Академия
жаңалықтары

01
Тамыз
Референдумды тиімді дайындау және өткізу: оқыту әдістемесі және қаржыландыру мәселелері

Академияда «Референдумды тиімді дайындау және өткізу: оқыту әдістемесі және қаржыландыру мәселелері» тақырыбы бойынша  оқыту курс аяқталды. Курсқа өкілеттіктерін тұрақты кәсіби негізде жүзеге асыратын Аумақтық сайлау комиссияларының басшылары мен мүшелері – республикалық референдумды ұйымдастырушылар, оқыту мәселелеріне және қаржыландыру мәселелеріне жауапты тұлғалар қатысты.

Оқу үш блок бойынша өткізілді. Бұл бағдарламалардың мақсаты – сайлау комиссияларының басшылары мен мүшелерін – республикалық референдумды ұйымдастырушыларын, оқыту мәселелеріне және қаржыландыру мәселелеріне жауапты тұлғалардың кәсіби құзыреттерін дамыту.

70-тен астам тыңдаушы республикалық референдумды дайындау және өткізу мәселелерін қарап, оқыту бойынша әдістемелік портфельді әзірлеу бойынша дағдыларды қалыптастырды. Республикалық референдумды қаржылық қамтамасыз ету және ресурстарды оңтайландыру мәселелерін талқылады.

Сондай – ақ, коммуникациялық технологияларға, жанжалдарды шешу тәсілдеріне, көпшілік алдында сөйлеу техникасына, репутациялық менеджмент негіздері таныстырылды.

Аталған оқыту курсын Академияның Электоралдық оқыту орталығыны ұйымдастырды.

 

 

 

 

Барлығы
30
Шілде
Республикалық референдумның ұйымдастырушылық-құқықтық мәселелері

Академияда «Республикалық референдумның ұйымдастырушылық-құқықтық мәселелері» тақырыбы бойынша екі күндік оқыту курсы басталды. Курска өкілеттіктерін тұрақты кәсіби негізде жүзеге асыратын Аумақтық сайлау комиссияларының басшылары мен мүшелері – республикалық референдумды ұйымдастырушылар қатысты.

Оқудың мақсаты – аумақтық референдум комиссиялары мүшелерінің кәсіби құзыреттерін дамыту.

60-тан астам тыңдаушы республикалық референдум туралы заңнамаға енгізілген түзетулерді, оны дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық-өкімдік мәселелерін, ақпараттық жағынан сүйемелдеудің міндеттерін талқылады.

Сондай – ақ, Қазақстанда атом саласын дамытуға тоқталып, жанжалдарды шешу тәсілдері мен көпшілік алдында сөйлеу техникалары қарастырылып, репутациялық менеджмент негіздері таныстырылды.

Аталған оқыту курсын Академияның Электоралдық оқыту орталығыны ұйымдастырды.

Барлығы
25
Шілде
Әдеп жөніндегі уәкілдерге арналған семинар

Бүгін Академиясында Әдеп жөніндегі уәкілдерге, департамент директорларына арналған тренинг өтті. Тренингке ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен HR қызметтерінің мамандары да қатысты.

Оқудың мақсаты –  коммуникациялық құзыреттерді дамыту, тұлғааралық қарым-қатынас қабілеттерін жетілдіру, арандатушылықтарды ажырату мен бейтараптандыру әдістеріне оқыту. Сондай-ақ қатысушылар блогерлермен шығармашылық және пайдалы қарым-қатынас стратегиясын құруды, мемлекеттік қызметкерлердің беделін арттырудың жолдарын меңгерді.

 

 

Барлығы
16
Шілде
Магистратура және докторантураға оқуға қабылдау бойынша конкурстық іріктеу қорытындылары

Биыл оқуға түсу бойынша конкурстық іріктеуге қатысу үшін ақпараттық жүйеге барлығы 1053 өтінім келіп түсті, оның ішінде конкурсқа талаптарға сай келген 716 үміткер жіберілді.

Барлық іріктеу кезеңінен 656 адам өтті. Оқуға алдын ала қабылдауға 170 адам ұсынылды, оның ішінде 132 адам – мемлекеттік тапсырыс негізінде.

Білім беру бағдарламаларын бөлу кезінде Қабылдау комиссиясының 2024 жылғы 28 маусымдағы шешімімен мемлекеттік білім беруге тапсырыстар саны келесідей бөлінді:

Магистрлік бағдарламалар Докторантура
«Мемлекеттік саясат» – 40;

«Өңірлік даму» – 25;

«Адами ресурстарды басқару» – 20;

«Экономика» – 15;

«Мемлекеттік басқару» – 4;

«Халықаралық қатынастар» – 16.  

«Экономика» – 2;

«Халықаралық қатынастар» – 4;

«Мемлекеттік басқару» – 6.  

МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ТАПСЫРЫСЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУҒА АЛДЫН АЛА ҚАБЫЛДАУҒА ҰСЫНЫЛҒАН АДАМДАРДЫҢ ТІЗІМІ

МАГИСТІРЛІК БАҒДАРЛАМА «МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ»

  1. Болатұлы Сейдолла;
  2. Жакитов Серик Мурзавалиевич;
  3. Садвакасова Кымбат Кабакбайкызы;
  4. Саринова Айдана Айбековна

МАГИСТІРЛІК БАҒДАРЛАМА «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР»

