Академия
жаңалықтары

01
Наурыз
Даму күніне шолу

Академияда “Даму күні” аясында  Алыс айту күніне  магистранттар кеңесі  мерекелік іс – шара ұйымдастырды.

Атаулы күні ректор Әбіл Ерлан Академия қызметкерлері мен білім алушыларын мерекемен құттықтап, алғыс айтты. Мерекелік іс – шарада Академия білім алушылары өнерлерін көрсетіп, оқытушылар мен қызметкерлерді Алғыс айту күнімен құттықтады.

«Даму күні» аясында «Қыран» зияткерлік дебат клубының финалы өтті. Іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен Академияның MRD-23  тобының пікірсайысшы магистранттары финалдық бәсекеде Мемлекеттік қызмет істері агенттігі құрамасымен пікір таластырды.

«Даму күні» аясында Сенат Аппаратының Басшысы Споткай Максим Александровичпен кездесу өтті. Споткай Максим  Қазақстандағы парламент институты: сенат палатасының қызметі жайлы дәріс оқыды.

Бүгін Мемлекеттік басқару академиясында «Идеялар фабрикасы» жобасының жаңа маусымы басталды.  Сарапшылық талқылауда Академия ректоры Ерлан Әбіл жобаның маңызын түсіндіріп, кездесуді бастап берді.

Барлығы
01
Наурыз
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНС БОЙЫНША ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ

Академияда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының талаптарын іске асыру мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп семинар өтті.

Семинарға квазимемлекеттік сектордың комплаенс қызметінің басшылары мен комплаенс қызметкерлері, ведомстволық бағынысты ұйымдары бар Орталық атқарушы органдардың 100-ге жуық өкілі қатысты. Сондай-ақ 300 ден астам  қатысушы Zoom платформасында онлайн-трансляцияға қосылды.

Комплаенс қызметтері сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйенің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Комплаенс қызметкерлеріне заң үстемдігіне, өзара сенім мен ашықтыққа негізделген бизнес-процесстерін дамыту миссиясы жүктелген.

Комплаенс қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында Академия әдістемелік ұсыныстар әзірледі: парақорлыққа қарсы басқару жүйелері, ұйымдардың қызметінде қолдану талаптары мен нұсқаулары.

Бұл әдістемелік ұсынымдар комплаенс қызметтердің құзыретін кеңейту және парақорлыққа қарсы басқару жүйесін енгізу мен қолдаудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу мақсатында дайындалды.

Барлығы
01
Наурыз
Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы ынтымақтастық

Бүгін 2024 жылғы 1 наурызда ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Е. Қ. Әбіл және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі К.А. Тулеушиннің Ішкі істер министрлігінің ұжымымен екі үкіметаралық бағыт бойынша жұмыстарды іске асыру: басқарудың икемді (agile) әдістері негізінде жаңа бастамаларды жеделдету үшін Ұлттық акселераторды іске қосу және «Capacity building & Leadership» көшбасшылық бағдарламалары бойынша оқытуды бастау жөнінде кездесуі өтті. Кездесу ІІМ аппаратының басшысы, полиция генерал-майоры О. Б. Бекиевтің төрағалығымен өтті.

Ұлттық акселератор және Көшбасшылық бағдарламалары Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы «Government Asselerators» және «Capacity Building & Leadership» үкіметаралық бағыттарды іске асыру шеңберінде іске қосылады.

Акселерация шешімдерді бірлесіп әзірлеуді және оларды барлық мүдделі қатысушылардың мемлекеттік органдар, сондай – ақ бизнес және сараптамалық қоғамдастықтар тарапынан, идеядан бастап нақты нәтиже алғанға дейін нақты уақыт аралығы-100 күн ішінде іске асыруын көздейді.

Акселерацияның бірінші легі көшбасшылар командаларының қатысушылары «Kazakhstan Executive Leadership» көшбасшылық бағдарламасы бойынша тыңдаушылар тізіміне енгізіледі.

Барлығы
23
Ақпан
«ЖАҺАНДАНҒАН ӘЛЕМНІҢ ГЕОСАЯСИ КЕЛБЕТІ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

Бүгін «Даму күні» аясында профессор оқытушылар құрамы Сенатының ұйымдастыруымен Академияның бас ғылыми қызметкері, Басқару институтының профессорының м.а. Саржанов Дәурен Қожабергенұлы «Ғылыми тағылымдама: 500 ғалым» тақырыбында дәріс өткізді.

