Академия
жаңалықтары

04
Сәуір
Сингапур Мемлекеттік қызмет колледжінің өкілімен кездесу

 

Бүгін Академияда ректор Ерлан Әбіл Сингапур Мемлекеттік қызмет колледжінің өкілі, бас атқарушы директордың халықаралық мәселелер жөніндегі ассистенті Роджер Танмен кездесті.

Іс-шара барысында тараптар бір-бірін өз ұйымдары қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды. Кездесуде онлайн оқытудың өзекті мәселелері, мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлау әдістері, сондай-ақ мемлекеттік аппарат қызметкерлері арасында қызығушылықты арттыру мен ынталандыруға бағытталған стратегиялар мәселесі талқыланды.

Сингапурдың Мемлекеттік қызмет колледжі негізгі білім беру мекемесі ретінде қызмет ете отырып, Сингапурдағы орта және жоғары деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлерді дамыту мен оқытуда маңызды рөл атқарады.

Екі тарап серіктестік қатынастарды одан әрі нығайтуға және мемлекеттік басқару саласындағы озық тәжірибелермен алмасуға дайын екенін жеткізді.

Барлығы
04
Сәуір
Сингапур – Қазақстан «Достық – Цифрландыру» бағдарламасы

Академияда Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Қазақстанның мемлекеттік қызметшілері үшін цифрлық дағдыларды дамыту бойынша «Достық – Цифрландыру» бағдарламасы өтіп жатыр.

Оқыту бағдарламасын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі  қазақстандық «KazAID» халықаралық даму агенттігімен және Сингапур Республикасының Сыртқы істер министрлігімен бірлесе  ұйымдастырды.

Курс тыңдаушылары мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау мүмкіндіктерімен танысады және Қазақстан мен Сингапурдан келген әріптестерімен тәжірибе алмасады.

«Қазақстан мен Қырғызстанда электронды үкімет қатар дамып келе жатыр деп айта аламын. Өйткені бағытымыз бір, жүйелердің жұмысы бәрімізге ортақ. Тек атауларында айырмашылық бар. Дәрісте алған білімді өз елімізде пайдаға жаратамыз деп ойлаймын», – деді Қырғызстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өкілі Жанар Иманалиева.

Спикер ретінде Назарбаев университетінің профессоры, Мемлекеттік саясат жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры доктор Азиз Бурханов, Сингапур Мемлекеттік қызмет колледжінен қауымдастырылған оқытушысы У Кун Тиан және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Өнімдерді ілгерілету департаментінің директоры Асқар Синчев  шақырылды.

Бағдарламаға қатысу үшін цифрлық қайта құруға және осы саладағы өз елдердің ұлттық саясатын әзірлеуге белсенді қатысатын орта және жоғары буын мемлекеттік қызметшілері іріктелді.

Барлығы
01
Сәуір
Мемлекеттік басқару академиясы 2024 оқу жылына қабылдауды бастады

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға құжат қабылдау басталды. Бұл туралы Академия ректоры Ерлан Әбіл 2024-2025 оқу жылына қабылдау науқанының басталуы туралы өткен брифингте хабарлады.

Оқуға құжаттарды қабылдау онлайн форматта Академияның арнайы ақпараттық жүйесі арқылы 1 сәуірден 26 маусымға дейін жалғасады. Спикердің айтуынша, биыл оқуға қабылдау ережелерінде бірқатар өзгеріс бар.

«Халықаралық қатынастар», «Мемлекеттік саясат» және «Экономика» екі жылдық бағдарламалары бойынша оқу мерзімі екі жылдан бір жарым жылға дейін қысқартылды. Биыл «Мемлекеттік басқару» бағдарламасына құқық қорғау органдарынан және арнайы мемлекеттік органдардан да үміткерлерді қабылдаймыз. Қабылдау науқанының жалпы мерзімі 20 күнге қысқартылды. Қорытынды ақпаратты биыл 5 тамызда жариялауды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар магистратура бағдарламалары үшін сұхбат кезеңін бағалаудың үлес салмағы 70%-ға дейін және докторантура үшін 50%-ға дейін көтерілді», – деді Академия ректоры.

