Академияда Басқару институтының докторанты Әсет Сәдуақасовтың 8D04113 – «Мемлекеттік басқару» білім беру бағдарламасы бойынша доктор дәрежесін алу үшін дайындалған «Мемлекеттік басқарудағы норма шығармашылықты трансформациялау» тақырыбындағы диссертациясы қорғалды.
Қазақстан Республикасында норма шығармашылығын жетілдіру мәселелері бүгінгі таңда аса өзекті. Норма шығармашылығы процесінің өзі күрделі, көп сатылы болып табылады, оған НҚА әзірлеу, келісу, талқылау, сараптау, бекіту, сондай-ақ жариялау кіреді. Ал нәтиженің сапасы, яғни нормативтік құқықтық акт әр кезеңнің тиімділігіне байланысты.
Ізденуші Әсет Бағдатұлы зерттеу жұмысының мақсаты ретінде норма шығармашылығы сатысын жетілдіру және құқық үстемдігі қағидаттарын енгізу бойынша ғылыми-практикалық ұсынымдар әзірлеуді қойды. Диссертацияда норма шығармашылығының арнайы және жүйе құраушы қағидаттары негізделгенін, осы қағидаттар енгізілуі мүмкін құқықтық актілер анықталғанын, НҚА жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу бойынша ұсынымдар қалыптастырылғанын атап өткіміз келеді.
Түлегіміз Әсет Сәдуақасовты және ғылыми кеңесшілері Еркін Дүсіповты және Сағайдулла Куставлетовты құттықтаймыз. Диссертациялық Кеңестің атынан ресми рецензенттер Сәулен Нұржан, Сманова Ақмарал, диссертацияның уақытша мүшелері Темербеков Әлібек, Жақсылықова Әсемгүл және тұрақты мүшелерге алғысымызды білдіреміз.