  1. Абишев Ерлан Тлемисович;
  2. Арғынбай Қанат Мұхтарұлы;
  3. Асылбеков Дастан Ауелханович;
  4. Әбдіманап Дәурен Арғынқазыұлы;
  5. Бультриков Руслан Искандерович;
  6. Болат Нұрәлі Елеусізұлы;
  7. Баталов Марат Куанышевич;
  8. Естлеу Аят Ғабитұлы;
  9. Касымханов Асылбек Азатбекулы;
  10. Қамзин Саят Қанатұлы;
  11. Қаратай Азат Айболатұлы;
  12. Музатова Меруерт Амангельдиевна;
  13. Мадиев Сапар Асембекович;
  14. Нұркен Қазына Алтайқызы;
  15. Сайлауұлы Темирлан;
  16. Саменкулов Айдын Мухамеджанович

МАГИСТІРЛІК БАҒДАРЛАМА «ЭКОНОМИКА»

  1. Алпыспаева Ляйла Канатовна;
  2. Апиев Дархан Абдумажитович;
  3. Бакешов Даурен Еркінұлы;
  4. Жунусов Габдолла Кабиболлаевич;
  5. Капаев Сержан Елеубекович;
  6. Кенжебеков Жандаулет Несипбекович;
  7. Керимханов Туран Нурланулы;
  8. Меңлібек Ақмарал Жұмабекқызы;
  9. Мукушев Медет Еламанович;
  10. Сагандыкова Лилия Досболовна;
  11. Садвокасов Жанат Габбасович;
  12. Сайраубек Ықылас;
  13. Сарсембаев Жаксылык Еркинович;
  14. Шарипов Сержан Серикович;
  15. Шатенова Тогжан Сансызбаевна

МАГИСТІРЛІК БАҒДАРЛАМА «МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ»

  1. Айтмахан Бекбатыр Жанатұлы;
  2. Ажикенов Арман Бауржанович;
  3. Азбаев Олжас Оразкельдыевич;
  4. Аметов Илхам Бахтибаевич;
  5. Абланова Любовь Александровна;
  6. Абай Нариман Жетпісбайұлы
  7. Апахаев Азамат Асылбекович;
  8. Абсиметов Арман Болатович;
  9. Абдырахманова Айнур Абдыгакаровна;
  10. Боранқұл Дархан Ержігітұлы;
  11. Бельская Индира Юрьевна;
  12. Бейсенов Аян Конысбаевич;
  13. Булеков Ринат Куандыкович;
  14. Бекжанова Алия Маратовна;
  15. Ғани Абай Алмасұлы;
  16. Габдушев Тлеккабыл Александрович;
  17. Губашев Арсен Зиннатович;
  18. Дюсекина Меруерт Сагатовна;
  19. Елеубекова Ботагөз Елеубекқызы;
  20. Елеусіз Біржан Шынғысбекұлы;
  21. Жұбаныш Аманқос Сағынұлы;
  22. Исмагулов Меирбек Раимбекович;
  23. Иманбаев Данияр Исламович;
  24. Ибрайханов Жасулан Максутханулы;
  25. Қаратаев Азамат Берікұлы;
  26. Қожаханов Аслан Алмасұлы;
  27. Курбанбеков Сырым Жиенкулович;
  28. Мәден Нурислам Нұрсұлтанұлы;
  29. Мауадинов Кайрат Муратказенович;
  30. Муканов Рашид Тасанович;
  31. Мынбаев Исатай Бекесович;
  32. Марат Ақшолпан Маратқызы;
  33. Нургалиев Елеусиз Ондабергенович;
  34. Оразова Канагат Таеровна;
  35. Ражман Айтолқын Қуанышбекқызы;
  36. Саиым Айнура Қайратқызы;
  37. Сарманов Асет Абуталипович;
  38. Сарсенбин Аскар Сарсенбиұлы;
  39. Тулемисов Аслан Нурланович;
  40. Тулегенов Жаксат Сандыбаевич.

МАГИСТІРЛІК БАҒДАРЛАМА «АДАМИ РЕСУРСТАРДЫ БАСҚАРУ»

  1. Абдираманова Жазира Танирбергеновна;
  2. Бөкен Әсел Қозықызы;
  3. Бижигитова Арайлым Шамгановна;
  4. Бейсембинова Гульсим Арыновна;
  5. Дүйсенбекова Майра Тұрсынәліқызы;
  6. Досжанова Айгуль Тулегеновна;
  7. Еңсебаева Айгүл Серікқызы;
  8. Жарасова Гауһар Қайратбергенқызы;
  9. Құлшар Қалыбек Мнайдарұлы;
  10. Майдина Нұргүл Бердібекқызы;
  11. Мұратқызы Меруерт;
  12. Оспанова Бахыткуль Балтабаевна;
  13. Райымбек Әділет Сардарұлы;
  14. Саутова Гульмира Богенбаевна;
  15. Султангазиев Каиржан Калиевич;
  16. Садыкбеков Асхат Турсынханович;
  17. Сембаев Бакберген Бейбутжанович;
  18. Сейтбек Индира Келесқызы;
  19. Туртулова Карлыгаш Жумабаевна;
  20. Шакаева Галия Кайниденовна.

МАГИСТІРЛІК БАҒДАРЛАМА «ӨҢІРЛІК ДАМУ»

  1. Ануарбек Асқат Орынбекұлы;
  2. Бекбаева Карлыгаш Крыкбаевна;
  3. Биарстанова Анель Дауленовна;
  4. Булебаев Ербол;
  5. Бекишбаев Ербол Дуйсенбекович;
  6. Дауренова Айжан Кайратовна;
  7. Ешекенова Раушан Черияздановна;
  8. Ещанова Акмарал Нурашовна;
  9. Иманпеисов Жанболат Жолдыбаевич;
  10. Искакова Индира Ердановна;
  11. Исрапулова Сымбат Бакытовна;
  12. Қайратұлы Мақсат;
  13. Кенесбаев Данияр Серикбаевич;
  14. Кужумов Арыстан Баяхметович;
  15. Култасова Динара Калымовна;
  16. Мәлік Арман Сапарғалиұлы;
  17. Мендіхан Мұратбек Есболатұлы;
  18. Нұрлан Аяулым Талғатқызы;
  19. Нұртай Әлия Бахытқызы;
  20. Сыздыкова Сауле Шакимбаевна;
  21. Сагиров Дастан Жарилкасинович;
  22. Сериков Тимур Муратович;
  23. Тлеумбетов Даурен Онгарбаевич;
  24. Таскынбаев Арыстанбек Ерболович;
  25. Тасбулатов Нариман Маликович.

ДОКТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР»

  1. Кайнарбеков Асхат Канатович;
  2. Кенесов Нурлан Маратулы;
  3. Рустамбеков Руслан Амангельдиевич;
  4. Садыкова Асем Маликовна.

ДОКТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА «МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ»

  1. Қайратқызы Хадиша;
  2. Кунтуов Нурлан Жеткергенович;
  3. Турсынбеков Жандос Турсынбекович;
  4. Садуакасова Жанат Жолдасовна;
  5. Самарханов Алибек Курмашевич;
  6. Халиуллин Жасулан Джулдыбаевич.

ДОКТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА «ЭКОНОМИКА»

  1. Абдрахманова Динара Шариповна;
  2. Рамазанов Самат Маратович.

Оқуға қабылдау ережелерінің 24-тармағына сәйкес осы адамдарға 2024 жылғы 30 шілдеде сағат 18:30-ға дейін Академияның Қабылдау комиссиясына төмендегі тізімге сәйкес құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну қажет:

1) Ережелердің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік орган жолдамасының түпнұсқасы;

2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша медициналық анықтама;

3) қосымшасымен бірге жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттың түпнұсқасы;

4) мемлекеттік қызметшілер үшін осы жылдың 17 шілдесінен ерте емес күнмен рәсімделген, жұмыс орны бойынша кадр қызметінің жауапты қызметкерінің қолы қойылған және мөрмен расталған қызметтік тізімнің түпнұсқасы, өзге де үміткерлер үшін — еңбек қызметін растайтын құжаттың түпнұсқасы;

5) тараптар қол қойған Оқытуды ұйымдастыруға арналған шарт:

– Үшжақты шарт 3 данада.

Көрсетілген мерзімге дейін құжаттар ұсынылмаған жағдайда Академия Күту парағындағы тізім бойынша келесі үміткерді қабылдау құқығын өзіне қалдырады.

АҚЫЛЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУҒА АЛДЫН АЛА ҚАБЫЛДАУҒА ҰСЫНЫЛҒАН АДАМДАРДЫҢ ТІЗІМІ

МАГИСТІРЛІК БАҒДАРЛАМА «МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ»

  1. Жусупов Ержигит Муратович;
  2. Шалкарова Дамегул Исаевна.

МАГИСТІРЛІК БАҒДАРЛАМА «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР»

  1. Амангелді Елнұр Айдосұлы;
  2. Ескали Даурен Ердосулы.

МАГИСТІРЛІК БАҒДАРЛАМА «АДАМИ РЕСУРСТАРДЫ БАСҚАРУ»
МАГИСТІРЛІК БАҒДАРЛАМА «ӨҢІРЛІК ДАМУ»

  1. Ыдрышев Бауыржан Қанатұлы;
  2. Шертай Сағадат Серікбайұлы.

МАГИСТІРЛІК БАҒДАРЛАМА «Мемлекеттік басқару магістірі – Executive Master of Public Administration»

  1. Айманов Нурлан Багдаулетович;
  2. Аббасов Эрлан Тажиханович;
  3. Альтеев Дастан Балгынбекович;
  4. Әбдірәш Абылайхан Әбдікерімұлы;
  5. Бидайшиев Бахытжан Жолшыбекович;
  6. Жумабаев Кайрат Саматович;
  7. Игнатович Артём Александрович;
  8. Қалибаев Абзал Бауржанұлы;
  9. Кондыбаев Берекет Бердибекулы;
  10. Кайржан Бердібек Бектасұлы;
  11. Кушекова Бибигуль Куанышевна;
  12. Куанышева Зарина Жумабеккызы;
  13. Кусегенов Чингиз Умаргазиевич;
  14. 14.Макульбаева Айгуль Кудайбергеновна;
  15. Макраев Нияз Кудайбергенович;
  16. Мустафин Айдар Жантуреевич;
  17. Мукашев Руслан Рахметоллаевич;
  18. Мырзахмет Бекзат Әлімқұлұлы;
  19. Сапарбек Асылбек Сапарбекұлы;
  20. Сисембаева Гульбану Баянгалиевна;
  21. Садвакасов Серик Тельманович;
  22. Таганиязов Нуржан Миржанович;
  23. Чамойев Руслан Ерболсынұлы.

МАГИСТІРЛІК БАҒДАРЛАМА «Өңірлік даму – Master of Regional Development»

  1. Зейнулла Жасұлан Сүйінішұлы;
  2. Ешекенов Абзал Багитжанович;
  3. Камбаров Канат Кайратович;
  4. Омарбек Нұрхат Талғатұлы;
  5. Танысбай Хайдар Қанатұлы;
  6. Уайханов Бексұлтан Талғатбекұлы.

ДОКТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР»

  1. Мустафина Айгерим Толеубековна.

ДОКТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА «МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ»

  1. Бегалиева Жанель Бақдәулетқызы;
  2. Ермекбаева Енлик Оразхановна.

ДОКТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА «ЭКОНОМИКА»

Оқуға қабылдау ережелерінің 24-тармағына сәйкес аталған адамдар 2024 жылғы 30 шілде күні, сағат 18:30-ға дейін Академияның Қабылдау комиссиясына мына тізімдегі құжаттардың түпнұсқаларын ұсынуы тиіс:

1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша медициналық анықтама;

2) қосымшасымен бірге жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттың түпнұсқасы;

3) жұмыс істейтінін растайтын құжаттың түпнұсқасы;

4) тараптар қол қойған Оқытуды ұйымдастыру туралы шарт:

– Екіжақты шарт 2 данада (өз қаражаты есебінен оқуға түсетіндер үшін);

– Үшжақты шарт 3 данада (үшінші тұлғалардың есебінен рәсімделетіндер үшін).

Барлығы
21
Маусым
Корея мемлекеттік басқару институтымен кездесу

Академияда Кореяның Мемлекеттік басқару институтының (KIPA) президенті Санг Хан Чой мен ректор Ерлан Әбілдің екіжақты кездесуі өтті. Кездесуде ректор KIPA өкілдерін Академияның негізгі қызметі мен оқу бағдарламаларымен таныстырды.

Корея Мемлекеттік басқару институтының Президенті Санг Хан Чой KIPA мемлекеттік басқару саласындағы жетекші ғылыми-зерттеу институты және талдау орталығы екенін атап өтті. Институт мемлекеттік органдардың тапсырысы бойынша жобаларды жүзеге асыру арқылы мемлекеттік әлеуетті арттыруға және әкімшілік мәселелерді кешенді шешуге ықпал етеді.

Отырыста мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға бағытталған бірлескен зерттеулерге, жарияланымдарға және онлайн курстарға ерекше назар аударылды. Екі тарап мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру саласында тәжірибе алмасуға және осы бағыттағы ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екендіктерін білдірді. Тараптар ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мен бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты.

 

Барлығы
21
Маусым
Сингапур Мемлекеттік қызмет колледжінің өкілі ХоУи Менгпен кездесу

21 маусым күні Академия ректоры Ерлан Әбіл Сингапур Мемлекеттік қызмет колледжінің атқарушы директорының көмекшісі Хо Уи Менг мырзамен кездесті.

Жиында Хо Уи Менг мемлекеттік қызметшілерді даярлау бағдарламаларының ерекшеліктерін ескере отыра, Сингапур мемлекеттік қызмет колледжі қызметінің негізгі аспектілері туралы айтты. Ол Сингапурда таланттарды мемлекеттік қызметке жүйелі түрде тарту үміткерлердің кәсіби және көшбасшылық қабілеттерін бағалайтын кезеңдер арқылы жүзеге асырылатынын айтты.

Тараптар әріптестік қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуға және мемлекеттік басқару саласындағы үздік тәжірибелермен алмасуға дайын екендіктерін растады. Академия 2016 жылдың 28 қыркүйегінен бастап Сингапур Мемлекеттік қызмет колледжімен серіктестік қарым-қатынаста.

Айта кету керек, 2001 жылы Мемлекеттік қызмет бөлімі жанынан Мемлекеттік қызмет колледжі ресми орган ретінде құрылды. Сингапурдың мемлекеттік қызметі үшін оқыту орталығы ретінде тіркеліп, мемлекеттік қызметкерлер үшін инновациялық, тиімді және пайдалы оқу тәжірибесін ұсынады.

Барлығы
21
Маусым
Сарапшылар талантты басқарудың өзекті мәселелерін талқылады

21 маусым күні Астанада «Қазіргі замандағы адам ресурстарын дамытуда тәжірибе алмасу» халықаралық конференциясы өтті. Шараны ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Астана мемлекеттік қызмет хабымен бірлесіп ұйымдастырды.

Жыл сайынғы дәстүрлі HR конференцияда қазіргі сұранысқа жауап беретін таланттарды басқарудың өзекті мәселелері талқыланды. Адам капиталына баса көңіл бөлу – Қазақстан Президентінің адамға бағдарланған реформаларын қолдауға бағытталады.

Шараға модераторлық еткен ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл шараның мақсаты мемлекеттік басқару саласында адами капиталды басқару мәдениетін дамыту және тәжірибе алмасу екенін атап өтті.

«Конференциямыздың мақсаты – мемлекеттік қызметтің персоналын басқару саласында заманауи озық тәжірибемен алмасу, инновациялық шешімдерді пысықтау арқылы мемлекеттік басқару жүйесінде адам капиталын стратегиялық басқаруды, ұйымдық мәдениетті, адамға бағдарланған құндылықтарды дамытуға үлес қосу», – деді ректор.

Оңтүстік Корея, Сингапур, Қытай, Түркия, Әзірбайжан, Грузия, Бельгия, Қырғызстан елдерінен келген шетелдік сарапшылар мен отандық мамандар, БҰҰ өкілдері мемлекеттік қызметтің персоналын басқару саласында озық тәжірибемен алмасып, талант-менеджмент, адамға бағдарланған құндылықтар жөніндегі практикалық тұжырымдарды және мемлекеттік HR саласындағы соңғы трендтерді талқылады.

 

 

Конференция барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай әрбір мемлекетте таланттар үшін күрес, жасанды интеллект және HR кеңістігін трансформациялау дәуірінде адам капиталын дамытудың маңызы зор екенін атап өтті.

«Мемлекеттік қызметті трансформациялауда басты назар мемлекеттік қызметтің кадрлық әлеуетін нығайтуға және нақты сектордан жаңа басқарушыларды тартуға аударылады. Әртүрлі салада жүрген таланттарды тарту мақсатында мемлекеттік қызметтің гибридті моделін қалыптастырудамыз», – деді Агенттік төрағасы.

