Асылбеков Дастан Ауелханович;
  4. Әбдіманап Дәурен Арғынқазыұлы;
  5. Баталов Марат Куанышевич;
  6. Бахыттыұлы Елшібек;
  7. Бультриков Руслан Искандерович;
  8. Естлеу Аят Ғабитұлы;
  9. Кажытаева Нургуль Сериковна;
  10. Касымханов Асылбек Азатбекулы;
  11. Қамзин Саят Қанатұлы;
  12. Мадиев Сапар Асембекович;
  13. Музатова Меруерт Амангельдиевна;
  14. Нұркен Қазына Алтайқызы;
  15. Сайлауұлы Темирлан;
  16. Саменкулов Айдын Мухамеджанович
  1. Алпыспаева Ляйла Канатовна;
  2. Апиев Дархан Абдумажитович;
  3. Бакешов Даурен Еркінұлы;
  4. Жунусов Габдолла Кабиболлаевич;
  5. Капаев Сержан Елеубекович;
  6. Кенжебеков Жандаулет Несипбекович;
  7. Керимханов Туран Нурланулы;
  8. Меңлібек Ақмарал Жұмабекқызы;
  9. Мукушев Медет Еламанович;
  10. Сагандыкова Лилия Досболовна;
  11. Садвокасов Жанат Габбасович;
  12. Сайраубек Ықылас;
  13. Сарсембаев Жаксылык Еркинович;
  14. Шарипов Сержан Серикович;
  15. Шатенова Тогжан Сансызбаевна
  1. Абай Нариман Жетпісбайұлы;
  2. Абдырахманова Айнур Абдыгакаровна;
  3. Абланова Любовь Александровна;
  4. Абсиметов Арман Болатович;
  5. Ажикенов Арман Бауржанович;
  6. Азбаев Олжас Оразкельдыевич;
  7. Айтмахан Бекбатыр Жанатұлы;
  8. Аметов Илхам Бахтибаевич;
  9. Апахаев Азамат Асылбекович;
  10. Бейсенов Аян Конысбаевич;
  11. Бельская Индира Юрьевна;
  12. Боранқұл Дархан Ержігітұлы;
  13. Булеков Ринат Куандыкович;
  14. Габдушев Тлеккабыл Александрович;
  15. Губашев Арсен Зиннатович;
  16. Ғани Абай Алмасұлы;
  17. Дюсекина Меруерт Сагатовна;
  18. Елеубекова Ботагөз Елеубекқызы;
  19. Елеусіз Біржан Шынғысбекұлы;
  20. Есенгалиев Жарас Магазович;
  21. Жұбаныш Аманқос Сағынұлы;
  22. Ибрайханов Жасулан Максутханулы;
  23. Исмагулов Меирбек Раимбекович;
  24. Курбанбеков Сырым Жиенкулович;
  25. Қаратаев Азамат Берікұлы;
  26. Қожаханов Аслан Алмасұлы;
  27. Марат Ақшолпан Маратқызы;
  28. Мауадинов Кайрат Муратказенович;
  29. Мәден Нурислам Нұрсұлтанұлы;
  30. Муканов Рашид Тасанович;
  31. Мынбаев Исатай Бекесович;
  32. Нургалиев Елеусиз Ондабергенович;
  33. Оразова Канагат Таеровна;
  34. Ражман Айтолқын Қуанышбекқызы;
  35. Саиым Айнура Қайратқызы;
  36. Сарманов Асет Абуталипович;
  37. Сарсенбин Аскар Сарсенбиұлы;
  38. Тасмагамбетова Надежда Бактыгалиевна;
  39. Тулегенов Жаксат Сандыбаевич;
  40. Тулемисов Аслан Нурланович
  1. Абдираманова Жазира Танирбергеновна;
  2. Бөкен Әсел Қозықызы;
  3. Бейсембинова Гульсим Арыновна;
  4. Бижигитова Арайлым Шамгановна;
  5. Досжанова Айгуль Тулегеновна;
  6. Дүйсенбекова Майра Тұрсынәліқызы;
  7. Еңсебаева Айгүл Серікқызы;
  8. Жарасова Гауһар Қайратбергенқызы;
  9. Құлшар Қалыбек Мнайдарұлы;
  10. Майдина Нұргүл Бердібекқызы;
  11. Мұратқызы Меруерт;
  12. Оспанова Бахыткуль Балтабаевна;
  13. Райымбек Әділет Сардарұлы;
  14. Садыкбеков Асхат Турсынханович;
  15. Саутова Гульмира Богенбаевна;
  16. Сейтбек Индира Келесқызы;
  17. Сембаев Бакберген Бейбутжанович;
  18. Султангазиев Каиржан Калиевич;
  19. Туртулова Карлыгаш Жумабаевна;
  20. Шакаева Галия Кайниденовна
  1. Ануарбек Асқат Орынбекұлы;
  2. Бекбаева Карлыгаш Крыкбаевна;
  3. Бекишбаев Ербол Дуйсенбекович;
  4. Биарстанова Анель Дауленовна;
  5. Булебаев Ербол;
  6. Дауренова Айжан Кайратовна;
  7. Ешекенова Раушан Черияздановна;
  8. Ещанова Акмарал Нурашовна;
  9. Иманпеисов Жанболат Жолдыбаевич;
  10. Искакова Индира Ердановна;
  11. Исрапулова Сымбат Бакытовна;
  12. Кенесбаев Данияр Серикбаевич;
  13. Кужумов Арыстан Баяхметович;
  14. Култасова Динара Калымовна;
  15. Қайратұлы Мақсат;
  16. Мәлік Арман Сапарғалиұлы;
  17. Мендіхан Мұратбек Есболатұлы;
  18. Нұрлан Аяулым Талғатқызы;
  19. Нұртай Әлия Бахытқызы;
  20. Сагиров Дастан Жарилкасинович;
  21. Сериков Тимур Муратович;
  22. Сыздыкова Сауле Шакимбаевна;
  23. Тасбулатов Нариман Маликович;
  24. Таскынбаев Арыстанбек Ерболович;
  25. Тлеумбетов Даурен Онгарбаевич
  1. Ерубай Руслан Амангелдіұлы;
  2. Кайнарбеков Асхат Канатович;
  3. Кенесов Нурлан Маратулы;
  4. Садыкова Асем Маликовна
  1. Барлыбаева Алия Саятовна;
  2. Кунтуов Нурлан Жеткергенович;
  3. Садуакасова Жанат Жолдасовна;
  4. Самарханов Алибек Курмашевич;
  5. Турсынбеков Жандос Турсынбекович;
  6. Шапошникова Надежда Александровна
  1. Абдрахманова Динара Шариповна;
  2. Абуов Мурат Базарбекович.

