Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілердің алдында мемлекеттің стратегиялық бағдарламалық құжаттарын, оның ішінде «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасында көзделген іс-шараларды тиімді және сапалы іске асыру міндеті тұр.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Цифрлық мемлекеттік қызметшілер» қашықтықтан оқыту курсын әзірледі.
Аталған курстың нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметшілер қызмет тиімділігін арттыру үшін IT саласындағы заңнамамен, eGov.kz электронды үкіметінің мүмкіндіктерімен жақынырақ танысады, ақпараттық қауіпсіздік негіздерін зерттейді, сандық құралдармен жұмыс жасауды үйренеді.
Курс мемлекеттік қызметшілердің 3 санатына арналған:
- құрылымдық бөлімшелердің басшылары;
- орындаушылар;
- мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың цифрландыру бойынша салалық мамандары
Курс 5-тен 17 минутқа дейін созылатын бірнеше бейне дәрістерден тұрады.
Әр бөлімнен кейін өткен материал бойынша тест тапсыруыңыз қажет.
Курстың соңында сертификат берілмейді.
Курсқа жазылу үшін тіркелуіңіз керек. Тіркелгеннен кейін Moodle платформасына арналған Сіздің логин бен пароліңіз көрсетілген электрондық пошта мекен-жайына жіберіледі. Қосымша ақпарат алу үшін a.sadvakasova@apa.kz электрондық поштаға хабарласыңыз.