«Мемлекеттік қызметтегі экожүйе: корпоративтік мәдениет және құндылықтар» сессиясының жұмысына Мемлекеттік басқару академиясының ғылыми қызмет жөніндегі вице-ректоры Алия Масалимова модераторлық етті.  HR саласында үлкен жетістікке жеткен Оңтүстік Кореяның KIPA Президенті Санхан Чой саяси шешім қабылдайтын тұлғалардың қоғамдық көшбасшылығы туралы баяндады.

«Кореяның мемлекеттік басқару институты Премьер-министр жанындағы Ұлттық зерттеу институты болып табылады. Менің ғылыми-зерттеу институтым инновацияны, ұйымдастырушылық дизайнды, үкіметтің тиімділігін бағалауды, реттеуді, апаттар қауіпсіздігін, жанжалдарды басқаруды және қоғамдық көшбасшылықты зерттейтін ұлттық саясатты зерттеу институты болып табылады. Қазіргі уақытта 50-ге жуық PhD докторы мен 100-ге жуық PhD үміткер бар. Менің Қазақстанға келу себебім – Орталық Азиядағы мемлекеттік қызметкерлердің мүмкіндіктерін шыңдау және Қазақстан Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен корей тәжірибесімен бөлісу және одан әрі дамыту. Болашақта менің мақсатым – Мемлекеттік басқару академиясымен және Орталық Азия шенеуніктерінің әлеуетін арттырудың түрлі бағдарламаларын әзірлеу үшін зерттеу кезеңінде бірлесіп жұмыс істеу», – Санхан Чой.

Адам капиталын дамыту бойынша салада мол тәжірибесі бар Сингапурдың Мемлекеттік қызмет колледжінің аға директоры, бас директордың корпоративтік көмекшісі Хо Уи Менг «Сингапур мемлекеттік қызметіндегі талант-менеджмент» туралы айтып, тәжірибесімен бөлісті. Қытай Халық Республикасы, Фудань Университетінің професоры Пиң Жаң Қытайдағы демографиялық және адам капиталы дивидендтері, өнеркәсіп құрылымын жаңғырту жайлы айтты. Қазақстандық сарапшылар HR құралдар мен құзыреттіліктер туралы айтты. ASSET HR компаниясының директоры, SHRM серіктесі, бизнес-кеңесші Салтанат Алирахим «Негізгі құзыреттерді дамыту арқылы HR-дің рөлін арттыру» тақырыбында сөйледі. SHL Орталық Азия Басқарушы директоры Эльвира Жанаева талантты басқарудың құзыреттілік тәсілін Қазақстан және мемлекеттік қызмет контекстінде баяндады. HR-сарапшы, психология ғылымының кандидаты Ирина Безменова мемлекеттік менеджерлердің басқарушылық құзыреттілігі, оларды бағалау және дамыту мүмкіндіктері жайлы айтты.

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының HR институтының басшысы Рустам Мусин мемлекеттік қызметті кәсібилендірудегі HR институтының рөлі туралы ойымен бөлісті.

«Қазір HR Институтта персоналды іріктеу бойынша шешім қабылдауда жасанды интелектті қолдануды зерттеп жатырмыз. Жасанды интеллект адамның құзыреттіліктерін бағалап, сараптауға көмектеседі. Сондай-ақ іс-қимылына, дауыс ырғағына да баға береді. Е-kyzmet ақпараттық жүйесінде жылдар бойы жинақталған үлкен деректермен (big data) жұмыс істеп, құзыреттіліктерді анықтаудың тиімді жолдарын зерттеудеміз», – деді Рустам Таңатұлы.

Конференция барысында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына Ұлттық аккредиттеу орталығының аккредиттеу туралы куәлігі салтанатты түрде табысталды. Сертификат Академияның сертификаттау қызметкерлерінің адам ресурстарын басқару саласындағы ұлттық стандарттар талаптарына сәйкестігін растайды. Академия ректоры Ерлан Әбілге аккредиттеу сертификатын ҰАО бас директоры Талғат Момышев табыс етті. Академия қазақстандық мемлекеттік қызметшілердің құзыретін дамытатын, жаңа идеялар мен уақыт талабына тұрақты ашықтықты жеткізетін негізгі интеллектуалдық алаң болып табылады.

Барлығы
21
Маусым
Академия ректоры Фудан университетінің профессорымен кездесті

2024 жылғы 21 маусымда Академияда Фудан университетінің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс мектебінің (SIRPA) профессоры Жан Пин және Академия ректоры Әбіл Ерлан Қуанышұлы арасында кездесуі өтті.

Кездесу барысында мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған бірлескен зерттеулер жүргізу, бірлескен жарияланымдар мәселелеріне назар аударылды. Сондай-ақ Академияның білім алушылары үшін тағылымдама ұйымдастыру, қос диплом бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері айтылып, идеялар мен озық тәжірибе алмасу үшін тұрақты онлайн кездесулер өткізу жоспары талқыланды.

Осы жылдың тамыз айында Фудан университетімен бірлесіп мемлекеттік қызметшілерге арналған жазғы мектеп ұйымдастыру жоспарланып отыр, бұл өз кезегінде оқыту мен білім алмасудың жаңа мүмкіндіктерін ашады.

Кездесу соңында қатысушылар нәтижелі жиын үшін алғыстарын білдіріп, ынтымақтастықтың табысты болатынына сенім білдірді.

Айта кетейік, Фудан университеті – Қытайдағы және әлемдік қауымдастықтың ең беделді және ықпалды оқу орындарының бірі. 2023 жылы Фудан университеті QS World University Rankings рейтингінде 34-ші орынға ие болған еді.