Дәріс барысында «Болашақ» халықаралық бағдарламасы жайлы айтып, бағдарламаның беретін мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берді.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының академигі Әділ Ахметтің «Жаһанданған әлемнің геосаяси келбеті» монографиялық еңбегінің  тұсаукесер рәсімі өтті. Тұсаукесерге Академия ректоры Ерлан Әбіл,  профессор-оқытушылар құрамы және магистранттар мен докторанттар қатысты.

«Жаһанданған әлемнің геосаяси келбеті» монографиясында автор Нобель сыйлығы лауреаттарының жазған еңбектеріне сараптама жасаған. Сонымен қатар, автордың егемен еліміздің әлемдік геосаясаттағы дара жолын көрсететін сараптамалық мақалалары топтастырылған.

Кездесу барысында автормен тыңдаушылар тарапынан екі жақты мазмұнды пікіралмасу болды. Жиын соңында академик Әділ Ахмет оқу орнының кітапхана қорына өз еңбектерін табыстады.

Даму күні аясында «Қыран» зияткерлік дебат клубының жартылай финалы өтті. Іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен магистранттар жартылай финалда «Мемлекеттік қызметшілерге саяси партияларға мүше болуына тыйым салу керек» тақырыбында ой жарыстырып, пікір таластырды.

Пікірталас қорытындысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құрамасы басым түсіп, финалға жолдама алды. Ойыншыларға сәттілік тілейміз.

 

 

Барлығы
20
Ақпан
Қытай Ұлттық басқару академиясының Қытай делегациясымен кездесу

Академия ректоры Ерлан Әбіл Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Чжан Сяоның қатысуымен Ұлттық академияның вице-президенті Се Чуньтао және Қытай Ұлттық басқару академиясының өкілдерімен кездесу өткізді.

​            Кездесу барысында қос тарап бір-бірінің негізгі қызмет бағыттарымен таныстырып, ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және тәжірбиелерімен алмасуға дайын екендіктерін білдірді.

Айта кетсек, Қытайдың ұлттық басқару академиясы Қытайдың Орта және жоғары мемлекеттік қызметкерлерін оқыту мен дамытуда шешуші рөл атқарады.

Барлығы
16
Ақпан
Мемлекеттік қызметшілер БАӘ-де көшбасшылық бойынша оқудан өтеді

Қазақстандық мемлекеттік қызметшілер Біріккен Араб Әмірліктерінде көшбасшылық бойынша білімін жетілдіретін болады.

13 ақпанда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Дүниежүзілік үкіметтік саммиті аясында Біріккен Араб Әмірліктерінің лауазымды тұлғаларымен екіжақты кездесулер өткізді. Соның нәтижесінде мемлекеттік басқаруды трансформациялау саласындағы тәжірибе алмасу бойынша сегіз үкіметаралық бағыттың бірі «Әлеуетті арттыру және көшбасшылық» аясында алғашқы «Басқарушылардың көшбасшылық бағдарламасы» іске қосылды.
Бағдарлама бойынша оқыту биыл наурыз айынан басталады. Оқуға 30 мемлекеттік қызметші қатысады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар аталған бағыт аясында мемлекеттік қызметшілер үшін «Executive Leaders Program», «Future Leaders Program», «Youth Leaders Program» атты үш бағдарлама бойынша тегін онлайн оқыту жүргізіледі.

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өкілдері кіретін екі елдің фокус-топтары толық дайындық жұмыстарын жүргізді, оның ішінде оқу бағдарламасы мен тәртібі қарастырылды. Мәселен, Академия мүдделі тараптармен бірлесіп оқытудың басым бағыттары мен тақырыптарының тізбесін әзірледі. Бұл басымдықтар мен тақырыптар әлемдік тәжірибені, БАӘ-ден ұсыныстарды және Академияда бар оқыту модульдерін ескере отырып қалыптастырылған.

Сондай-ақ бағдарламаларда ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында және БАӘ-де бір апталық оқу өткізу қарастырылған.

Кездесу соңында тараптар мемлекеттік қызметшілерге арналған бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асырудағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді.