Магистрлік білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыспен оқуға түсу үшін мемлекеттік қызметте кемінде 2 жыл, ал докторлық бағдарламалар үшін 5 жыл еңбек өтілі болуы қажет.

«Академияда мемлекеттік қызметшілерді даярлау 8 магистратура бағдарламасы және 3 докторантура бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Сондай-ақ мемлекеттік қызметші емес тұлғаларға негізгі жұмысымен қатар оқуға болатын 2 модульдік бағдарлама қарастырылған. Мемлекеттік қызметшілерді даярлауға магистратура бойынша 120 грант, докторантура бойынша 12 грант бөлінген. Грантқа тапсырушылар мемлекеттік органның жолдамасын ұсынуы қажет. Оған мемлекеттік орган басшысы немесе аппарат басшысы қол қоюы керек. Шетелдік азаматтарды есептемегенде, барлық білім беру бағдарламаларына түсушілердің мемлекеттік тілді меңгеруі В1 деңгейінен төмен емес екенін растайтын QAZAQ RESMI TEST немесе ҚАЗТЕСТ сертификаты болуы тиіс», – деп атап өтті Ерлан Қуанышұлы.

Спикердің мәліметінше, іріктеудің алғашқы кезеңі – Аналитикалық эссе жазу 29 маусымда нақты уақыт режимінде өтеді. Докторантураға үміткерлер зерттеу жұмысының жоспарын (Research proposal) 26 маусымға дейін жүктеуі керек, жоспарлар 7 шілдеге дейін бағаланады. Қорытынды кезең – Сұхбат – 1-20 шілде аралығында Академия қабырғасында офлайн форматта өтеді. 22 шілде күні аралық қорытынды шығарылады.

Барлығы
29
Наурыз
Жаһандану уақытындағы ұлттық мүддені қорғау мәселелері

«Даму күні» аясында Мемлекет тарихы институтының директоры  Пұсырманов Нұрбекпен кездесу өтті. Нұрбек Серікұлы  «Жаһандану уақытындағы ұлттық мүддені қорғау мәселелері» тақырыбында дәріс оқыды.

Дәріс барысында жаһандану жағдайындағы Қазақстанның орнымен ұлттық мүддені ілгерілету – ұлттық келісім факторларына тоқталып, тыңдаушыларға толық ақпарат берді. Өзінің жеке зерттеулеріндегі мақалаларымен таныстырып, талдау жасады.

Кездесуге Академия қызметкерлері мен білім алушылары қатысты. Дәріс соңында магистранттар мен докторанттар сұрақтарын қойып, өз ойларымен бөлісті.

Бүгін Академияда Даму күні аясында «Қыран» зияткерлік дебат клубы мен «Экономист+» ұйымдастыруымен «Ауыл шаруашылығын субсидиялау: жақтаушылар және қарсы тарап» тақырыбында пікірсайыс ойыны өтті.

Дебат алаңында «Экономика» білім беру бағдарламасының екінші курс магистранттары және бірінші курс магистранттары ой жарыстырды.

Ойыншылар тақырыпты кеңінен ашып, толық ақпарат берді. Пікірсайыс ойынының қорытындысы бойынша  «Экономика» білім беру бағдарламасының бірінші курс магистранттары  басым түсіп, жеңіске жетті.

Қатысушыларды жеңстерімен шын жүректен құттықтаймыз!

«Даму күні» аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы сенаторлар Кеңесінің мүшесі Карагусова Гульжана кездесу өтті. Карагусова Гульжана «Қазақстанның дамуының жаңа әлеуметтік-экономикалық жобалары, оның халықаралық және өңірлік ұстанымын нығайтуы» тақырыбында дәріс оқыды.

Барлығы
28
Наурыз
ТМД елдері Мемлекеттік басқару академияларының форумы

2024 жылдың 27-29 наурыз күндері Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясында ТМД елдері Мемлекеттік басқару академияларының форумы және «Басқару жүйесіндегі тұлға» тақырыбындағы V Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтуде.