 

Барлығы
21
Маусым
Елімізде Президенттік Академия түлектерінің альянсы құрылды

20 маусым күні ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлектеріне салтанатты түрде диплом табыстау рәсімі өтті. Сондай-ақ Президенттік Академия түлектерінің альянсы құрылды.

Академия баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023-2024 оқу жылында докторантура және магистратура білім бағдарламалары бойынша 124 түлек дипломын сәтті қорғады. 30 жылда Академия 2814 магистр, 122 докторантты даярлап шығарды. Салтанатты шараның ашылуында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай түлектерге сәттілік тіледі.

«Қазіргі уақытта мемлекеттік қызмет саласында Әділетті Қазақстан қағидаттарына сай келетін жүйелі реформалар жүзеге асырылуда. Ашықтық, әділдік және меритократия қағидаттары негізінде мемлекеттік қызметке қабілетті әрі білікті азаматтарды, дарынды жастарды тартуға кеңінен жол ашылуда. Мемлекеттік басқару академиясын үздік аяқтаған түлектердің өңірлік деңгейде конкурссыз негізде басшылық лауазымдарға тағайындала алу мүмкіндігі де осының дәлелі. Академиядан түлеп ұшқан магистранттар мен докторанттар мемлекеттік қызметшілер буынының нағыз көшбасшылары болуға тиіс. Алған кәсіби құзыреттіліктеріңіз мемлекетіміздің кешенді стратегиялық міндеттерін шешуде, басқарудың сервистік моделіне көшуде шешуші рөл атқарады деп сенемін», – деді МҚІА төрағасы.

Дәстүр бойынша Академия ректоры Ерлан Әбіл де түлектерді құттықтап, жылы лебізін білдірді.

 

 

«Біздің түлектер – «Адал азамат» ұғымының құндылықтарын бойына сіңіре отырып, болашаққа бағдарланған мемлекеттік басқару жүйесінің бәсекеге қабілетті адами капиталына айналуы тиіс. Бұл ретте, өзгермелі заман талаптарына сәйкес білімді, кәсіби құзыреттілігі жоғары мамандарды даярлау мақсатында Академия өз тарапынан ауқымды жұмыстар жүргізуде. Академия қабырғасында алған білімдеріңізбен еліміздің өркендеп-дамуына елеулі үлес қосып, мемлекеттік басқару саласының білікті маманы болатындарыңызға, Академия түлегі мәртебесін биік ұстайтындарыңызға сеніміміз мол», – деді Ерлан Қуанышұлы.

Сонымен қатар ректор шара барысында «Президенттік Академия түлектерінің альянсы» қоғамдық бірлестігі құрылғаны туралы мәлімдеді. Жаңадан құрылған Альянстың Президенті болып Мемлекеттік басқару академиясының түлегі, Елордалық кәсіпкерлер палатасының басшысы Қанат Алин тағайындалды.

«Альянсты құрудағы мақсатымыз — Академияның әр жылдардағы түлектерінің корпоративтік рухын нығайту және барлығын біріктіру. Әрқайсымыздың жеке және кәсіби өсуімізге ықпал ететін мықты ұйым құра аламыз деген сенімдемін. Әрбір түлек альянстың және жалпы қоғам өміріне белсенді қатысуы үшін жағдай жасаймыз. Академия түлектері өз білімдерімен, идеяларымен және тәжірибелерімен бөлісе алатын платформалар мен іс-шараларды ұйымдастырамыз. Әрқайсысыңызды жетістікке толы болашақты бірге құруға,  Президенттік Академия түлектері альянсының мүшесі болуға шақырамын», – деді Қанат Төлеубекұлы.

 

 

Академияда Адами ресурстарды басқару мамандығы бойынша магистратураны тәмамдаған Айнагүл Қақиева Атырауға оралып, мемлекеттік қызметтегі еңбегін жалғастырмақ.

«Бүгін біз үшін қуанышты күн. Магистрлік жобаны сәтті қорғап, диплом алып жатырмыз. Академияға білім алушыларға берген зор мүмкіндігі үшін алғыс айтамыз. Біз мұнда білім алып қана қоймай, кәсіби біліктілігімізді арттырдық, сонымен қатар шетелдік тағылымдамаға баруға мүмкіндік алдық. Мемлекеттік басқару академиясының 30 жылдық мерейтойы құтты болсын», – деді түлек.

Салтанатты шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы Дархан Жазықбай, Түркия Президенті жанындағы Адам ресурстары офисінің президенті Доктор Салим Атай және Адам ресурстары офисі бөлімінің басшысы Саваш Джейлан, ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет бөлімінің меңгерушісі Руслан Тұрғаналы, Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов, ҚР Қаржы министрлігінің аппарат басшысы Ерғали Егемберді, Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының мемлекеттік мекемелер үшін гендерлік теңдікке қол жеткізу бойынша сертификаттау бағдарламасының жаһандық менеджері Ана Ланда Угарте, Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа, Әзірбайжан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Урхан Казым оглу Алекперов, Фудань университетінің профессоры (Қытай) Zhang Ping қатысты.

Атап өтейік, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына 2024-2025 оқу жылына магистратураға және докторантураға оқуға құжат қабылдау осы жылдың 26 маусымына дейін жүргізіледі. Жаңа оқу жылына мемлекеттен 132 грант (магистратураға – 120, докторантураға – 12) бөлінді.

 

 

Мемлекеттік басқару академиясының баспасөз қызметі

Барлығы
20
Маусым
БҰҰ Даму бағдарламасы аясында гендерлік теңдікті ілгерілету жөніндегі топ мүшелерімен кездесу

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Қуанышұлы Әбіл БҰҰ ДБ аясындағы мемлекеттік мекемелерге арналған гендерлік теңдік белгісі (Gender Equality Seal for Public Institutions) бойынша жаһандық менеджер Ланда Мария Угарте және БҰҰ ДБ-ның гендерлік мәселелер бойынша кеңесшісі Гаухар Нұршамен  кездесті.