 

 

Барлығы
14
Ақпан
ИДЕЯЛАР ФАБРИКАСЫ жобасы қайта басталады

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Идеялар фабрикасы» жобасы қайта басталады.

Жоба аясында өтетін талқылауларға мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар өкілдері, сарапшылар мен ғалымдар қатысып, мемлекеттік басқаруда оң нәтижелерге көрсетуге мүмкіндік беретін шешімдер әзірленеді.

«Идеялар фабрикасы» – мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мақсатында Академия базасында құрылған идеялар алаңы. Онда Мемлекет басшысы назар аударған міндеттер ескеріліп, нақты нәтижелерге бағытталған жаңа идеялар талқыланады. Сондықтан идеялар алаңы «Мемлекеттік қызмет: жылдам жеңістер» ұранын басшылыққа алады.

Кездесу шешімдер жылдам қабылдануы үшін сарапшылардың ашық диалогы форматында өтеді.

Идеялар фабрикасына Сіз де қосылыңыз, маңызды шешімдерді дер кезінде қабылдайық!

Барлығы
14
Ақпан
«Сөйле, Сурет» көрмесі – Академияда!

Академияның 30 жылдық мерейтойы аясында танымал суретші Аңсаған Мұстафаның «Сөйле, Сурет» атты жеке көрмесі ашылды.

Академия ректоры Ерлан Әбіл суретшіні көрменің ашылуымен құттықтап, алдағы уақытта шығармашылық жұмыстарына табыс тіледі. Өз сөзінде суретші туындыларының идеялогиясымен, шығу тарихымен бөлісті.

Аңсаған Мұстафаның «Сөйле, Сурет» көрмесі Академия тыңдаушыларына, магистранттары мен докторанттарына ой салып, қоғамдағы өзекті мәселелерге жаңа қырынан көрсете білді.

Әлеуметтік проблемаларға салынған суреттері, интернетте түрік, жапон, грузин, корей, ағылшын, португал және басқа да тілдерге аударылып, кеңінен тараған.

Айта кетсек, 2014 жылы әлеуметтік тақырыптарға салынған суреттер топтамасы «Сөйле, Сурет» деген атаумен алғаш рет Астанада қойылды. Бүгінгі күнге дейін Қазақстанда, шетелдерде 100-ден астам рет көрмеге қойылса, соның 40-қа жуығы дербес көрме ретінде көпшілік назарына ұсынылған.

Суретшінің шығармашылығы Корея, Италия, Бразилия, Панама, Мексика, Украина, Түркия, Приштина, Иран, Коста-Рика, Колумбия, Буенос-Айрес, Аргентина, Франция, Америка, Палермо, Ұлыбритания елдерінде өткен көрмелерде жұртшылық назарына ұсынылған.

Барлығы
06
Ақпан
Сайлау процесін ұйымдастырудың негіздері

Академияда «Қазақстан Республикасында сайлау процесін ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздері» тақырыбында екі күндік оқыту курсы өтті. Курсқа әр өңірден жаңадан қабылданған 66 сайлау ұйымдастырушысы қатысты.

Оқыту курсы сайлауды ұйымдастырушылардың кәсіби құзыреттерін арттыру мақсатында өтті. Оқу барысында тыңдаушылар Қазақстандағы сайлау құқығы мен процесінің негіздерімен танысты, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының сайлау науқанындағы жұмыс дағдыларын игерді, нормативтік актілермен және әдістемелік материалдармен жұмыс істеуді меңгерді.

Сонымен қатар саяси партиялармен, бақылаушылармен, БАҚ өкілдерімен және сайлау процесінің өзге де қатысушыларымен коммуникация орнатудың әдістері мен дағдыларын үйренді.

Курсты сәтті аяқтаған  қатысушыларға сертификат табысталды.

 

 

Барлығы
05
Ақпан
Креативті индустриялар бойынша тренингтер басталды

Бүгін Академияда Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму Бағдарламасы мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен креативті индустриялар бойынша тренингтер басталды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында таланттарды тартатын шығармашылық индустрияның орталықтары әрбір облыс орталығында, әрбір ірі қалада болуға тиіс екенін баса айтты. Президенттің тапсырмасы аясында Мемлекеттік басқару академиясында жаңа оқу жылынан бастап мемлекеттік қызметшілердің креативті индустрия саласында біліктілігін арттыру курстары басталды.