Ректор Әбіл Ерлан Академияның мемлекеттік басқару кадрларын даярлаудағы тәжірибесімен бөлісті. Форум барысында қатысушылар білім  және ғылым саласындағы жобаларды бірлесе іске асыру мәселелерін талқылады. Форум аясында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің базалық ұйымы Қоғамдық кеңесінің отырысы  өтті.

Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда Академия ректоры Ерлан Әбіл «Басқарушылық дәстүрлер мен инновациялар» пленарлық сессиясының жұмысына қатысты.

ҚР Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәурен Абаев Академия ректорын қабылдады. Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша өзара ынтымақтастықты арттыру  мәселелері талқыланды.

 

Барлығы
18
Наурыз
Академия магистранттары ғылыми тағылымдамадан оралды

Академия магистранттары Климент Охридский атындағы София университетінде 14 күндік ғылыми тағылымдамадан өтті.

София университеті – Болгария мен Шығыс Еуропадағы ең беделді оқу орындарының бірі ретінде танымал. Университет ғылыми зерттеулерге белсенді түрде қатысады және халықаралық жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орнатқан. Академия мен университет арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға 2023 жылдың 18 шілдесінде қол қойылған. Меморандум аясында «Өңірлік басқару» мамандығының 24 магистранты, «Адами ресурстарды басқару» мамандығының 14 магистранты 2 апталық ғылыми тағылымдамаға барып келді.  Сапар барысында Академия магистранттары өздерінің магистрлік жобаларына қатысты құнды ақпараттар жинақтады.

Тағылымдама жоспарына сәйкес магистранттар София, Бургас, Несебър, Созопол қалаларының тарихы мен жергілікті өңірлердің дамуымен танысты. Магистранттарға дәрістерді София университетінің, Бургас Еркін университетінің және «Профессор доктор Асен Златаров» университетінің беделді оқытушылары жүргізіп, басқару және қауіпсіздік, Адам ресурстарын басқару және т.б. тақырыптарды қозғады.

Сондай-ақ Магистрлерді Бургас муниципалитетінің мэрі Димитар Николов қабылдады. Мэр өзінің бюджет, қаржы және экономика жөніндегі орынбасары Станимир Апостоловпен бірге жергілікті әкімшіліктің білім беруді, инвестицияларды, әлеуметтік саясатты жақсартудағы рөліне байланысты көптеген сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар мемлекеттік органдарға кадрларды тарту және ұстап тұру, жазғы маусымнан тыс туризмді дамыту сынды тақырыптарды талқылады.

Магистранттарға университет тарапынан екі апталық тағылымдаманы сәтті аяқтағаны туралы сертификат табысталды.

 

Барлығы
18
Наурыз
Ұлттық киім күні

Бүгін Академияда Ұлттық киім күніне орай іс-шара өтті. Академия ректоры Әбіл Ерлан қызметкерлер мен білім алушыларға әр аптаның жұма күні ұлттық нақыштағы киім киіп, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге шақырды.

Наурызнама онкүндігі аясында өткен шарада қызметкерлер мен білім алушылардың қатысуымен ұлттық киімдер сән көрсетілімі өтті.

Сән көрсетілімінің басты мақсаты – азаматтардың санасына әлеуметтік маңызы бар құңдылықтардың және қазақтың мәдени, тарихи өткеніне, дәстүрлеріне құрметпен қарауға шақыру. Қазақтың ұлттық киімдерін дәріптеп, көпшілікке танымал ету.

Мерекелік іс-шараны Академияның Кәсіби даму институты мен Мемлекеттік басқарудағы персоналдың сәйкестігін тану орталығы ұйымдастырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлығы
18
Наурыз
Балаларға арналған кітап көрмесі

Академияда қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі Әбілхан Қастеевтің немересі Дәурен Қастеевтің шығармаларының көрмесі өтті.

Галереяға Дәурен Қастеевтің шығармаларының ішіндегі ең атақты қазақтың тотемі «бөрі» картинасы да қойылды.  Сондай-ақ келушілер таулардағы көктемнің келуі мен жайлау тақырыбындағы суреттерді тамашалады. Ілияс Жансүгіровтің поэмасы негізінде салынған графика суреттері де  көрмеге қойылды.