Ланда Мария Угарте демократиялық және тұрақты қоғамдық институттарды дамытуда гендерлік теңдіктің маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, мемлекеттік басқарудағы гендерлік теңдік мемлекеттік қызметті жақсартуға, азаматтардың сенімін арттыруға және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға ықпал етеді.

Өз кезегінде, Академия ректоры Ерлан Әбіл гендерлік теңдікті жақсартуға бағытталған Академияның қызметі мен бастамалары туралы айтты. Мысалы, Академияда өткізілетін «Әйелдер көшбасшылығы», «Мансап және отбасы», «Гендерлік бюджеттеу»сынды семинарлар мен тренингтер әйелдер үшін көшбасшылық, топты басқару және өзін-өзі жетілдіру дағдыларын, кәсіби құзыреттіліктері мен практикалық дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік беретінін жеткізді.

Кездесу барысында Академия мемлекеттік сектордағы әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған жобаларды қолдауға дайын екенін білдірді.

 

Барлығы
14
Маусым
Академияда Малайзия Парламенті Сенаты төрағасының м.а. Нур Джазлан Мохамедпен кездесу өтті

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Малайзия Парламенті Сенаты төрағасының міндетін атқарушы Нур Джазлан Мохамедпен кездесу өтті.

Малайзия – Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі. Малайзияда муссондық жаңбырлар мен су тасқыны жиі болып тұрады. Малайзия Сенаты басшысының м.а. Академия қызметкерлерімен және тыңдаушыларымен кездесуде су тасқынымен күресу бойынша мемлекеттік қызметкерлер арасында тәжірибе алмасуға дайын екенін атап өтті.

«Су тасқынын басқару – өте маңызды іс. Қазақстан мұндай ауқымды су тасқынын күтпегенін түсінеміз, бірақ әлемде климаттық өзгерістерге байланысты нөсер жаңбырдан туындаған су тасқыны алдағы уақытта да болу ықтималдығы жоғары. Сондықтан Малайзия табиғи апат кезінде және одан кейін мемлекеттік қызметшілердің іс-қимыл алгоритмдерін жетілдіру үшін Қазақстанмен тәжірибе алмасуға дайын. Малайзия Мемлекеттік басқару академиясы тарапынан біз мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі мен коммуникативтік дағдыларын арттыру бойынша оқыту курстарын ұйымдастыруға әзірміз. Дағдарыс кезінде жұмыс істейтін мамандар білікті болуы керек және халықтың мұң-мұқтажын түсіне алуы керек», – деді Нұр Джазлан Мохамед.

Сондай-ақ спикер мемлекеттік қызметшілер жұмысының тиімділігін арттыру, мемлекеттік басқаруды цифрландыру және мемлекеттік сектор жұмысында жасанды интеллектті пайдаланудың артықшылықтарымен бөлісті.

Академия ректоры Ерлан Әбіл Нұр Джазлан Мохамедке алғысын білдіріп, Малайзияның мемлекеттік басқару академиясымен әріптестік қарым-қатынас орнатуға дайын екенін атап өтті. Кездесу соңында Академия тыңдаушылары мен қызметкерлері сұрақтарына жауап алды.

 

Барлығы
07
Маусым
Мемлекеттік басқарудың ұлттық жоғары мектебінің құрылу тарихы

Бүгін ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының 30 жылдығына арналған «Даму күні» аясында ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық жоғары Мемлекеттік басқару мектебінің бұрынғы директоры (1995-1998 жж.) Қайыржан Шайхыұлы Тақуовпен кездесу өтті. Кездесуді Академия ректоры Ерлан Әбіл жүргізді.

Академия қызметкерлерімен кездесу барысында Қайыржан Шайхыұлы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқарудың ұлттық жоғары мектебінің құрылу тарихы туралы айтып берді.

«Барлық кадр бұрынғы Кеңестік партия қызметкерлері болғандықтан, Қазақстан егемендік алғаннан кейін кадр жетіспеушілігі сезілді. Сондықтан нарықтық экономикаға, тәуелсіздікке бейімделген жаңа формация кадрлары болғанын қаладық», – деді ол.

1994 жылы Қазақстан Президентімен кездесу барысында Франция президенті Франсуа Миттеран мемлекеттік қызметшілерге арналған мектеп құруда ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек көрсетуді ұсынды. Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппараты басшысының орынбасары Қайыржан Шайқыұлы Францияның Әкімшілік ұлттық мектебінің (ENA) жұмысын зерттеу үшін іссапарға жіберілді.

«1945 жылы Францияда Әкімшілік ұлттық мектебі (ENA) құрылды. 1994 жылы маусымда Аппараттағы кадр бөлімінің қызметкерімен бірге Францияға барып, онда 10 күн бойы ENA жұмысын зерделеп, аталған мектептің және министрліктердің басшылығымен кездестік. Қазақстанға оралғаннан кейін мен елімізде сондай мектеп құру және Мемлекеттік қызмет туралы заңның қажеттілігі туралы ұсыныстар дайындадым. Президент тез арада Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Мемлекеттік басқарудың ұлттық жоғары мектебін құру туралы қаулы дайындауды тапсырды. Сол күні біз нақты мерзімі жазылған Қаулы дайындадық, онда 1994 жылдың қазан айында алғашқы оқуға қабылдау жариялануы керек делінген», – деп тарихи оқиғамен бөлісті.