АҚЫЛЫ НЕГІЗДЕ ОҚУҒА ҚАБЫЛДАНҒАН ТҰЛҒАЛАР ТІЗІМІ

  1. Жусупов Ержигит Муратович;
  2. Шалкарова Дамегул Исаевна
  1. Амангелді Елнұр Айдосұлы;
  2. Ескали Даурен Ердосулы
  1. Бикеев Алдияр Бахчанович;
  2. Ержумаева Назерке Абдынасырқызы;
  3. Нурақынова Айгерім Болатқызы;
  4. Шертай Сағадат Серікбайұлы;
  5. Ыдрышев Бауыржан Қанатұлы
  1. Бегалиева Жанель Бақдәулетқызы;
  2. Ермекбаева Енлик Оразхановна
  1. Аббасов Эрлан Тажиханович;
  2. Айманов Нурлан Багдаулетович;
  3. Әбдірәш Абылайхан Әбдікерімұлы;
  4. Жумабаев Кайрат Саматович;
  5. Игнатович Артём Александрович;
  6. Кайржан Бердібек Бектасұлы;
  7. Кондыбаев Берекет Бердибекулы;
  8. Куанышева Зарина Жумабеккызы;
  9. Кусегенов Чингиз Умаргазиевич;
  10. Кушекова Бибигуль Куанышевна;
  11. Қалибаев Абзал Бауржанұлы;
  12. Макраев Нияз Кудайбергенович;
  13. Макульбаева Айгуль Кудайбергеновна;
  14. Мукашев Руслан Рахметоллаевич;
  15. Мустафин Айдар Жантуреевич;
  16. Мырзахмет Бекзат Әлімқұлұлы;
  17. Садвакасов Серик Тельманович;
  18. Сапарбек Асылбек Сапарбекұлы;
  19. Сисембаева Гульбану Баянгалиевна;
  20. Таганиязов Нуржан Миржанович;
  21. Чамойев Руслан Ерболсынұлы
  22.  
  1. Ешекенов Абзал Багитжанович;
  2. Зейнулла Жасұлан Сүйінішұлы;
  3. Камбаров Канат Кайратович;
  4. Омарбек Нұрхат Талғатұлы;
  5. Танысбай Хайдар Қанатұлы
Барлығы
01
Тамыз
Референдумды тиімді дайындау және өткізу: оқыту әдістемесі және қаржыландыру мәселелері