Көрермендер назарына «Киіз үйде керемет көп», «Ер қадірін ел білер, зер қадірін зергер білер» бейнефильмдері мен балалар әдебиетінің кітап жәрмеңкесі ұсынылды. Балаларға арналған кітап көрмесінде 3 тілде жазылған шығармалар бар. Қойылған кітаптардың  ішінде халқымыздың аңыз-ертегілері,  кішкентайлар қызығып оқитын космоспен байланысты шығармалар мен қаржылық сауаттылыққа үйрететін туындыларды кездестіруге болады.

Мерекелік іс-шараны Академияның электоралдық оқыту орталығы ұйымдастырды.

Барлығы
15
Наурыз
15 НАУРЫЗ – ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КҮНІ

Бүгін Академияда Кәсіподақтың ұйымдастыруымен Қайырымдылық күні аталып өтті. Шара барысында «30 жылдық мерейтойға – 30 игі іс» жобасы аясында «Наурызға тарту» балаларға кітап сыйлау жәрмеңкесі жарияланды.

Акция қазақ тіліне аударылған заманауи әлем әдебиетін ауылды мекендегі, кенттердегі балаларға тарту ету мақсатында қолға алынды.

Жоба серіктесі – «Steppe&World» баспа үйі. Акция 15-20 наурыз аралығында өткізіледі.

Қайырымдылық жасау – Академия құндылықтарының бірі. Академия ұжымы мен тыңдаушыларын «Наурызға тарту» балаларға кітап сыйлау жәрмеңкесіне белсенді қатысуға шақырамыз! Жиналған қаражатқа жас оқырманға қызықты әрі тартымды болатын кітаптар сатып алынып, мектеп кітапханасына табысталады.

Акция қатысу үшін аударымды «Наурызға тарту» кілт сөзімен жіберулеріңізді өтінеміз.

Kaspi Gold: 8747 254 47 86 Бауыржан Бағылай, Академия Кәсіподағының төрағасы

 

 

 

Барлығы
15
Наурыз
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЙЛАУ ИНСТИТУТЫ

Бүгін Академияның 30 жылдық мерейтойы аясында «Даму күнінде» кездесулер ұйымдастырылды. Қонақ дәрістерге қызметкерлер мен білім алушылар қатысты.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Щегорцова Анастасия Геннадьевна «ҚР Сайлау Институты» тақырыбында дәріс оқыды. Тыңдаушыларға сайлау құқығының принциптері, Тәуелсіз Қазақстанның сайлау жүйесінің қалыптасуы, түсінігі мен түрлері жайлы айтты. Елімізде сайлау жүйесін дамыту, Қазақстан Республикасының сайлау процесінің құқықтық негіздері мен комиссия өкілеттіктеріне де тоқталды.

Дәрігер терапевт Айгүл Шаханқызы Макуш қызылша вирустық инфекциясының белең алуына байланысты дәріс оқыды. Дәрігер қызылша инфекциясының алдын алу жолдарымен бөлісті, емдік шараларға тоқталды.

Аурудың себептері мен белгілері туралы айтып, қызметкерлерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 

Барлығы
14
Наурыз
Көрісу күні – Амал мерекесі атап өтілді

14 наурыз күні Академияда Наурыз мейрамының бастауы «Амал келді – жыл келді»  мерекелік іс-шара атап өтті.

Көрісу күні – Амал мерекесіне орай ұйымдастырылған іс-шарада қызметкерлер мен білім алушылар салт-дәстүрлеріміз туралы көрініс тамашалады. Академияның құрметті профессоры Алтай Болтайханұлы Зейнелғабдин жастарға ақ батасын берді. Ұлттық ойындардан түрлі жарыстар өтіп, қатысушылар қазақ халқының тағамдарынан дәм татты.

Мереке барысында Академияның өнерлі білім алушылары ән мен жырдан шашу шашып, халық күйлерін күмбірлете орындады. Сондай-ақ  шарада отандық зергерлеріміз күмістен жасалған қазақи бұйымдардан ерекше көрме ұйымдастырды.

Көрісу күні – татулық, мейірімділік пен ізгілік мерекесі. Бұл күні қазақ қыстан аман-есен шыққанына, көктемде туыс-туған, көрші-көлеңмен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысады. Бір-біріне деген араздық, өкпе-ренішті ұмытып, амандық тілейді.