Сол жылы мектеп директоры болып Президенттің баспасөз хатшысы Нұрлан Даненов тағайындалды. Кейінірек, 1995 жылы Қайыржан Шайхыұлы директор қызметін бастап, Ұлттық жоғары Мемлекеттік басқару мектебіне оқуға қабылдау туралы ережені дайындаған.

Қайыржан Шайхыұлы кездесу барысында оқытушыларды тарту және білім беру бағдарламасын құру процесі туралы айтты. Мемлекеттік қызметшілерге дәріс оқуға министрліктер мен әкімдіктердің қызметкерлері шақырылды. Ұлттық жоғары Мемлекеттік басқару мектебінің сол кездегі тең директоры Кристиан Висантидің көмегімен оқу бағдарламасы құрылды. Француз тарапы әдістемелік көмек көрсетіп, қажетті әдебиеттерді ұсынды, сондай-ақ Францияда қазақстандық тыңдаушылар үшін тағылымдамалар ұйымдастырылды.

«Франция тарапы оқытуды француз тілінде жүргізуді ұсынды, мен тыңдаушыларға таңдау құқығын беріп, француз, ағылшын және қазақ тілдерінде білім беру туралы ұсыныс білдірдім. Француздар тарапынан қаржылық қолдау көрсетілмеді, бірақ қажетті әдебиеттермен қамтамасыз етті. Сондай-ақ Қазақстанның Франция Республикасындағы елшісімен егер ол жақтан саяси тұлғалар, мемлекеттік қайраткерлер келсе, біз оларды қонақ дәріске шақырамыз деп келістік. Бір жылдық оқуды аяқтағаннан кейін олар 6 тыңдаушыны Францияның Әкімшілік ұлттық мектебіне (ENA) тағылымдамадан өтуге шақырды», – деді Қайыржан Тақуов.

Өз сөзінде Қайыржан Шайхыұлы Академия 30 жыл ішінде мемлекеттік қызметшілерді даярлауда маңызды рөл атқарғанын атап өтті. Сондай-ақ өзінің өнегелі өмірі жайлы кітабын Академияның кітапхана қорына табыстап, тарихи материалдармен бөлісті.

Кездесу сұрақ-жауап сессиясымен аяқталды. Академия ректоры мен қызметкерлері Қайыржан Шайхыұлына қызықты әрі танымдық әңгімелері үшін алғыс білдірді.

 

 

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару

 академиясының баспасөз қызметі

 

Барлығы
03
Маусым
Ерлан Қарин Академияда ішкі саясаттың негізгі мәселелері туралы сөз сөйледі

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушылары мен профессорлық-оқытушылық құрамының алдында сөз сөйледі. Кездесуге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов және Академия ректоры Ерлан Әбіл қатысты.

Ерлан Қарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бағдарының идеологиялық сипаты еліміздегі барлық өзгерістің бастауында тұрған «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасында көрініс тапқанын атап өтті.

Мемлекеттік кеңесші Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени реформалардың мән-маңызы, мақсаты және негізгі кезеңдері мен нәтижелері туралы әңгімелеп берді.

Ерлан Қариннің пікірінше, қазіргі басты міндеттің бірі – ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру және қоғамды жаңа құндылықтар жүйесі негізінде ортақ мақсатқа ұйыстыру. Бұл құндылықтарды Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың ІІІ отырысында айқындап берді.

Мемлекеттік кеңесші ішкі саясатта әрдайым өзіміздің күн тәртібімізді басшылыққа алу қажеттігін атап өтті. Біздің ішкі күн тәртібіміз жасампаздыққа негізделген, ол жан-жақты жаңғыруды және реформалар жүргізуді көздейді.

Жиын соңында Ерлан Қарин Академия тыңдаушыларының және осы оқу орны қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.

 

Барлығы
31
Мамыр
Кәсіби кадр – жасампаздық негізі

Бүгін Академияда «Кәсіби кадр – жасампаздық негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Академияның магистранттары мен докторанттары ҚР Парламенті Сенатының және Мәжілісінің депутаттарымен, министрліктердегі комитет төрағаларына сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Білім мен біліктілікті, тәжірибе мен ізденісті ұштастыру мақсатында өткен дөңгелек үстел барысында кәсіби маман даярлауға арналған ұсыныстар айтылды. Мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби біліктілігін одан әрі жетілдіру мен олардың дамуына ықпал ететін идеялар айтылды. Басшылар мемлекеттік қызметтегі тәжірбиелерімен бөлісіп, білім алушыларға түрлі статистикалық деректер келтірді.

Барлығы
31
Мамыр
Өңірлік кадр резервіне үміткерлерді іріктеудің ІІІ кезеңі аяқталды

Академияның Ассессмент-орталығында өткен Өңірлік кадр резервіне үміткерлерді іріктеу кезеңі сәтті аяқталды. Үшінші кезеңге қатысу үшін үміткерлер еліміздің 20 өңірінен келді.

Құзыреттілікті бағалауға барлығы 1001 үміткер тіркелген. Қатысушылар талдау және шешім қабылдау, көшбасшылық, белсенділік, қызметті басқару және сенімділік сияқты құзыреттіліктерді анықтауға мүмкіндік беретін ситуациялық кейстерді шешті. Бұл құзыреттіліктер Қазақстан Республикасынің заманауи мемлекеттік қызметшісінің моделі ретінде белгіленген.

Академияның жобаны әзірлеушілер тобы көрсетілген модельге сәйкес кандидаттарды сапалы бағалауға мүмкіндік беретін жаттығулар жинағын дайындады. Құзыреттілікті бағалауды осы саладағы әлемдік көшбасшы SHL халықаралық сертификаты бар кәсіби бағалаушылар пулы жүргізді.

Үміткерлерге келесі кезеңдерде сәттілік тілейміз!

Барлығы

Your browser does not support SVGs