Алдағы үш күнде Қазақстанның әр өңірінен келген әкімдік басқармаларының басшылары шығармашылық дағдыларды меңгеріп, креативті бизнестің экономиканың дамуына қоса алатын үлесін зерттейді.  Тыңдаушылар осы уақыт аралығында өзара тәжірибе алмасады және нетворкинг орнатады.

«Алдағы семинарлар мен талқылаулар креативті индустриялар мен өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық прогрестің кеңеюі үшін қолда бар қолдау шараларын бейімдеуге және жаңа шараларды енгізуге мүмкіндік береді деп сенеміз. Осы күш-жігер арқылы біз Қазақстанның даму жолында инклюзивтілік және экономикалық даму бағытына белсенді қолдау білдіруге тырысамыз», – деп атап өтті БҰҰДБ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа өз сөзінде.

Барлығы
02
Ақпан
Мемлекеттік басқарудағы ұлттық құндылықтардың орны мен рөлі

Бүгін Академияның 30 жылдық мерейтойы аясында «Даму күнінде» ұйымдастырылған алғашқы кездесудің бүгінгі қонағы –  Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ерлан Құсайын. Ерлан Бейсембайұлы Академияның Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебін 2017 жылы бітірген.

Қонақ дәріс барысында Ерлан Бейсембайұлы мемлекеттік басқарудағы ұлттық құндылықтардың орны мен рөлі жайлы айтты. Ел басқарудағы рухани, әкімшілік негіздер туралы айтып, қазақтың атақты ойшылдарының, мықты тұлғаларының өз кезеңінде жазған нақыл сөздерін қазіргі заманмен сәйкестендіріп жеткізді. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің бойында болуы керек қасиеттер мен міндеттеріне де тоқталды.

«Мемлекеттік қызметшілер қанша тілді білсе де, қай елде білім алса да, қанша жерден дағдыларын арттырса да, жүрегінде ұлттық құндылық болмаса – бәрі бекер. Академия – мемлекеттік қызметшілердің альма-матері, біздің қара шаңырағымыз, сондықтан ешқашан қол үзбеуіміз керек. Үнемі білімізді жетілдіріп отыруымыз қажет. Академиядағы әр уақыттарыңызды, мүмкіндіктеріңізді жіберіп алмаңыздар», – деді Ерлан Бейсембайұлы білім алушыларға.

Ерлан Құсайын Академияны 30 жылдық мерейтойымен құттықтап, білім ордасына алғыс ретінде кітапхана қорына қазақ тіліндегі құнды кітаптарды сыйлады. Мерейтойға орай жыл бойы 30 кітап сыйға тартатынын мәлімдеді.

Кездесу соңында Академия магистранттары мен докторанттары сұрақтарын қойып, өз ойларымен бөлісті.

 

 

Барлығы
31
Қаңтар
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы өкілімен кездесу

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының   жаһандық қатынастар Хатшылығы, Еуразия жөніндегі бөлімінің басшысы Уильям Томпсон дәріс өткізді.

Дәрісте Уильям Томпсон ЭЫДҰ қызметінің негізгі бағыттарын, миссиясы, мандатты және құқықтық аспектілері жайлы айтты. Сондай-ақ Қазақстанның  ұйымдағы рөліне тоқталды.

Атап айтсақ, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы  талдамалық жұмыстарды белсенді жүргізумен қатар өзіне мүше елдер үшін  ұсыныстар әзірлейді.  Сондай-ақ әртүрлі аспектілер бойынша көпжақты келіссөздерді ұйымдастыру, оның ішінде экономикалық және әлеуметтік мәселелерді, сыбайлас жемқорлықпен күресуді, неғұрлым әділ және инклюзивті қоғам құрудың платформасы ретінде әрекет етеді.

Кездесу барысында Академия білім алушылары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, одан әрі нәтижелі ынтымақтастыққа және озық тәжірибелермен алмасуға дайын екендіктерін көрсетті.

 

Барлығы
30
Қаңтар
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА 30 ЖЫЛ

Биыл Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының құрылғанына – 30 жыл.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 29 тамыздағы №1845 қаулысымен елімізде Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебі құрылды. Оқу орны мемлекеттің стратегиялық мақсаттарын іске асыруға қабілетті отандық басқарушыларды даярлау мақсатында ашылған. 2000 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы Алматыдан Астана қаласына қоныс аударды.

