
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, КОНКУРС!
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мына пәндер бойынша профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:
Пәндер |
Магистратураның білім беру бағдарламасы
«Экономика» |
Стратегиялық жоспарлау және болжау |
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау |
Әлемдік экономика |
Экономикалық өсу және тұрақты даму |
Аграрлық экономика |
Сандық талдау әдістері |
Бизнес-аналитика |
Инвестициялық процестерді басқару |
Салалар мен сфералардың экономикасы |
Эконометрика |
Мемлекеттік қаржы және бюджет |
Коммуникацияларды басқару |
Макроэкономикалық талдау |
Тұрақты дамуды басқару |
Ресми жазылым және дискурс |
Магистратураның білім беру бағдарламасы
«Өңірлік даму» |
Өңірлік экономика және кеңістіктік даму |
Өңірді дамытудың қаржы құралдары |
Ресми жазылым және дискурс |
Магистратураның білім беру бағдарламасы
«Адами ресурстарды басқару» |
Мемлекеттік басқару жүйесіндегі HR менеджмент |
Таланттарды басқару |
Сыни ойлау және аналитика |
Ресми жазылым және дискурс |
Магистратураның білім беру бағдарламасы
«Халықаралық қатынастар» |
Халықаралық қатынастар теориясы |
Кәсіби ағылшын тілі |
Кәсіби коммуникациялар |
Жаһандық державалардың сыртқы саясаты |
Ресми жазылым және дискурс |
Магистратураның білім беру бағдарламасы
«Мемлекеттік басқару» |
Стратегиялық менеджмент және көшбасшылық |
Кәсіби коммуникациялар және ұйымдық мәдениет |
Мемлекет пен жұртшылықтың бірлескен басқаруы |
Стратегиялық менеджмент және көшбасшылық |
Жобалық менеджмент |
Магистратураның білім беру бағдарламасы
«Мемлекеттік саясат» |
Кәсіби коммуникациялар және ұйымдық мәдениет |
Жобалық менеджмент |
Саяси технологиялар |
Мемлекеттік саясат |
Мемлекеттік басқару |
Ұйымдастырушылық мәдениет және этика |
Ресми жазылым және медиадискурс |
Экономикалық саясатты талдау және бағалау |
Инвестициялық саясат |
Тиімді басқару және уақытты басқару дағдылары |
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау |
Докторантураның білім беру бағдарламасы
«Мемлекеттік басқару» |
Академиялық жазылым |
Докторантураның білім беру бағдарламасы
«Экономика» |
Экономиканы реттеудің ақша-несие және қаржы құралдары |
Қолданбалы эконометрикалық талдау |
Салалар мен өңірлердің экономикасы |
Мемлекеттің экономикалық саясаты |
Академиялық жазылым |
Экономикалық процестерді модельдеу |
Докторантураның білім беру бағдарламасы
«Халықаралық қатынастар» |
Қазіргі халықаралық қатынастар |
Жаһандық интеграция процесі |
Академиялық жазылым |
Біліктілік талаптары:
Лауазымы | Білімі | Талап етілетін кәсіби тәжірибесі |
Профессор
(5 бірлік) |
– ғылыми дәрежесінің, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесінің болуы;
– профессор, қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағының болуы. |
– мемлекеттік қызметте немесе мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс өтілінің болғаны жөн. |
Доцент
(8 бірлік) |
– ғылыми дәрежесінің, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесінің болуы;
– профессор, қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағының болғаны жөн. |
– мемлекеттік қызметте немесе мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс өтілінің болғаны жөн.
|
Аға оқытушы (4 бірлік) |
– ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистр дәрежесінің болуы. | – ғылыми-педагогикалық саладағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуы;
– мемлекеттік қызметте немесе мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс өтілінің болғаны жөн. |
Ассистент
(5 бірлік) |
– ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистр дәрежесінің болуы. | – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес;
– мемлекеттік қызметте немесе мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс өтілінің болғаны жөн. |
Тілдерді білуі: кәсіби деңгейде мемлекеттік, орыс және мүмкіндігінше ағылшын тілдерін меңгеру.
Конкурсқа қатысқысы келетін тұлғалар мына құжаттарды тапсырады:
1) Академия ректорының атына нысан бойынша өтініш;
2) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы нысан бойынша немесе түйіндеме;
3) жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
4) пән бойынша жобаның презентациясы (электрондық түрде, көлемі 10 слайдтан аспайтын) келесі құрылым бойынша:
- білім беру бағдарламасы шеңберіндегі пәннің атауы мен сипаттамасы;
- пәнді оқыту мақсаты, міндеттері және күтілетін нәтижелері;
- пәнді оқыту әдістері мен құралдары;
- әр дереккөзге қысқаша аңдатпасы бар әдебиеттер тізім.
Конкурсқа қатысушы өзінің білімі, жұмыс тәжірибесі, біліктілігі және т.б. бойынша растаушы құжаттары бар қосымша ақпаратты беруге құқылы.
Конкурсқа құжаттар 2024 жылғы 31 мамыры – 14 маусымы аралығында қабылданады.
«ОПҚ конкурсына» белгісі бар құжаттарды қабылдау мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады:
- электрондық пошта бойынша: hr@apa.kz
- пошта арқылы немесе қолма-қол (сағат 09:00 – 18:30): 010000, Астана қ., Абай даңғ. 33а, 705-каб.
Тел.: 8 (7172) 75-32-23,
8-705-289-27-01, 8-702-962-00-49
Құжаттардың тізімі толық ұсынылмаған жағдайда Академия кандидаттың өтінімін қарамауға құқылы.