Академияда «Референдумды тиімді дайындау және өткізу: оқыту әдістемесі және қаржыландыру мәселелері» тақырыбы бойынша  оқыту курс аяқталды. Курсқа өкілеттіктерін тұрақты кәсіби негізде жүзеге асыратын Аумақтық сайлау комиссияларының басшылары мен мүшелері – республикалық референдумды ұйымдастырушылар, оқыту мәселелеріне және қаржыландыру мәселелеріне жауапты тұлғалар қатысты.

Оқу үш блок бойынша өткізілді. Бұл бағдарламалардың мақсаты – сайлау комиссияларының басшылары мен мүшелерін – республикалық референдумды ұйымдастырушыларын, оқыту мәселелеріне және қаржыландыру мәселелеріне жауапты тұлғалардың кәсіби құзыреттерін дамыту.

70-тен астам тыңдаушы республикалық референдумды дайындау және өткізу мәселелерін қарап, оқыту бойынша әдістемелік портфельді әзірлеу бойынша дағдыларды қалыптастырды. Республикалық референдумды қаржылық қамтамасыз ету және ресурстарды оңтайландыру мәселелерін талқылады.

Сондай – ақ, коммуникациялық технологияларға, жанжалдарды шешу тәсілдеріне, көпшілік алдында сөйлеу техникасына, репутациялық менеджмент негіздері таныстырылды.

Аталған оқыту курсын Академияның Электоралдық оқыту орталығыны ұйымдастырды.

 

 

 

 

Барлығы
30
Шілде
Республикалық референдумның ұйымдастырушылық-құқықтық мәселелері

Академияда «Республикалық референдумның ұйымдастырушылық-құқықтық мәселелері» тақырыбы бойынша екі күндік оқыту курсы басталды. Курска өкілеттіктерін тұрақты кәсіби негізде жүзеге асыратын Аумақтық сайлау комиссияларының басшылары мен мүшелері – республикалық референдумды ұйымдастырушылар қатысты.

Оқудың мақсаты – аумақтық референдум комиссиялары мүшелерінің кәсіби құзыреттерін дамыту.

60-тан астам тыңдаушы республикалық референдум туралы заңнамаға енгізілген түзетулерді, оны дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық-өкімдік мәселелерін, ақпараттық жағынан сүйемелдеудің міндеттерін талқылады.

Сондай – ақ, Қазақстанда атом саласын дамытуға тоқталып, жанжалдарды шешу тәсілдері мен көпшілік алдында сөйлеу техникалары қарастырылып, репутациялық менеджмент негіздері таныстырылды.

Аталған оқыту курсын Академияның Электоралдық оқыту орталығыны ұйымдастырды.

Барлығы
25
Шілде
Әдеп жөніндегі уәкілдерге арналған семинар

Бүгін Академиясында Әдеп жөніндегі уәкілдерге, департамент директорларына арналған тренинг өтті. Тренингке ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен HR қызметтерінің мамандары да қатысты.

Оқудың мақсаты –  коммуникациялық құзыреттерді дамыту, тұлғааралық қарым-қатынас қабілеттерін жетілдіру, арандатушылықтарды ажырату мен бейтараптандыру әдістеріне оқыту. Сондай-ақ қатысушылар блогерлермен шығармашылық және пайдалы қарым-қатынас стратегиясын құруды, мемлекеттік қызметкерлердің беделін арттырудың жолдарын меңгерді.

 

 

Барлығы

Your browser does not support SVGs