30 жылдың ішінде Академия магистратура және докторантура бойынша 3 мыңнан аса түлекке сапалы білім берді. Бір жылда Академияда және өңірлердегі филиалдарда 40 мыңнан аса тыңдаушы кәсіби біліктілігін арттырады, соның 26 мыңы – мемлекеттік қызметшілер. Тарихы тереңде жатқан оқу ордасы осы жылдар аралығында мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру және бәсекеге қабілетін арттыру жолында ауқымды жұмыс атқарды.

2024 жыл Академия үшін ерекше болмақ. Жыл бойы мерейтой аясында бірқатар мәдени, ғылыми, әлеуметтік іс-шаралар өткізіледі. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттімен бірлесе отырып HR Форум және Академиялық конференция өткізу жоспарланған. Мерейтойлық арнайы басылымдар мен деректі фильм жарыққа шығады.

Осы және өзге де бастамалар мемлекеттік қызметшілердің білім алуына әрі құзыреттіліктерінің дамуына жағдай туғызу үшін іске асырылады.

Академия қызметкерлерін, түлектерін, білім алушыларын, серіктестерін мерейтой аясында жыл бойы өтетін шараларға белсенді түрде атсалысуға шақырамыз.

Барлығы
30
Қаңтар
Академияның құрметті профессоры

Бүгін Академияда Басқару институтының профессоры Алтай Болтайханұлы Зейнелғабдинге «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының құрметті профессоры» атағы берілді.

Экономика ғылымдарының докторы, профессор Алтай Болтайханұлы Зейнелғабдин Академияда 2017 жылдан бастап еңбек етеді. Ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі 27 жылдан асады.

Сондай-ақ бүгін Алтай Болтайханұлы Астана қаласы әкімі Жеңіс Махмудұлы Қасымбектің, қалалық мәслихат төрағасы Ерлан Ермекұлы Каналимовтың және қоғамдық кеңесінің төрағасы Зулфухар Сұлтанұлы Ғайыповтың Алғыс хаттарымен марапатталды.

Профессор мемлекеттік қызметшілердің кәсіптік білім беру саласындағы елдің стратегиялық бағыттарын іске асыруға атсалысты. Сонымен қатар жаңа технологиялық және басқарушылық шешімдерді, цифрлық білім беру ресурстарын қолдана отырып, кәсіптік мемлекеттік аппаратты жаңғырту жүйесіне инновациялық әдістерді енгізуге белсенді қатысып келеді.

Алтай Болтайханұлын 75 жас мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз! Зор денсаулық, күш-қуат, ұзақ ғұмыр тілейміз!

Барлығы
26
Қаңтар
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне түсіндірмелер

2024 жылдың 26 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органының Әдеп жөніндегі комиссиясы отырысында дебюрократизация, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және Әдеп секторының бас ғылыми қызметкері Шарафат Тасболатқызы Шаяхметова «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне түсіндірмелер (қолдану үшін ұсынымдар)» тақырыбында ғылыми жұмысын таныстырды.

Түсіндірмелерді Академия Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп бағалаудың екі циклінің қорытындылары бойынша берілген ГРЕКОНЫҢ ұсынымдары бойынша Қазақстан міндеттемелерін, сондай-ақ 2022 жылғы Мемлекеттік қызметтің жай-күйі туралы Ұлттық баяндамада қойылған ҚР МҚІА перспективалық міндеттерін орындау шеңберінде әзірледі.

Бұл түсіндірмелердің мақсаты Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын біркелкі түсіндіру мен қолдануды қамтамасыз ету болып табылады.

Түсіндірменің мазмұнында Әдеп кодексінің нормалары, мемлекеттік қызметкерлердің этикалық мінез-құлық қағидалары мен стандарттары туралы тармақтары бойынша түсініктемелер берілген.

Презентацияны талқылау қорытындысы бойынша Комиссия ұсынылған түсіндірмелерді мақұлдау және оларды мемлекеттік қызметшілер мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық бөлімшелерінің Әдеп жөніндегі кеңестерінің мүшелеріне жеткізу туралы шешім қабылданды.

Барлығы

Your browser does not support SVGs