Айта кетейік, Наурыз мейрамының бастауы болған Көрісу күні – Амал мерекесін Академияда Басқару институтының магистранттары ұйымдастырды.

Береке мен бірліктің бастауы болған «Көрісу күні – Амал мерекесі» құтты болсын!

 

 

Барлығы
07
Наурыз
Халықаралық әйелдер күні

Бүгін Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік кеш өтті.

Іс-шараны ҚР Мемлекеттік басқару қызмет істері агенттігі және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ұйымдастырды.

Мереке қарсаңында  театр “Шәмші” қойылымын көрсетті.

Кеш соңында Агенттік төрағасы құттықтау тілегін айып, Мемлекеттік басқару академиясының қызметін қамтамасыз ету жолындағы еңбегі үшін бірқатар нәзік жандыларды Алғыс хатпен марапаттады.

Барлығы
07
Наурыз
Халықаралық бағдарламалар орталығы өкілімен кездесу

Академия ректоры Ерлан Әбіл Халықаралық бағдарламалар орталығымен өзара серіктестікті нығайту мақсатында Басқарма төрағасы Әлия Оспановамен кездесті.

Кездесуде екі ұйым қызметінің негізгі бағыттары талқыланды. Атап айтқанда, ел экономикасының негізгі секторлары үшін кадрлар мен мамандар даярлау мәселесі қарастырылды. «Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасына және әлемнің озық жоғары оқу орындарымен бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру перспективаларына ерекше назар аударылды.

Тараптар адами ресурстарды дамытуға және мемлекеттік басқару саласындағы білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.

Барлығы
05
Наурыз
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетімен ынтымақтастық орнатылды

Бүгін ҚР Қарулы күштерінің Әскери-Тарихи мұражайында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Аталған шараға Академия ректоры Ерлан Әбіл және ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков қатысты.

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға өзара көмек көрсету, білім беру және ғылыми-зерттеу бағдарламалары мен жобаларын бірлесіп жүзеге асыру, ғылыми зерттеулердің басым бағыттары бойынша заманауи технологиялар мен әдістерді әзірлеу және енгізу саласында тәжірибе алмасуға бағдарланады.

Кездесу барысында тараптар негізгі қызметтерімен таныстырып, өзара тиімді ынтымақтастықтың ықтимал жолдарын талқылады.

Барлығы
04
Наурыз
ИДЕЯЛАР ФАБРИКАСЫ ЖАҢА МАУСЫМЫ

Мемлекеттік басқару академиясының «Идеялар фабрикасы» бірегей жобасының жаңа маусымы үш жылдан кейін қайта басталды.

Сарапшылар жиынында Академия ректоры Ерлан Әбіл жобаның маңызын түсіндіріп, мақсаттарына тоқталды.

«Идеялар фабрикасы» – бұл мемлекеттік басқару саласында оң нәтижелерге қол жеткізетін шешімдерді дайындау мақсатына арналған тың идеялар алаңы. Мемлекеттік қызметтің сапасын жақсарту идеяларын ұсынатын платформа «Мемлекеттік қызмет: жылдам жеңістер» ұранымен өтті.

Бұл жолы Академия магистранттары Бағлан Қуанов «Цифрлық жұмыс орны», Ерлан Қалмақов «Адал азамат» қоғамдық әдеп құндылықтарының акселераторы», Назгүл Хатепова «Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйін бақылау әдістемесін жетілдіру» жобаларын алғаш рет талқыға ұсынды.

Талқылауда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов, Академияның вице-ректоры Алия Масалимова, ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің департамент директоры орынбасары Сәуле Жұрынова, Қоғамдық даму институты директорының орынбасары Олжас Бейсенбаев, қоғам қайраткері Дархан Мыңбай, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Ұлттық ақпараттық технологиялар АҚ сарапшылары, Қазақстан агротехникалық зерттеу университетінің профессорлары өз пікірлерін ортаға салды.

Ұсынылған идеялар қатысушылардың кәсіби қызығушылығын туғызды.

 

 

 

 

 

 

Барлығы

Your browser does not support SVGs